ғана емес, қазақ тарихында өзіндік шежіресі бар жерлер. Бұл жерлердің тарихы
туралы көптеген тарихшы ғалымдар, археологтар өз еңбектерінде жазып өтті. Сол
еңбектердің барлығында қазіргі Кеңгірдің бойындағы Жезқазған, Ұлытау, Жезді
аймақтарында қолөнер кәсібі мен кен қорыту ісі, металлургия өңдіру істері жазылған.
Бұл еңбектерді жазып көрсетуде кенді аймақтың ежелгі кеніштерін зерттеген археолог
Ә.Марғұлан, академик Қ.Сәтбаевтың сіңірген еңбектері зор. Жоғарыдағы Жезқазған,
Ұлытау, Жезді аймақтарындағы ежелгі қоныстар мен өңдіріс ошақтардың, түсті
металлургия кеніштерінің қола, сақ, орта ғасырлар дәуірлерін қамтып айтқанда, 1
жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты А.Ермолаева бастаған, Ә.Марғұлан
академиясы, Челябі ғылыми орталығының ғылыми қызметкері И.А. Русанов жүзеге
асырған. Зерттеу маусымының негізгі ерекшелігі – Талдысай қонысынан табылған мыс
балқыту пештерінің тәжірибелік көшірмесін жасап, жұмыс барысының толық бір
циклын жүргізу болған. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі қоныстарының бірі –Талдысай
кешені ежелгі өңдіріс орталығы ғана емес, ата-бабаларымыздың құтты мекені. Бұл
Келесі темір дәуірі адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді дүниеге
әкелген жаңа кезең. Темірдің алғаш өндіріліп, өндіріске ене бастаған бастапқы кезең
темір дәуірі. Ертедегі темір қарапайым тәсілмен, пеш-көрікпен өндірілген. Темір
дәуіріндегі метал өндірісін айтқанда, Қаңлылар жеріндегі метал өндірісі, әсіресе темір
ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамығандығын көреміз. Метал өндірісінің орталығы
Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Осы аймақтағы тауларда сол
ерте заманда-ақ алтын, күміс, темір, басқа да металл өндіру және оларды өңдеу кәсібі
дамыды. Ежелгі Құлата қаласының орнынан табылған қазба бұйымдары бұл жерде
металл өңдеудің ірі орталығы болғандығын аңғартады. Бұл орталық кезінде 50
гектардай жерді алып жатқан.
Кенді балқыту, байыту үшін дөңгелек және төрт бұрышты пештер пайдаланылды.
Пештер кен өндіретін орындарға жақын орналастырылған. Металл өңдеу арнайы
шеберханаларда жүргізілді. Онда қанжар, семсер, жебе ұштары, сауыт т.б. қару-
жарақтар соғылған. Ат әбзелдері, кетпен, орақ, балта т.б. құрал-саймандар жасалып,
сырға, алқа, білезік, сақина, жүзік сияқты әшекей бұйымдар көптеп дайындалған.
Сүйектен пышақ, қанжар мен семсерге қын жасалған. Белбеулер ою-өрнекті металл
және сүйек қаптырмамен әсем безендірілген. Мақалада:
«Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып,
адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ
жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ
Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің
ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына
бастады.
Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың
жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған
металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің
тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының
бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан
қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді»[1].
Достарыңызбен бөлісу: