Анықтамалық-КӨрсеткіш қарағанды 2022 мазмұНЫ


Университеттің білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері



бет27/35
Дата12.09.2022
өлшемі3,95 Mb.
#149235
түріАнықтамалық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
АНЫҚТАМАЛЫҚ-КӨРСЕТКІШ

Университеттің білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері



4.1. Білім алушылар: 
1) осы Ережемен танысуға;
2) білім алу барысында өз пікірін еркін білдіруге, ғылыми және оқу ақпаратты және идеяларды еркін алуға және таратуға құқылы. Осы бостандықтарды жүзеге асыру этикалық нормаларды сақтау, сондай-ақ заңмен көзделген, ұлттық қауіпсіздікті, аумақтық тұтастықты немесе қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа тұлғалардың беделін немесе құқықтарын және т.б. қорғауда қажет шектеулер қажеттілігіне ұласады;
3) Академиялық адалдық ережесін бұзғаны жайында негізсіз айыптаудан барлық заңды тәсілдермен қорғалуға құқылы.


4.2. Білім алушылар:

  1. Оқу тапсырмалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында академиялық адалдықты бұлжытпай сақтауға;

  2. дұрыс және сенімді ақпарат көздерін пайдалануға;

  3. студенттің ОӘК және ЖОЖ-бен көзделген жазбаша жұмыстарды (рефераттар, курстық жұмыс, эссе, іс-тәжірибе бойынша есептер, дипломдық жұмыстар, магистрлік және докторлық диссертациялықжұмыстар, ғылыми мақалалар) өз идеялары негізінде басқа адамдардың авторлығы мен идеяларын көрсетумен сапалы орындауға;

  4. бағаланатын жұмыстардың барлық түрін өз бетінше орындауға;

  5. Университеттің Корпоративтік этика кодексінің және Ішкі тәртіп ережесінің нормаларын сақтауға міндетті.



4.3 Университеттің профессор-оқытушылар құрамы:

  1. Білім беру үдерісіне қатысушылардан академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарын сақтауды талап етуге;

  2. білім беру барысында өз пікірін еркін білдіруге, ғылыми ақпаратты және идеяларды еркін алуға және таратуға құқылы. Осы бостандықтарды жүзеге асыру этикалық және корпоративтік нормаларды сақтау, сондай-ақ заңмен көзделген, ұлттық қауіпсіздікті, аумақтық тұтастықты немесе қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа тұлғалардың беделін немесе құқықтарын және т.б. қорғауда қажет шектеулер қажеттілігіне ұласады.

  3. Академиялық адалдық қағидаттарына сәйкестігін анықтау үшін білім алушылардың оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарына (жариялау үшін ұсынылатын рефераттар, курстық жұмыс, эссе, іс-тәжірибе бойынша есептер, дипломдық жұмыстар, магистрлік және докторлық диссертациялық жұмыстар, ғылыми мақалалар) сараптама жасауға құқылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет