Анықтамалық АҚпар-кітапшасы петропавл, 020 мазмұНЫ


ЕМТИХАНДЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ



Pdf көрінісі
бет20/46
Дата11.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#141997
түріАнықтамалық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
Байланысты:
SKUguide kaz

 
ЕМТИХАНДЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ 
 
Емтихан бойынша бағалау нәтижелерімен келіспейтін білім алушының 
аппеляцияға өтініш жасау құқығы бар. Пән бойынша жазбаша немесе 
шығармашылық емтиханның, кәсіби практика бойынша есепті қорғау, курстық 
жұмысты (жобаны) қорғау, ҒЗЖ/ТЗЖ бойынша есепті қорғау нәтижелерімен 
келіспейтін білім алушы электронды емтихан тізімдемесі толтырылған күннен 
кейінгі жұмыс күнінің 13:00-нен кешіктірмей апелляция комиссиясының 
төрағасының атына өтініш жазады. Төтенше жағдай тәртібі және/ немесе 
карантин тәртібі жағдайының кезеңінде өтініш электронды емтихан тізімдемесі 
толтырылған күннен кейінгі жұмыс күнінің 18:00-нен кешіктірілмей жазылады. 


24 
Білім алушының пән бойынша жазбаша немесе шығармашылық емтиханның 
нәтижелерін апелляциялау, кәсіби практика бойынша есепті қорғау туралы 
мерзімінен кешіктірілген өтініші СҚКТО тарапынан қабылданбайды және 
апелляция комиссиясымен қарастырылмайды.
Емтихан нәтижелерін апелляциялау туралы өтінішінде білім алушы 
апелляцияны өткізудің негізділігін және қажеттілігін анықтайды. Білім 
алушының емтихан апелляция қажеттілігіне негіздемесі көрсетілмеген емтихан 
нәтижесін апелляциялау туралы өтініші апелляция комиссиясы тарапынан 
қабылданбайды және қарастырылмайды.
Апелляциялау комиссиясы апелляцияға өтініш берген күнінен келесі 
жұмыс күнінің 17.00-ге дейінгі мерзімінен кешіктірмей бағалау талаптарын 
басшылыққа ала отырып, білім алушының емтихан жұмысын қарастырады 
және білім алушының апелляция туралы өтінішінің қанағаттандырылғандығы 
немесе қанағаттандырылмағандығы жөніндегі шешімін шығарады.
Апелляциялау комиссиясының шешімі хаттаманың көшірмесі түрінде 
ресімделеді және комиссия отырысы болған күні білім алушының апелляцияға 
берген өтінішінде көрсетілген электронды мекен-жайына жіберіледі, сондай-ақ 
апелляция қанағаттандырылған жағдайда қорытынды бағаны қою үшін 
СҚКТО-ға ұсынылады. 
Егер білім алушының жазуы түсініксіз орындалған жағдайда оның 
жазбаша 
түрдегі 
аралық 
аттестация 
нәтижелерін 
апелляциялау 
қарастырылмайды. 
Компьютерлік тестілеу түріндегі емтихан нәтижесімен келіспейтін білім 
алушының емтихан нәтижелерін апелляциялау туралы СҚКТО-ға факультет 
деканының атына тек емтихан тапсырған күні ғана өтініш беру құқығы бар. 
Компьютерлік тестілеу түрінде тапсырылатын емтиханды апелляциялау 
нәтижелері Апелляциялық комиссияға қарастырылуға өткізіледі және 
апелляция хаттамасымен бірге СҚКТО-ға жіберіледі.
СҚКТО тарапынан апелляциялық комиссия хаттамасының көшірмесі 
негізінде негізгі емтихан тізімдемесіне қоса тігілетін білім алушының жеке 
емтихан тізімдемесі (жолдамасын) құрастырылады.
Апелляциялық комиссия жұмысының қорытындысы негізінде қойылған 
баға бойынша апелляциялық комиссияның шешімі соңғы (үзілді-кесілді) болып 
есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет