Интерактивті электронды немесе мультимедиялық курс (оқулық) – осы курс бойынша және навигация жүйесімен қамтамасыз етілген ақпараттық технологияның барлық түрлері, яғни мультимедиа, гипермәтін енгізілген оқу материалы.
Интернет (Internet) – компьютер желісінің жаһандық жүйесі.
|
Интранет (Intranet) – Internet стандарттарын, хаттамаларын және технологияларын қолданатын корпоративті желі.
|
Компьютерлік анимация – түрлі динамикалық визуалды эффектілерді қолдануға негізделген динамикалық графика (қозғалмалы суреттер, ерекшеленген түс, т.с.с.); дисплей экранында қозғалыс иллюзиясын тудыратын динамикалық бейнелердің синтезі.
|
Контент(ақпараттық толықтыру) – мәтіндер, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық толықтырулар. Ақпараттық толықтырудың елеулі көрсеткіші болып оның көлемі, маңыздылығы және релеванттылығы табылады.
|
Конференция, пікірталас топтары – пікірталас енгізу және жаңалықтармен бөлісуге ұйымдастырылған қолданушылардың желілік форумы.
|
Кредит (Credit, Credit – hour) – білім берушінің / оқытушының оқу жұмысы көлемінің унифицирленген өлшем бірлігі.
|
Қашықтықтан білім беру технологиясы – оқуды ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қашықтықтан қолданумен жүзеге асыру немесе білім алушы мен педагогтың жартылай қашықтықтан өзара әрекет етуін жүзеге асыру.
|
Қашықтықтан оқытудың автоматтандырылған ілестірмесініңәкімшісі – ЭЕМ-ге арналған «Факел – 2» қашықтықтан оқытуды автоматтандырылған ілестірме» бағдарламасының мәліметтер базасын толықтыруды және оның қызмет етуін бақылауды жүзеге асыратын маман.
|
|