Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет68/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126

Зертханашы



Лауазымдық міндеттері. Зертханалық талдауларды, зерттеулерді, өлшеулерді және зерттеулер мен өндеулерді жүргізген кезде жұмыстың басқа түрлерін орындайды. Жұмыстың бекітілген бағдарламаға сәйкес зерттеу процесінде материалдарды жинауға және өндеуге қатысады. Зертханалық жабдықтаудың жұмыс күйін қадағалайды, оның жөндеуін іске асырады. Құрал- жабдықтарды (аспаптарды, аппаратураны) сынақ жасауға дайындайды, оны тексереді және нұсқау мен басқа техникалық құжаттамаға сәйкес қарапайым реттеуін жасайды. Эксперименттерге қатысады, қажетті дайындық пен қосымша операцияларды іске асырады, бақылау жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, жұмыс журналдарын жүргізеді. Бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қажетті жабдықтаумен, материалдармен, реактивтермен және т.б. қамтамасыз етеді. Әдістемелік құжаттарға сәйкес талдаулардың, зерттеулердің, өлшеулердің нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және рәсімдейді, олардың есебін жүргізеді. Орнатылған тапсырмаға сәйкес әдебиеттерден, баяндамалық пен ақпараттық басылымдардан, нормативті-техникалық құжаттамадан мәліметтердің таңдауын жүргізеді. Жүргізілетін зерттеулер мен тәжірибелермен байланысты әр түрлі есептеу мен графикалық жұмыстарды орындайды. Орындалған жұмыстар бойынша техникалық құжаттаманың құрауына және рәсімдеуіне қатысады.

Білуге тиіс: жұмыс тақырыбына қатысты нұсқаулық, нормативтік және анықтамалық материалдар; талдаулар, сынаулар және зерттеулердің басқа түрлерін жүргізу әдістері; әзірленетін техникалық құжаттамаға әрекеттегі стандарттарды және техникалық шарттар, оны рәсімдеу тәртібі; зертханалық жабдықтау, бақылау-өлшеу аппаратурасы және оны пайдалану ережелері; техникалық есептер, есептеу мен графикалық жұмыстарды орындау әдістері мен құралдары; экономика, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру негіздері, есептеу техникасын пайдалану ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе негізгі орта білімі, арнайы оқу және мамандық бойынша жұмыс стажы кемінде 2 жыл болуы тиіс.


Математик



Лауазымдық міндеттері. Ғылыми-техникалық пен өндірістік есептердің шешімдерін математикалық қамтамасыз ету жүйелерін дайындайды. Шешіліп жатқан есептер бойынша ақпаратты зерттейді және талдайды, оның мәнін түсіндіреді, оған математикалық сипаттама береді. Есепті математикалық формаға әкелуін іске асырады. Бағдарламаға және жалпы бағдарламаның құрамына кіретін қосалқы бағдарламаларға техникалық шарттар мен тапсырмаларды дайындайды. Математикалық талдау негізінде есепті тиімдірек тәсілмен шешу мүмкіндігін және әдісін анықтайды. Есептің және оның жеке кезеңдерінің алгоритмін, бағдарламаның логикалық сұлбасын құрайды. Математикалық моделді дайындайды және есепті шығарудың сандық әдісін таңдайды. Басқа ұйымдар дайындаған есептердің шешімдерінің дайын алгоритмдерін пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Есептеу процестерін бірыңғайландыру жұмыстарын орындайды. Есептеу техникасын пайдалану саласын кеңейту жөніндегі, сонымен қатар, есептер шешімдерін математикалық қамтамасыз ету әдістерін жетілдіру бойынша жобалық жұмыстарға қатысады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, ақпаратты өңдеген кезде есептеу техникасын пайдалануға қатысты әдістемелік пен басқа да материалдары; жабдықтаудың техникалық-пайдаланушылық сипаттамалары, құрылымдық ерекшеліктері, тағайындауы және жұмыс режимі, техникалық пайдалану ережелері; есептеу техникасын пайдаланып ақпаратты өндеу технологиясы; ақпаратты техникалық тасымалдауыштар түрлері; есептеп шығару, шифрлар мен кодтар жүйелері; математикалық модельдеу мен есептерді формализациялау, алгоритмдерді әзірлеу, математикалық пен логикалық талдау әдістері; техникалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібі; есептеу техникасын пайдалану озық отандық пен шетелдік тәжірибесі; экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы математик: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және II санаттағы математик лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуға тиіс.

II санаттағы математик: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және санатсыз математик лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуға тиіс.



Математик: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талаптар қойылмайды.

Дене шынықтыру әдіскері
Лауазымдық міндеттері. Қызметкерлердің денсаулықтарын жақсарту, олардың белсенді өмірін ұзарту мақсатымен ұйымда бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыстарын жүргізеді. Қызметкерлер мен олардың жанұя мүшелерін сауықтыруда дене шынықтырудың ролін жоғарылату бойынша, аурулардың алдын алу және денсаулықтарын сақтау бойынша шараларды қабылдайды. Қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің ерекшеліктерін, еңбек шарттарының психофизиологиялық факторларын және жұмыс орындарын ұйымдастыруды зерттейді. Алынған мәліметтер негізінде еңбек пен демалыс режимдерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды, аурулардың алдын алу үшін дене шынықтырудың әр түрлі формалар мен әдістерін пайдалану бойынша нұсқауларды, ұсыныстарды және басқа да әдістемелік материалдарды дайындайды. Сау өмір салтын насихаттау бойынша шараларды дайындайды және іске асырады. Дене шынықтыруды дамыту бойынша шаралардың тиімділігін, соның ішінде, экономикалық тиімділігі анықтауға қатысады, аурулар туралы мәліметтерді және олардың пайда болу себептерін талдайды, қызметкерлердің денсаулықтарын сақтау шарттары регламенттеленетін денсаулық төлқұжаты мен басқа құжаттарды құрайды. Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға және жақсартуға бағытталған мемлекеттік мақсаттық кешендік бағдарламалармен, еңбек ұжымдарының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларымен және ұжымдық келісім шарттарымен қарастырылған дене шынықтыру-сауықтыру шараларды ұйымда енгізуге көмектеседі. Құрылымдық бөлімшелерде дене шынықтыру-сауықтыру мен алдын алу жұмыстарының ең жақсы қойылымына, қызметкерлер мен қызметкерлердің денсаулықтарын сақтау үшін жағдайларды жасауға бағытталған көріністердің, конкурстардың және басқа да шаралардың өткізуін ұйымдастырады. Өндірістік гимнастиканы, дене шынықтыру сабақтарын және спорттың жеке түрлерін, сонымен қатар, кәсіби-қолданбалы дене физикалық дайындығын өткізуін басқару бойынша нұсқаушылық пен тренерлік персоналдың жұмысын бақылайды, әдістемелік басшылықты іске асырады және оларға тәжірибелік көмек көрсетеді. Еңбек шарттарын есепке алып жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіретін жаттығулар кешенін ұсынады, дене шынықтыру-сауықтыру топтарында және спорт секцияларында оқыту-жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтырумен айналысатындар үшін кеңес беруді ұйымдастырады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы мәселелері бойынша әдістемелік материалдар; мемлекетте және ұйымда дене шынықтырудың даму перспективалары мен бағыттары; қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің ерекшеліктерін зерттеу әдістемесі; шығарылатын өнім өндірісінің технологиялық негіздері; еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстың формалары мен әдістері; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; спорт құрылғыларын пайдалану тәртібі; педагогика мен психология негіздері; дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының озық отандық пен шетелдік тәжірибесі; құжаттарды жүргізу және рәсімдеу, сонымен қатар, орнатылған есептілікті құру тәртібін; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілігі) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет