Анықтамалық АҚпар-кітапшасы петропавл, 020 мазмұНЫ


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚУ ПӘНДЕРІНЕ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет16/46
Дата11.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#141997
түріАнықтамалық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
SKUguide kaz

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ОҚУ ПӘНДЕРІНЕ ТІРКЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
ЖЕКЕ ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Университетте оқуды бастамас бұрын, эдвайзермен консультация 
барысында алғашқы оқу жылына арналған білім беру траекториясы анықталып, 
жеке оқу жоспары қалыптастырылады. Жеке оқу жоспарлары әзірленеді және 
бекітіледі: ағымдағы оқу жылы қабылданған білім алушылар үшін 10 
қыркүйекке дейінгі мерзімде, 2-5 курстың білім алушылары үшін 30 сәуірге 
дейінгі мерзімде, пәндерді және/ немесе кәсіби практиканы жазғы семестрде 
меңгеретін 2-5 курстың білім алушылары үшін 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде. 
Сіз пәндерді жалпы білім беру, базалық және кәсіби циклдар тізімінен 
таңдасайсыз, әрбір циклдың пәндері міндетті және элективті болып бөлінеді. 
Сіз эдвайзердің көмегімен тіркеу парағын толтырасыз, онда Сіз туралы 
ақпарат, білім беру бағдарламасы, таңдау бойынша пәндердің (ұсынылған және 
балама) кредиттер бойынша тізімдемесі мен еңбек сыйымдылығы, әр пән 
бойынша оқытушылардың тегі көрсетіледі. 
Тіркеу парағын толтыру барысында білім беру бағдарламасымен 
қарастырылатын кредиттер көлеміндегі пәндерді оқуға жазылуыңыз қажет. 
Университет сайтының білім алушыларға бөлімінде құжаттармен танысуыңыз 
тиіс. 
Жеке оқу жоспарына сіз, эдвайзер қол қояды және факультет деканымен 
бекітіледі. Жеке оқу жоспарының бір данасы сізге беріледі. Жеке оқу жоспары 
бекітілгеннен кейін өзгертулерге жол берілмейді. 
Егер сіз белгіленген уақытта тіркелмеген және өз жеке оқу жоспарыңызды 
қалыптастырмаған болсаңыз, онда оқытудың негізі болып аталмыш курстың 
жұмыс оқу жоспары қабылданады, бұл жағдайда таңдау бойынша пәндер 
кафедра шешіміне қарай анықталады. 
Ағымдағы оқу жылы қабылданған білім алушылар үшін оқу пәндеріне 
қайта тіркеу процедурасы 1-5 қыркүйек аралығында, 2-5 курстың білім 
алушылары үшін 1-15 сәуір аралығында, пәндерді және/ немесе кәсіби 


17 
практиканы жазғы семестрде меңгеретін 2-5 курстың білім алушылары үшін 25-
30 тамыз аралығында жүргізіледі.
Пәнді таңдау және оларға жазылуы негізінде білім алушының оқу жылына 
арналған жеке оқу жоспары (ЖОЖ) қалыптастырылады.
Білім алушылардың ЖОЖ-дары факультет деканымен үш данада 
бекітіледі: біреуі деканатта сақталады және білім алушының ББ-н орындау 
және меңгеруін бақылауды жүзеге асыру үшін негізгі құжат қызметін атқарады, 
екіншісі аралық аттестаттауды ұйымдастыру үшін СТҚКО-ға жіберіледі, 
үшіншісі білім алушыға табысталады.
Жеке оқу жоспарлары әзірленеді және бекітіледі: ағымдағы оқу жылы 
қабылданған білім алушылар үшін 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде, 2-5 курстың 
білім алушылары үшін 30 сәуірге дейінгі мерзімде, пәндерді және/ немесе 
кәсіби практиканы жазғы семестрде меңгеретін 2-5 курстың білім алушылары 
үшін 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде. 
Білім алушының жеке оқу жоспарын деканмен бекіту процедураларынан 
кейін өзгертулерге жол берілмейді.
Егер білім алушы белгіленген уақытта оқу пәндерін таңдауды жүзеге 
асырмаған және өз жеке оқу жоспарын қалыптастырмаған жағдайда оқытудың 
негізі болып аталмыш курстың жұмыс оқу жоспары қабылданады, бұл 
жағдайда таңдау бойынша пәндер факультет деканымен анықталады.
Төтенше жағдай тәртібі және/ немесе карантин тәртібі кезінде білім 
алушылардың жеке оқу жоспарларымен таныстырылуы, сонымен қатар бітіру 
топтары білім алушыларының дипломдарындағы ақпаратты верификациялау 
(салыстыру) ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдана 
отырып, «Электронды ректорат» жүйесінде қашықтықтан қолжетімді түрінде 
қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет