Анықтамалық Қарағанды 2016 ж


Студенттерді әлеуметтік қолдау



бет7/10
Дата26.08.2017
өлшемі0,9 Mb.
#28717
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Студенттерді әлеуметтік қолдау


Студенттерді әлеуметтік қолдау. Колледж әр түрлі санаттағы студенттерге қолдау көрсетеді. Ақылы бөлімде оқитын оқу озаттары үшін, жетімдер үшін, мүгедектер мен қамқоршысы бар студенттер үшін оқуға төлем 10% пайыздық жеңілдіктер қарастырылған.

Студенттерде қаржылық қиындықтар пайда болғанда, әкімшілік студенттің жеке өтініші бойынша төлемді кешіктіріп төлеуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер үкіметтің барлық әлеуметтік төлемдері мен жеңілдіктерін алады:


  • жетім студенттер – шәкіртақы, киім, тегін ыстық тамақ, жол ақысының өтемақы, әлеуметтік жол жүру билеті;

  • қамқорлықтағы студенттер – 30% үстемеақымен шәкіртақы, тегін ыстық тамақ, жол ақысының өтемақысы, әлеуметтік жол жүру билеті;

  • көру бойынша мүгедек студенттер шәкіртақыға 75% үстемақы.


Студенттердің тәрбие жұмысы


Колледж жастарының жан-жақты жетілуіне көмектесу мақсатында оның руханилығын, мәденилігін, білімділігі мен кәсіби тәрбиесін қалыптастыруға «Жігер» жастар алқалық кеңесі (ЖАК) құрылды.

Жастар алқалық кеңесі өзінің ұйымдық құрылымында келесі негізгі бағыттар бар:



  1. Жас кәсіпкерлер клубы

  2. Дебат клубы

  3. Еріктілер клубы

  4. Көңіл тапқырлар клубы

  5. Зияткерлер клубы

  6. Блогерлер клубы

  7. «Салауатты өмір салты» клубы

  8. Форум-театр клубы

  9. «Ұлан» әскери-патриоттық клубы

  10. «Серпін» клубы

Сіздің кезкелген клубқа қатысуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін ЖАК координаторы – Абильденова Шынар Манатовнаға жүгініңіз.

КОЛЛЕДЖДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ




Үйірмелер :

  • Вокалды - хор

  • Домбыра

  • Хореографиялық

  • КТК

  • Клуб


Спорт секциялары:

  • Баскетбол

  • Волейбол

  • Футбол

  • Үстел теннисі

  • Тоғызқұмалақ


  • Үйірмелер мен секцияларға қатысу тегін. Кестесі кіре беріс стендте жазылған.
    Шахмат, дойбы


Медициналық қызмет

Әрбір студенттің колледжде медициналық қызмет алуға құқысы бар. Медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жабдықталған медициналық кабинет қызмет атқарады. Ол спорт кешенінің екінші қабатында орналасқан.

Жыл сайын 18 жасқа дейінгі жастағы барлық оқушылар «Мерей» МФ ЖШС мамандарының медициналық қарауынан өтеді. Жоспарлы екпелер жасалады. Сонымен қатар, жылына бір рет жылжымалы зертхана ұйымдастырылып, колледж оқушылары мен қызметкерлері үшін тегін флюрографиялық тексеріс өткізіледі. 18 жасқа дейінгі студенттерге келесіде тегін емделумен тіс дәрігерлерінен тексеріс өту ұйымдастырылады. Жатақханада тұратын студенттер Қарағанды қаласының «Мерей» клиникасында тегін тексеріс өту мүмкіндігі бар.

Психологиялық қызмет


Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, жиі жабырқаулы күйде жүрсеңіз, ата–анаңызбен, достарыңызбен қарым–қатынаста қиындықтар болса психологқа қаралуға кеңес береміз, сіз өзіңіздің ішкі қиындықтарыңыздың жауабын табасыз.

Психолог кабинеті спорт кешенінің екінші қабатында, 202 кабинетте орналасқан. Психолог, тек сенбі және жексенбі күндерінен басқа уақытта сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, күн сайын, жұмыс атқарады.



Кітапхана


Сіздің қарамағыңызда кітапхана жұмыс істейді және сіз мынадай құқыққа иесіз:

  1. кітаптар мен оқулықтарды тегін қолдануға

  2. ақпарат көздерін таңдауда және іздеуде көмек алуға;

  3. «Ирбис» электронды каталогының деректеріне сүйенуге.

Үйге әдебиет беру абонементпен жүзеге асырылады.

Үйге соңғы немесе жалғыз дана, сондай-ақ «Міндетті дана» деген мөртаңбасы бар дана берілмейді.



Алу құқысыз әдебиеттермен оқу залында қолдануға болады.
Кәмелетке толмаған оқырмандар кітап жоғалтқан жағдайда кітапқа олардың ата-аналары немесе оларға жауаптылар жауап береді.

Басылымның бүлінуіне немесе жоғалуына жауапты оқырмандар оларды осындай басылымдармен ауыстырады немесе олардың нақты нарықтық соммасын төлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет