Локальды оқу материалдары – магниттік лентадағы аудио және бейнежазбалар, тасымалдағыштардағы (дискеттер, қатты және лазерлік дисктер) ақпараттар.
Модуль-білім алушылардың алған білімдері, біліктері, дағдылары, құзыреттілігі және бағалаудың барабар критерийлері бар білім беру бағдарламасының дербес, оқыту нәтижелері тұрғысынан аяқталған құрылымдық элементі.
|
Модульдік оқыту-білім беру бағдарламасын, оқу жоспарын және оқу пәндерін модульдік құру негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілі.
|
Міндетті компонент – студенттердің оқу бағдарламасының барысында міндетті түрде оқитын пәндері.
|
Негізгі білім беру бағдарламасы (Major) (мажор) - білім алушыларға негізгі құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында анықталған білім беру бағдарламасы.
|
Оқу жоспары (Curriculum) – білім деңгейіне сәйкес оқу пәндерінің көлемі мен санын реттейтін негізгі құжат.
|
Оқу пәніне жазылу – білім беруші ұйым бекіткен тәртіп бойынша білім алушылардың алдын-ала оқу пәндеріне жазылуы.
|
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – курс бойынша оқу әдістемелік материалдары және пәндердің бағдарламасы енгізілген басылым түрі.
|
Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы (ОЖБӨЖ) (Office Hours) – кестеде көрсетілген уақыт бойынша білім алушының оқытушы жетекшілігімен орындайтын жұмысы.
|
Онлайндық технологиялар (on-line) – желілік ақпараттық кеңістіктегі коммуникация құралдары. Бұл шынайы уақыт кезіндегі ақпараттардың синхронды алмасуын көрсетеді.
|
|