Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары



бет20/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126

Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары

(директор, вице-президент)



Лауазымдық міндеттері. Өндірістік саясатты және ұйымның нарықтық экономикалық жағдайда даму бағытын, қызметтегі өндірістің қайта құрылу мен техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, келешекте өндірісті жан-жақты дамыту және мамандандыру деңгейін анықтайды. Өндірістің қажетті деңгей дайындығын және оның тұрақты өсуін, өндіріс тиімділігін арттыру және еңбек өнімділігін, шығындардың (материалдық, қаржы, еңбек) қысқаруын, өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану, шығарылатын өнімдердің қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға және дизайн талаптарына және техникалық эстетикаға, сондай-ақ олардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігіне сәйкес қызметтер немесе жұмыстар, өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған ұйымның бекітілген бизнес-жоспарларына сәйкес ұйымды жетілдіру және қайта құру, өндірістің қоршаған ортаға зиянын келтіруді алдын алу, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қауіпсіздік еңбек жағдайын құру және өндірістің техникалық мәдениетін көтеру бойынша іс-шараларды әзірлеуді басқарады. Техникалық қызметпен бірлесіп, жаңа техникалар мен технологияларды енгізу жоспарларын әзірлеу мен жүзеге асыруды, ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады. Жоба шешімдердің тиімділігін, өндірістің уақытылы және сапалы дайындығын, техникалық пайдалану, жабдықты жетілдіру мен жөндеу, өнімдерді әзірлеу мен өндіру процессінде оның жоғарғы сапасына жетуді қамтамасыз етеді. Заманауи ғылым мен техника жетістігінің, патенттік зерттеулер нәтижелерінің негізінде сондай-ақ озық тәжірибедегі нарықтың конъюнктурасы есебімен шығарылатын өнімдерді, орындалатын жұмыстарды (қызметтерді), техникалар мен технологияларды жетілдіру және жаңарту, түр-түрін және сапасын жақсарту бойынша, өндіріске кешендік механизация құралдарын және технологиялық процесстерді автоматтандыруды енгізу мен жобалау бойынша қағидалы жаңа бәсекеге қабілетті өнімдер түрін жасау, жоғары өндірістік мамандандырылған жабдықтарды сынақтан өткізу және бақылау, бұйымдардың көп еңбек сіңіруді қажет ету нормативтерін және оларды дайындауға арналған материалдар шығындарының нормасын әзірлеу, үнемдеу режимін жүйелі жүзеге асыру және шығындарды қысқарту жұмыстарын ұйымдастырады. Жобалау, конструкторлық және технологиялық тәртіпті сақтауды, еңбекті қорғау бойынша нормаларды және ережелерді, техника қауіпсіздікті, өндірістік тазалық сақтау және өрт қауіпсіздікті, табиғатты қорғау талаптарды, эпидемиологиялық –тазалық сақтау органдарды, сонымен қатар техникалық қадағалауды іске асыратын органдарды бақылауды жүзеге асырады. Техникалық құжаттамаларды (сызбалар, ерекшеліктер, техникалық шарттар, техникалық карталар) уақытында дайындауды қамтамасыз етеді. Ғылыми-зерттеу, жобалау (конструкторлық және технологиялық) ұйымдарымен және жоғарғы оқу орындарымен өндірістің жаңа техникалары мен технологияларын әзірлеуге, ұйымдардың және оның бөлімшелірдің қайта құру жобаларына, жабдықты жетілдіру және жаңартуға, өндірістік процесстерді кешенді механикаландыру және автоматтандыруға, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне шарттар жасайды, олардың әзірленуіне бақылауды жүзеге асырады, тараптар әзірленген ұйымдардың техникалық қайта жарақтандыру жобаларын қарастыруды және енгізуді жүзеге асырады, жабдықты сатып алуға өтінім жасайды. Патенттік-өнертапшылық қызметтің, біріздендіру, өнімдерді стандарттау және сертификаттау, жұмыс орындарын аттестациялау және оңтайландыру, өндірісті механикалық-энергетикалық қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Инженерлік және басқару жұмыстарды орындаудың жаңа техникалық және телекоммуникациялық құралдарды ендіру негізінде еңбек және басқару, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар қолданады. Ғылыми зерттеулерді және эксперименттерді өткізуді, жаңа техникаларды және технологияларды сынақты, сонымен қатар ғылыми–техникалық ақпараттар саласында жұмыс істеуді, озық өндірістік тәжірибені таратуды ұйымдастырады. Енгізілген ғылыми-техникалық шешімдер, оларды патенттеуге, лицензия алу басымдылығын және зияткерлік меншік құқығын қорғау жұмыстарын жүргізеді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқытуды ұйымдастырады және персоналдың дайындығын әрдайым жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымдадың техникалық қызметінің жұмысын басқарады, олардың жұмыстарының нәтижесін, бағынысты бөлімшелерде еңбек және өндірістік тәртіп жағдайын бақылайды. Өндірістік қызметтің нәтижелеріне және тиімділігіне жауапты болады.

Білуге тиіс: ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; экономика және экономикалық қызметтің тиісті түрін дамытудың басымдылық бағытын белгілейтін мемлекеттік билік және басқару органдардың шешімі; ұйымның қызметіне қатысты әдістемелік материалдар; ұйым құрылымының ерекшелігі және мамандануы, бейіні; ұйымның бизнес-жоспары және экономикалық қызмет түрлерінің техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары; ұйымның өндірістік қуаты; ұйымның өнім өндіру технологиясы; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын құру және келісу тәртібі; ұйымды басқару және шаруашылық жүргізу әдістері; шаруашылық және қаржылық шарттарды жасау және орындау тәртібі; экономикалық қызметтің түріне сәйкес ғылыми-техникалық жетістіктер және озат ұйымдардың тәжірибелері; еңбек және басқару, өндірісті ұйымдастыру және экономика, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және ұйым бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымында мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет