Анықтамалық АҚпар-кітапшасы петропавл, 020 мазмұНЫ


ЕМТИХАНДАРДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата11.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#141997
түріАнықтамалық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Байланысты:
SKUguide kaz

ЕМТИХАНДАРДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ 
 
Емтихан барысында білім алушы пәннің силлабусын және анықтамалық 
әдебиеттерді пайдалана алады.
Білім алушыларға емтихан тапсыру үшін тілді таңдау (қазақ, орыс, шет 
тілі) құқығы беріледі. Оқыту тілінен айырмашылығы бар тілде емтихан 
тапсыруға тілек білдірген білім алушылар сессия басталуынан кемінде 1 ай 
бұрын факультет деканының атына жазбаша өтініш білдіреді. 
Егер білім алушы емтиханға келмесе, онда эксперт емтихан 
тізімдемесіндегі оның тегіне қарама-қарсы тұсына «келмеді» деп жазады. Білім 
алушының емтиханға келмеуінің белгілі бір себептері болған жағдайда ол 
факультет деканының атына өзінің емтиханға келмеу себептерін растайтын 
құжаттарын ұсына отырып, емтихан тапсыру қажеттілігі туралы өтініш жазады. 
Факультет деканы сессия аяқталған соң білім алушының аталмыш емтиханды 
жеке тапсыруы туралы бұйрық шығарады, бұл жағдайда емтихан тапсыру 
формасы сақталады.
Емтиханға келгенде білім алушының өзімен бірге студенттік билеті болуы 
тиіс.
Емтиханда «FX» әріптік жүйеге сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» 
бағасын алған білім алушылардың оқу пәнін/модулін қайталап оқу 
қажеттілігінсіз емтиханды бір рет ақылы түрде қайта тапсыру мүмкіндігі бар. 
Аталмыш 
аттестатау 
кезеңінде 
қорытынды 
бақылау 
бойынша 
қанағаттанарлық дұрыс бағаны оны жоғарылату мақсатында қайта тапсыруға 
рұқсат берілмейді. Қанағаттанарлықсыз бағасын қанағаттанарлық дұрыс бағаға 
қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңде немесе жазғы 
семестрде осы пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасында қарастырылған оқу 
сабақтарының барлық түріне қайта қатысады, емтиханға жіберілу рейтингісін 
алып, қорытынды бақылауды тапсырады. Осы жағдайда білім алушы оқу 
пәніне тіркелу процедурасынан қайта өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет