№
|
Мамандық атауы
|
Біліктілік атауы
|
|
0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру»
|
0101013 мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі
|
|
0105000 «Бастауыш білім беру»
|
0105013 бастауыш білім беру мұғалімі
|
|
0105000 «Бастауыш білім беру»
|
0105033 шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі
|
|
0111000 «Негізгі орта білім беру»
|
0111013 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
|
|
0111000 «Негізгі орта білім беру»
|
0111023 орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
|
|
0111000 «Негізгі орта білім беру»
|
0111083 шетел тілі мұғалімі
|
|
0111000 «Негізгі орта білім беру»
|
0111063 математика мұғалімі
|
|
0111000 «Негізгі орта білім беру»
|
0111073 физика мұғалімі
|
|
0111000 «Негізгі орта білім беру»
|
0111093 информатика мұғалімі
|
|
0103000 «Дене шынықтыру және спорт»
|
0103023 дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі
|
|
0201000 «Құқықтану»
|
0201023 Заңгер-кеңесші
|
|
0512000 «Аударма ісі»
|
0512023 гид-аудармашы
|
|
0501000 «Әлеуметтік жұмыс»
|
0501013 әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман
|
|
0501000 «Әлеуметтік жұмыс»
|
0501023 тұрғындарды әлеуметтік қорғау ұйымдарындағы маман
|
|
0518000 «Есеп және аудит»
|
0518033 экономист-есепші
|
|
0519000 «Экономика»
|
0519023 экономист
|
|
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама»
|
1304043 техник-бағдарламашы
|
|
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама»
|
1304053 ақпаратты сақтау бойынша техник (бұл біліктілік бойынша дайындық жүргізілмейді)
|
|
1305000 «Ақпараттық жүйелер»
|
1305033 техник
| Колледж мамандықтары мен біліктіліктері
Колледж тарихы
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі – студенттердің, педагогтардың, қызмет берушілердің және басқа да мүдделі тараптардың қызығушылығына жұмыс жасайтын заманауи инфрақұрылым мен ашық ақпараттық орта және маңызды білім беру жүйесі бар білім беру мекемесі.
«Болашақ» атауы – маңызды білім алушы студенттердің әрі үнемі даму мен шығармашылық ізденісте жүретін ұжымның болашаққа талпынысын білдіреді.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 2000 жылғы 10 қаңтарынан құрылтайшы келісімі негізінде 1999 жылғы 7 маусымынан Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2000 жылы құрылып, № 0039719 Мемлекеттік лицензиясы негізінде білім беру қызметін атқарады.
Колледждің негізін салушы – заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылыми Академиясының, Халықаралық Кадрлік Академияның, әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент – мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері - Дулатбеков Нурлан Орынбасарович.
Колледждің 16 жылдық жұмыс тәжірибесінде студенттер контингенті 12 есеге артты: 2000 жылғы – 106 адамнан 2016 – 1265 адамға дейін өсті.
Осы жылдар ішінде колледж түрлі бағыттардағы 6147 орта буын маманын даярлап шығарды. Қазіргі таңда колледж 11 мамандық және 19 біліктілік бойынша м амандар даярлауда..
Колледждің ұдайы дамушы инфрақұрылымы бар: екі оқу корпусы, «Батыр» спорт кешені, спорт алаңы, асхана, Интернет – зал.
Колледжде облыстық жоба аясында «Колледж жағдайында үштілді білім беруді жүзеге асырудағы педагогикалық дайындықты қалыптастыру» жобасы іске асуда.
Колледж жетістіктерінің айқын дәлелдері:
-«Алтын рейтингі» - Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының арасындағы «Сала көшбасшысы» номинациясы
-«Алтын рейтингі» - Қарағанды облысы кәсіпорындарының арасындағы «Өсу қарқыны» номинациясы, сонымен қатар «Білім беру мақтанышы 2016» дәрежесі.
Соңғы бес жыл ішінде, 2012-ден 2016 ж. дейін колледж студенттері әртүрлі байқаулар, жарыстар және конференцияларға қатысып, 128 мәрте жеңіске жеткен.
.
ДИРЕКТОР
экономика ғылымдарының кандидаты, Мамраева Гайни Баймагамбетовна
Колледж әкімшілігі
ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ
оқу ісі бойынша – Ишанкулова Райхан Мукановна
оқу-өндірістік ісі бойынша –Даулетбаева Салтанат Кусмановна
ғылыми-әдістемелік ісі бойынша – Капанова Ирина Хамзеевна
тәрбие ісі бойынша – Акмокашева Жулдыз Нураловна
ақпараттық-технология ісі бойынша – Нургалиев Нұржан Кусаинович
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІЛЕРІ
Шетел тілі және бастауыш білім – Азбаева Сауле Тектурмасовна
Құқық , әлеуметтік жүйе және АЖ – Есим Жадыра Есимовна
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту – Кулмагамбетова Бахыт Мухамеджановна
Негізгі білім беру, дене тәрбиесі және спорт – Туганбаева Алмаш Кайыржановна
Сырттай оқу бөлімі – Табарикова Рахима Табариковна
Бас есепші – Таласпекова Жанна Уахитовна
Кадр бөлімінің басшысы– Байдаулетова Данара Сайрановна
Кітапхана меңгерушісі– Бейсекина Айтбала Бейсекеевна
Шаруашылық меңгерушісі – Смаилов Қазбек Балкенович
Ең алдымен нені білу керек
Студенттік билетті жоғалтқан жағдайда көшірмесі оқу бөлімінде жасалады.
Колледжде оқу сабақтары оқу процессінің кестесіне сәйкес өткізіледі.
Сабақ кестесі бір семестрге құрылады және бірінші қабатта ілінеді.
Колледждегі сабақ мектептегі сабақтардан біршама бөлек. Оқу қосарланып өткізіледі, барлық сабақтарға 45 минут ұзақтылығымен академиялық сағат орнатылады, яғни ол 2 академиялық сағатты құрайды. Әр пардың соңында 5, 10, 20 минут ұзақтылығымен үзіліс болады.
Сынақ және емтихан, курстық жұмыс, тәжірибе және т.б туралы мәліметті Интернет залда орналасқан электронды анықтамалық-сілтемесінен таба аласыз.
Оқу процесінің кестесі колледж сайтында және екінші қабаттағы стендта жазылған. Кесте бойынша сессия, демалыс және тәжірибе уақытын білуге болады.
Студенттердің құқықтары мен міндеттері
СТУДЕНТ ҚҰҚЫЛЫ:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
ақылы негізде өзінің бейімділіктері және қажеттіліктеріне сәйкес қосымша білім алуға;
Колледжді басқаруға қатысуға;
Бір оқу орнынан екінші оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа, ақылы оқудан мемлекеттік тапсырысқа және бір оқу формасынан басқа оқу формасына ауысуға және қайта қабылдануға;
Информатикалық ресурстарды тегін қолдану, кітаптармен, оқу-әдістемелік кешенімен, оқу-әдістемелік кітаптармен қамтылуға;
Спорт, оқу, акт залдарымен, компьютер сыныптарын және кітапхананы тегін қолдануға;
Пікірлері мен ойларын еркін білдіруге;
Адамдық қасиетін сыйлауға;
Оқудағы табыстарына, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын мадақталуына және мақтануына;
жергілікті өкілдік орындар шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдік алуға;
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әскери қызметке шақыртуды кейінге шегертуге;
Оқудан бос уақытта жұмыс пен оқуды қатар алып жүруге;
Білім алушы медициналық көрсеткіштері бойынша немесе басқа да дәлелді жағдайларда академиялық демалыс алуға құқылы.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттерге Қазақстан Республикасы Үкіметімен орнатылған тәртіпте мемлекеттік шәкіртақы төленеді. Студенттерге Құрылтайшының шешімі бойынша атаулы шәкіртақылар төленуі мүмкін.
Құқықтар мен міндеттер колледждің негізгі құжаты – колледж Жарлығында түсіндірілген.
Студенттерді оқу үрдісінен бөлуге рұқсат етілмейді.
Студент міндетті
1.Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес тәжірибелік дағды, құзыреттілік, біліктілік пен білімді игеру, ішкі тәртіп ережесін сақтау, колледждің Жарғысы және білім беру қызметі туралы шартпен қарастырылған басқа да талаптарды орындауға;
2. Өз денсаулығына қамқор болуға, рухани және дене күшін жетілдіруге талпынуға;
3. Колледжде орнатылған киім үлгісін сақтауға;
4. Колледж дәстүрлерін, педагогтардың абыройы мен арын құрметтеуге;
Студент тарапынан міндеттер бұзылған жағдайда, оларға Колледж Жарғысымен және ішкі тәртіп ережесімен қарастырылған тәртіптік жазалар қолдануы мүмкін, немесе білім беру қызметі туралы келісімшартта қаралған басқа да шаралар қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |