Анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану Баймағамбетов Ерлан Русланұлы



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата23.07.2020
өлшемі444,1 Kb.
#75533
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5
Байланысты:
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты

5. Түркі әлемінің бесігі 

Түрік  атауы    алғаш  542  жылы  Қытай  деректерінен    белгілі.  Келесі  бір  жорамал 

бойынша «түрк» сөзі мықты, күшті деген мағынаны білдірді. Еуразия даласында түркі 

тілдес  халықтар  үстемдік  еткен  кезеңі  VI-XIII  ғасыр  аралығын  қамтиды.  Түркі 

дәуіріндегі  Ұлы Дала өркениеті жайлы деректер орта ғасырларда  өмір  сүрген тарихи 

тұлғалардың  әл-Фараби,  Махмұд  Қашқари,  Жүсіп  Баласағұн  т.б  ғұламалардың 

деректерінен, көптеген шетел саяхатшылары мен ғалымдарының деректерінен белгілі. 

Орта ғасырлық кезең рухани және  материалдық мәдениетің жетістікттеріне бай кезең 

«руна  жазуы»,  «Күлтегін»  мен  «Тоныкөк»  жазбалары,  «Қорқыт  ата»  кітабы  мен 

«Оғызнама»  дастаны  және  т.б  айтуға  болады.  Қала  мен  дала  мәдениетінің  өзара 

байланысы жоғары деңгейге жеткен, себебін  Ұлы жібек жолының маңызының өсуінен 

көреміз, тағы  айтсақ көлемі 30 гектардан асатын қалалар – Испиджаб, Отырар, Сауран 

қала мәдениетінің жетістігін көрсетіп тұр. Осындай Ұлы Дала төсіндегі темір дәуірінен 

кейінгі жаңа кезең Түркі дәуірі жетістікке толы болды.  

Мақалада:  «Қазақтардың  және  Еуразияның  басқа  да  халықтарының  тарихында 

Алтайдың  алар  орны  ерекше.  Осынау  асқар  таулар  ғасырлар  бойы  Қазақстан  жерінің 

тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І 

мыңжылдығының  орта  шенінде  Түркі  дүниесі  пайда  болып,  Ұлы  дала  төсінде  жаңа 

кезең басталды. 



Тарих  пен  география  түркі  мемлекеттері  мен  ұлы  көшпенділер  империялары 

сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы 

бірін-бірі  алмастырып,  орта  ғасырдағы  Қазақстанның  экономикалық,  саяси  және 

мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. 

Орасан  зор  кеңістікті  игере  білген  түркілер  ұлан-ғайыр  далада  көшпелі  және 

отырықшы  өркениеттің  өзіндік  өрнегін  қалыптастырып,  өнер  мен  ғылымның  және 

әлемдік  сауданың  орталығына  айналған  ортағасырлық  қалалардың  гүлденуіне  жол 

ашты.  Мәселен,  орта  ғасырдағы  Отырар  қаласы  әлемдік  өркениеттің  ұлы 

ойшылдарының  бірі  –  Әбу  Насыр  әл-Фарабиді  дүниеге  әкелсе,  түркі  халықтарының 

рухани  көшбасшыларының  бірі  Қожа  Ахмет  Ясауи  Түркістан  қаласында  өмір  сүріп, 

ілім таратқан.» 

6. Ұлы Жібек жолы 

Ұлы Жібек жолы бүкіл адам ағзасын қоректендіруші қан жүйесіне ұксас жұмыс 

істеді. Себебі ол бүкіл Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына 

мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. 

Еліміздің  географиялық  тұрғыдан  ұтымды,  яғни  Еуразия  құрлығының  кіндігінде 

орналасуы  ежелден  әртүрлі  мемлекеттер  мен  өркениеттер  арасында  транзиттік 

«дәліздердің»  пайда  болуына  септігін  тигізді.  Біздің  дәуірімізден  бастап  бұл  құрлық 

жолдары  Үлкен  Еуразияның  Шығысы  мен  Батысы,  Солтүстігі  мен  Оңтүстігі 

арасындағы  сауда  және  мәдениет  саласындағы  байланыстардың  трансконтинентальды 

желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. 

Бұл  жол  халықтар  арасындағы  жаһандық  өзара  тауар  айналымы  мен  зияткерлік 

ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. 

Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала 

халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері 

саналды. Дала белдеуі  Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян 

өркениеттерін байланыстырды. 

Алғаш  пайда  болған  сәттен  бастап,  Ұлы  Жібек  жолы  картасы,  негізінен,  Түрік 

империяларының  аумағын  қамтыды.  Орталық  Еуразияда  түркілер  үстемдік  құрған 

кезеңде  Ұлы  Жібек  жолы  гүлдену  шегіне  жетіп,  халықаралық  ауқымда  экономиканы 

өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді. 



7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны 

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми 

тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл 

өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма 

атаулының  арғы  атасы  –  Сиверс  алмасының  отаны  саналады.  Дәл  осы  тұқым  ең  көп 

таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық 

бір  түрі.  Ол  Қазақстан  аумағындағы  Іле  Алатауы  баурайынан  Ұлы  Жібек  жолының 

көне  бағыты  арқылы  алғашқыда  Жерорта    теңізіне,  кейіннен  бүкіл  әлемге  таралған. 

Осы  танымал  жемістің  терең  тарихының  символы  ретінде  еліміздің  оңтүстігіндегі  ең 

әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. 

Қазақстан  аумағындағы  Шу,  Іле  тауларының  етегінен  әлі  күнге  дейін  жергілікті 

өсімдіктер  әлемінің  жауһары  саналатын  Регель  қызғалдақтарын  бастапқы  күйінде 

кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі 

мен  шөлейт  даланың  түйісер  тұсында  пайда  болған.  Қазақ  топырағындағы  осынау 

қарапайым,  сондай-ақ  ерекше  гүлдер  өз  әдемілігімен  көптеген  халықтың  жүрегін 

жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. 

Бүгінде  жер  жүзінде  қызғалдақтың  3  мыңнан  астам  түрі  бар,  олардың  басым 

көпшілігі  –  біздің  дала  қызғалдағының  «ұрпағы».  Қазір  Қазақстанда  қызғалдақтың  35 

түрі өседі.  



Ең  аяғы,  Сиверс  алмасы  мен  Регель  қызғалдағының  тарихи  Отаны  Қазақстан 

екенін  дәлелдейді.  Қазақ  халқының  өмір  сүру  дағдысы,  тұрмысы,  салт-дәстүрі  жайлы 

білу, соны сақтап кейінгіге үйрету ұрпақтарының парызы.  

Осы  күнге  дейін  жылқыны  алғаш  қолға  үйреткен  Украина  жеріндегі  байырғы 

халық деген пікір қалыптасқан. Сондай-ақ, қызғалдақтың Отаны Қазақстан екенін әлем 

халқы  білмеді.  Осы  айтылған  деректер  біріншіден,  жылқыны  алғаш  қолға  үйреткен 

біздің  бабаларымыз  екенін  археологиялық  қазбаларға  сүйене  отырып  дәлелдеді, 

екіншіден алма мен қызғалдықтың Отаны – Қазақстан екенін әлемге мойындатты.   

Бабаларымыздан  мұра  болып  жеткен  мәдени  қазыналарымызды  жас  ұрпақтың 

санасына сіңіру – тарихшы-педагогтардың басты міндеті. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1.  Назарбаев Н.Ә. Ұлы даланың жеті қыры. – Almaty aqshamy, №133. 2018. 

2.  Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 2-том 

3.  Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. 2017. 

4.  Джандосова З.А. Қазақстан тарихы 10. – Алматы: Мектеп, 2019. 256 б. 

5.  Садықов  Т.С.,  Төлеубаев  Ә.Т.,  Халидуллин  Ғ.,  Сәрсекеев  Б.  6.  –  Алматы:  Атамұра, 

2011. 176 б.  

6.  Жолдасбеков С., Бабаев Д. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7. – Алматы: Атамұра, 



2003. 227 б.  

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет