Анықтамалық АҚпар-кітапшасы петропавл, 020 мазмұНЫ


СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет24/46
Дата11.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#141997
түріАнықтамалық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
SKUguide kaz

СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ 
 
Студенттерге қызмет көрсету және оларды тіркеу орталығы 
 
3 корпус, 341 аудитория 
 
2 корпус, фойе 
+7 (7152) 493252 
 
АУЫСУ, ҚАЙТА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНУ, ОҚУДАН ШЫҒАРЫЛУ ЖӘНЕ 
АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС АЛУ 
Білім алушының ауысу, қайта оқуға қабылдану, оқудан шығу және 
академиялық демалыс алу құқықтары бар. 
Білім алушы бір оқу бағдарламасынан екінші оқу бағдарламасына, бір оқу 
түрінен екінші оқу түріне, бір жоғары оқу орнынан екінші ожоғары оқу орнына, 
ақылы оқу түрінен білім беру грантына және керісінше, курстан курсқа ауыса 
алады.
Ауысу рәсімі демалыс кезеңінде ғана жүзеге асырылады. 


29 
Ауысу білім алушының М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма төрағасы-
Ректор атына СҚКжТО-ға өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Білім алушы басқа жоғары оқу орнына ауысу кезінде М.Қозыбаев 
атындағы СҚУ Басқарма төрағасы - Ректор атына СҚКжТО-ға кезекті 
академиялық кезеңнің (семестр) басталуына 5 күн қалғанға дейін өтініш 
жазады, оған ресімделген кету парағы мен ауысатын жоғары оқу орнының 
келісімі тіркеледі.
Басқа жоғары оқу орнынан М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға ауысқан білім 
алушы СҚКжТО-ға кезекті академиялық кезеңнің (семестр) басталуына 5 күн 
қалғанға дейін өтініш жазады.
Ақылы оқу түрінен білім беру грантына ауысу туралы өтінішті білім 
алушы конкурс негізінде
СҚКжТО-ға жазғы демалыс кезінде шілденің 30-на 
дейін, ал қысқы демалыс кезінде – қаңтардың 10-на дейін жазады. 
Бір оқу бағдарламасынан екінші оқу бағдарламасына ауысу кезінде білм 
алушы СҚКжТО-ға кезекті академиялық кезеңнің (семестр) басталуына 5 күн 
қалғанға дейін өтініш жазады.
Кеш жазылған ауысу туралы өтініштерді СҚКжТО қабылдамайды және 
қарастырмайды.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» 
(«Серпін – 2050») жобасы аясында және квота арқылы педагогика 
мамандықтарына түскен студенттер басқа жоғары оқу орындарына ақылы түрде 
ауысады. 
Білім алушы басқа жоғары оқу орнынан ауысқанда М.Қозыбаев атындағы 
СҚУ оның дайындық, білім беру бағдарламасының бағытын, оқу жетістіктерін, 
сонымен қатар, білім алушының академиялық адалдықты бұзу жағдайларын 
есеспке алады.
Білім алушы транскриптке сәйкес бірінші академиялық кезеңі толық 
аяқталған, яғни, 30 академиялық кредит саны немесе 900 академиялық сағат 
игерілген жағдайда М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға ауыса алады. 
Басқа жоғары оқу орнынан М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға ауысқысы 
келген білім алушының академиялық қарызы 16 кредиттен аспауы немесе 
транскрипте немесе академиялық анықтамада 3-тен артық F, FX бағасы 
болмауы тиіс.
Академиялық қарызы немесе 5 кредиттен артық академиялық 
айымашылығы бар білім алушы басқа жоғары оқу орнынан бітіруші курсқа 
қабылданбайды.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнының білім 
беру бағдарламсы топтарының білім алушылары басқа білім беру 
бағдарламаларына ҰБТ-ның бекітілген ұпайынан төмен емес ұпайы бар 
сертификаты болған жағдайда ауыса алады. Шетел жоғары оқу орындарынан 


30 
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға ауысу тиісті білім беру деңгейі, білім беру 
саласы, 
қабылдау 
жылы 
және/немесе 
ұлттық 
және/немесе 
шетел 
аккредитацияланған 
органдардың 
халықаралық 
мамандандырылған 
аккредитациясы бар, білім беру саласы жөніндегі экономикалық 
ынтымақтастық 
және 
дамыту 
Ұйымының 
мүше-мемлекеттерінің 
аккредитацияланған органдарының тізімі және/немесе ассоциацияларына 
енгізілген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Білім алушылар ақылы оқудан білім беру грантына ҚР БжҒМ 
нормативтік талаптары бойынша бос огранттар болған ағдайда конкурс 
негізінде ауыса алады.
Курстан курсқа ауысу М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма төрағасы-
Ректорының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Курстан курсқа ауысу 
туралы 
бұйрықтар 
факультет 
декандарының 
ұсыныстары 
негізінде 
шығарылады. Алғашқы бұйрық жазғы сессия қорытындысы бойынша шілде 
айында шығарылады. Екінші бұйрық жазғы сессия қорытындысы бойынша 
тамыздың 25-не дейін шығарылады.
Барлық білім беру бағдарламалары бойынша, білім беру саласындағы 
6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) 
бағдарламасынан басқа, курстан курсқа ауысу үшін жеке оқу жоспарының 
толық орындалуы, оқу ақысын төлеу бойынша қаржылық қарыздың жоқтығы 
негізге алынады. 16 академиялық кредиттен артық академиялық қарызы бар 
білім алушылар курстан курсқа ауыса алмайды.
Білім беру саласындағы 6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік 
қамтамасыз ету (медицина) бағдарламасы бойынша курстан курсқа ауысу үшін
жеке оқу жоспарының толық орындалуы, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да 
бекітілген оқу жетістігінің орташа ұпай (GPA) жиыңтығы және оқу ақысын 
төлеу бойынша қаржылық қарыздың жоқтығы негізге алынады. 16 
академиялық кредиттен артық академиялық қарызы бар білім алушылар 
курстан курсқа ауыса алмайды. 
5 кредиттен артық академиялық қарызы бар білім алушы бітіруші курсқа 
ауыса алмайды.
Ақылы түрде оқитын қаржылық қарызы бар білім алушы курстан курсқа 
ауыса алмайды.
Келесі курсқа ауыспаған білім алушы қайталау курсына қалдырылады 
немесе академиялық қарызы үшін оқудан шығарылады. 
Қайталау курсына ресімделу үшін білім алушы тамыздың 25-сіне дейін 
М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма төрағасы-Ректоры атына СҚКжТО-ға 
өтініш жазады. Оның негізінде қайталау курсында оқу туралы бұйырық 
шығарылады.
Қайталау курсында оқуға өтініш жазбаған білім алушы академиялық 
қарызы үшін М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма төрағасы-Ректорының 


31 
бұйрығымен тамыздың 26-сына дейін факультет деканының ұсынысы 
бойынша оқудан шығарылады.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да білім беру саласындағы 6В10 Денсаулық 
сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) бағдарламасы бойынша 
курстан курсқа ауысу үшін оқу жетістігінің орташа ұпайы (GPA) : 
2 курсқа – 2,5 төмен емес;
3 курсқа – 2,7
төмен емес;
4 курсқа – 2,9
төмен емес;
5 курсқа – 3,0
төмен емес.
Қайталау курсына қалдырылған білім беру грантының иегерлері гранттан 
айырылады, ақылы түрде оқуын жалғастырады. 
Білім алушы жұмыс оқу жоспарындағы академиялық айырмашылықты 
тапсырған соң бір оқу бағдарламасынан екінші оқу бағдарламасына, бір оқу 
түрінен екінші оқу түріне, бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына 
қайта оқуға қабылдана алады, алғашқы академиялық кезеңді аяқтамаған, яғни, 
30 академиялық кредитті игермегендерден басқа.
Оқудан шығарылған білім алушы М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға кез 
келген жағдайда қайта оқуға қабылдана алады.
Қорытынды аттестациялауға келмеген немесе «қанағаттанарлықсыз»
(F, 
Fx) баға алған және оқудан шығарылған білім алушы бір жылдан соң ББ типтік
оқу жоспары бойынша бітіруші курсқа қайта оқуға қабылдана алады. 18 
академиялық кредиттен аспаған академиялық айырмашылығы болған жағдайда 
білім алушы соңғы академиялық кезеңге қайта оқуға қабылдана алады. 
Академиялық айырмашылық болмаса, білім алушы қорытынды аттестациялауға 
қайта жіберіледі.
Оқуға қайта қабылдау рәсімі демалыс уақытында ғана жүргізіледі.
Оқуға қайта қабылдау М.Қозыбаев атындағы СҚУ Басқарма төрағасы-
Ректоры атына СҚКжТО-ға өтініш жазу негізінде жүзеге асырылады.
Оқуға қайта қабылдану кезінде білім алушы СҚКжТО-ға кезекті 
академиялық кезеңнің басталуына 5 күн қалғанша дейін өтініш жазуы тиіс.
Кеш жазылған оқуға қайта қабылдау туралы өтініштерді СҚКжТО 
қабылдамайды және қарастырмайды.
Оқу ақысын төлемеген үшін оқудан шығарылған ақылы түрде оқитын 
білім алушы, оқу ақысын төлеген соң, оқудан шығарылған күннен бастап 4 
апта ішінде қайта оқуға қабылдана алады. Оқуға қайта қабылдану М.Қозыбаев 
атындағы СҚУ Басқарма төрағасы-Ректоры атына СҚКжТО-ға өтініш жазу 
негізінде жүзеге асырылады.
Оқудан шығарылған күннен төр апта өткенсоң оқуға қайта қабылдау 
туралы өтініштерді СҚКжТО қабылдамайды және қарастырмайды. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет