Қарағанды Бөкетов университетінің миссиясы: заманауи сапа стандарттарын, үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі үлгісін, ғылыми зерттеулерді іске асыру, ғылыми, педагогикалық, кәсіби-тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеушілік іскерлігі бар жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау арқылы көпсалалы классикалық білім саласындағы аймақтық көшбасшылықты сақтап қалу болып табылады.
Қарағанды Бөкетов университетінің жетістіктері: Соңғы жылдары Қарағанды Бөкетов университеті БСҚА агенттігінің ҚР ЖОО ұлттық рейтингінің үштігіне кірді. 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін университет University Rankings әлемдік рейтингінде 651-700 әлемдік рейтингке ие болды.
НАОКО агенттігінің жыл сайынғы ұлттық рейтингінде (білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік) ҚР ЖОО арасында даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша университет жетекші орын алады: 2019 жылы – 92 бағдарлама, 2020 жылы-118 жүлделі орын.
Университет БСҚА агенттігінде институционалдық аккредитацияға ие болды.
Университет бакалавриатының, магистратурасы мен докторантурасының барлық 130 білім беру бағдарламасы халықаралық және ұлттық аккредиттациялаудан өтті.
2006 жылдан бастап халықаралық стандартына сәйкес ISO – 9001: 2015 сапа менеджмент жүйесі енгізілді және әрекет етеді. SGS швейцария компаниясы Қарағанды Бөкетов университеті серіктесі болып табылады.
Биология, құқықтану, туризм, менеджмент, шет тілі сияқты дайындық бағыттары бойынша бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары: екі шет тілі ACQUIN сертификаттау, аккредиттациялау және сапаны қамтамасыз ету институтының халықаралық аккредитациясына ие. (Германия).
Қарағанды Бөкетов университетін халықаралық білім беру ұйымдарымен жемісті ынтымақтастықта және келесі қауымдастықтарға мүше болып табылады:
- Еуропалық университет қауымдастығы (2014 ж. қазан айынан бастап);
- Азия аймағындағы халықаралық білім беру бағдарламасы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Университеті (ШЫҰ);
- Еуропалық магистрлік бағдарламасының халықаралық консорциумы (EMTM);
- Еуразиялық Университеттер Қауымдастығы (EAU);
- Халықаралық Университеттер Президенттері Қауымдастығы (IAUP);
- Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясы (IHEAS, ХЖМҒА);
- Ұлы Университеттер Хартиясы (Magna Charta Universitatum);
- Экономикалық зерттеулер және білім беру консорциумы (EERC);
- Халықаралық экономикалық білім беру жөніндегі жобаның (B&EE) мүшесі болып табылады.