Анықтамалық АҚпар-кітапшасы петропавл, 020 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет12/46
Дата11.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#141997
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
SKUguide kaz

www.nkzu.kz
(сілтеме) сайтында, «Білім беру» бөлімінде және ҚР БжҒМ Болон процесі 
Орталығы мен академиялық ұтқырлық сайтында орналастырылған ББ 
реестрінде орналастырылған. 
Жоғары оқу орны дамыған материалдық-техникалық базамен қамтылған. 
Бүгінгі таңда біздің университетте қашықтықтан оқыту технологиясы 
қолданыла отырып жүзеге асырылатын студенттерге сырттай оқыту формасы 
жүргізіледі. Қазіргі уақытта барлық факультеттер мен тіл және әдебиет 
институтында Сіздердің зияткерлік дағдыларыңызды дамытуға және кәсіби 
құзіреттіліктеріңізді белсенді түрде қалыптастыруға мүмкіндік беретін 
электронды 
анықтамалық 
жүйелер, 
шынайы-виртуалды 
зертханалар, 
мультимедиялық лингафондық кабинеттер жабдықталған, компьютерлік 
сыныптар, мамандандырылған зертханалар және басқа көптеген алуан түрлі 
бақылаушы және білім беру бағдарламалары белсенді түрде пайдалады. 
Білім 
алушылардың 
практикасының 
барлық 
түрлері 
облыстың 
кәсіпорындарымен, ұйымдары және мекемелерімен жасалған келісімшарттар 
негізінде ұйымдастырылады. Сондай-ақ, практика базалары ретінде жоғары оқу 
орнының ғылыми зертханалары қолданылады. Оқу практикалары «Мирас» оқу-
өндірістік кешенінде және арнайы полигондары бар қала сыртындағы 
Агробиостанцияда жүргізіледі.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да мемлекеттік тілде кадр даярлау 
мәселелеріне баса назар аударылады. Университеттегі оқу үдерісі қазақ 
тіліндегі білімді қалыптастыруға және оны дамытуға бағытталған.
Үштілді білім беруді және үш тілді меңгерген жаңа форматтағы 
мамандарды даярлауды енгізу мақсатында бакалавриат пен магистратураның 
бірқатар топтарындағы білім алушыларды үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) 
оқыту жүргізілуде.


13 
Университетте Сіздің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға арналған 
жағдай жасалған. Жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік өзін-өзі басқару, 
Қазақстан студенттері Альянсының бөлімшесі, ойын-сауық және спорттық 
бірлестіктер, КТА жұмыс істейді. Ғылыми конференциялар, семинарлар, 
олимпиадалар, байқаулар өткізіледі, ғылыми журналдар баспадан басылады, 
студенттік газеттер, телебағдарламалар шығарылады. 
Ғылыми және қоғамдық қызметке белсене араласатын оқу озаттарына 
Президенттік шәкіртақы тағайындалады. Білім алушылардың қызығушылығын 
ынталандыру және олардың оқу, ғылыми және қоғамдық қызметтеріндегі 
жетістіктерін қолдау үшін 2011 жылдан бастап академик М.Қозыбаев атындағы 
грант және ректордың гранты тағайындалады. 
М.Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушылардың академиялық ұтқырлығын 
дамыту және университетке дәріс оқу үшін шетел ғалымдарын тарту 
мақсатында алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен қарым-
қатынас жасайды. 
Университетте 
http://www.nkzu.kz
мекен-жайы бойынша білім беру 
порталы жұмыс істейді, оның негізгі мақсаты университеттің оқу үдерісіндегі, 
басқарушылығы, әлеуметтік және тәрбие жұмысындағы істердің өзекті 
жағдайлары мен оның даму бағыттары туралы студенттердің, оқытушыларыны 
және аймақ жұртшылығының хабардар болуын арттыру болып табылады . 
Порталда Сіз білім алушының анықтамалық ақпар-кітапшасымен, 
академиялық күнтізбемен, оқу сабақтарының кестесімен, элективтік пәндер 
каталогымен, өз біліміңіздің рейтингілік бағалану нәтижелерімен, оқу 
жетістіктеріңіздің жеке нәтижелерімен танысып, курстық немесе дипломдық 
жұмыстың тақырыптарын таңдай аласыз. Сіз үшін оқытушылардың әдістемелік 
парақшалары, олардың жетістіктері қолжетімді, сіз оқу үдерісін жетілдіру 
бойынша өз тілектеріңізді және ұсыныстарыңызды білдіре аласыз, 
компьютерлік сыныптардың бос еместігі туралы ақпарат ала аласыз, өткізілетін 
конференциялар, семинарлар туралы, мақала жариялау мүмкіндіктері туралы 
біле аласыз, академиялық ұтқырлық аясында білім алу бойынша ұсыныс ала 
аласыз, ректордың гранты мен академик М.Қозыбаев грантын алу жайлы, 
студенттік шәкіртақы мен Тұңғыш Президент Қоры шәкіртақысының 
тағайындалу туралы ережелермен таныса аласыз. Сондай-ақ, мұнда оқу пәндері 
бойынша тестілеуден өтуге, үлгерім бойыша сараптау нәтижелерін білуге, 
психологиялық консультация алуға және жаз мезгілінде жұмысқа орналасу 
мүмкіндіктері жайлы білуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет