8.1. Университеттің оқу сабақтары белгілі тәртіппен бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кесте бойынша өткізіледі.
8.2. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын бөлмелерде оқу сабағының қалыпты барысы үшін қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталғаннан кейін дәрісханаға кіру және дәрісханадан шығу оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
8.3. Практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар өткізу үшін әрбір курс топтарға бөлінеді. Топ құрамы факультет деканының өкімімен белгіленеді.
8.4. Әрбір топта анағұрлым үлгеруші және тәртіпті студенттер қатарынан староста тағайындалады. Топ старостасы тікелей факультет деканына бағынады.
8.5. Топ старостасының қызметіне мыналар кіреді:
студенттердің оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуының жеке есебі;
дәріс барысында және басқа да сабақтарда топтағы оқу тәртібінің сақталуын, сонымен қоса оқу жабдықтарының ұқыпты пайдаланылуын қадағалау;