Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет69/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126

Механик (4)


__________________________________

(4 Цехсыз басқару құрылымында – учаске механигі не жөндеу шеберханасы механигі)

Лауазымдық міндеттері. Жабдықтың барлық түрлерінің апатсыз және үздіксіз жұмыс істеуін, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді, оны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуді және жабдықты жөндеуден өткізудің үнемділігін қамтамасыз етеді.Цехтың механикалық жабдығындағы, үй-жайларындағы және ғимараттарындағы қорғау құрылғыларының жай-күйіне және жөндеуге техникалық қадағалауды жүзеге асырады. Жабдықты қараудың, тексерудің және жөндеудің күнтізбелік жоспарларын (кестелерін), орталықтандырылған күрделі жөндеуге арналған, жоспарлы алдын ала және ағымдағы жөндеуге қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, құралдар және т.б. алуға арналған өтінімдер дайындауды, жабдыққа арналған паспорттарды, қосалқы бөлшектерге арналған ерекше нұсқамаларды және басқа техникалық құжаттаманы жасауды ұйымдастырады. Жаңа жабдықты қабылдауға және орнатуға, аттестация бойынша жұмыс жүргізуге және жұмыс орнын толықтыруға, тиімділігі аз жабдықты жетілдіруді және өнімділігі жоғары жабдыққа ауыстыруды, ауыр қол жұмысына және көп еңбек жұмсалатын жұмысқа механизация құралдарын ендіруге қатысады. Жабдықтың барлық түрлерін, сондай-ақ амортизациялық мерзімі өткен және тозығы жетіп ескірген жабдықты есепке алуды, оларды есептен шығаруға құжаттар дайындауды ұйымдастырады. Жабдықтың, жекелеген бөлшектер мен түйіндердің мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау мақсатында, олардың жұмыс талаптарын зерделейді, жабдықтың техникалық жай-күйіне байланысты тұрып қалу себептеріне және ұзақтығына талдау жүргізуді жүзеге асырады. Тораптардың және тетіктердің бөлшектерін жөндеу мен қалпына келтірудің прогрессивтік әдістерін, сондай-ақ жабдықтың қызмет көрсету мерзімін көбейту, олардың тұрып қалуын қысқарту және ауысымдылығын арттыру, апаттар мен өндірістік жарақаттың алдын алу, көп еңбек жұмсалуды және жөндеудің өзіндік құнын төмендету, оның сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және ендіреді. Мемлекеттік қадағалаудың көтеру тетіктерін және басқа объектілерін мемлекеттік қадағалау органдарына ұсыну үшін дайындайды. Майлау-эмульсия шаруашылығын техникалық басқаруды жүзеге асырады, майлау және үйкелеу материалдарының прогрессивтік шығыс нормаларын ендіреді, жұмсалынған майды қайта пайдалануды ұйымдастырады.Цех жабдығының техникалық дәлдігін тексеруге, оны тиімді пайдалануға ықпал ететін жабдықтың оңтайлы жұмыс режимін белгілеуге, техникалық пайдалану, жабдықты майлау және оларды күту, жөндеу жұмысын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуге қатысады.Жабдықты жөндеуге және жетілдіруге қатысты рационализаторлық ұсыныстар мен жаңалықтарды қарайды, олар бойынша қорытынды береді, қабылданған ұсыныстарды ендіруді қамтамасыз етеді.Жабдықты жөндеу және жетілдіру жұмысын орындауды есепке алуды ұйымдастырады, олардың сапасын, сондай-ақ осы мақсатқа жұмсалатын материалдық ресурстардың дұрыс жұмсалуын бақылайды.Жөндеу жұмысын жасау кезінде еңбек қорғау ережелері мен нормаларының, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын бөлімшелерінің жабдықты жөндеуді және оны жұмыс істеу қабілетінің жай-күйін қолдауды жүзеге асыратын қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: Механик өз қызметінің ерекшелігі бойынша: жабдықты, үй-жайларды, ғимараттарды жөндеу жөніндегі қаулы, өкім, бұйрықтар, әдістемелік, нормативтік материалдар; кәсіпорында жөндеу қызметін ұйымдастыру; жоспарлы-алдын ала жөндеу және технологиялық жабдықты тиімді пайдалану жүйесі; кәсіпорынның техникалық даму перспективалары; техникалық сипаттамалар, құрастыру ерекшеліктері, жұмыс режимдері және механикалық жабдықты техникалық пайдалану ережесі; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технология; жабдықты бөлшектеу, реттеу және іске қосу әдістері; жабдықты жөндеуге өткізу және жөндеуден кейін қабылдау ережесі; кәсіпорын өнімін шығару технологиясының негіздері; жабдыққа арналған паспорттар, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, ақаулардың ведомостары, ерекше нұсқаманы және басқа техникалық құжаттаманы жасау тәртібі; жабдықты жөндеуге өткізу және жөнделгеннен кейін қабылдау ережесі; майлау-эмульсия шаруашылығын ұйымдастыру; жабдықты пайдалану, жөндеу және жетілдіру кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптары; кәсіпорынға жөндеу қызметін көрсетудің алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибесі; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маман лауазымында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы немесе тиісті мамандығы бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Бағалаушы


Лауазымдық міндеттері. Лицензия негізінде бағалау объектілеріне қатысты нарықтық немесе өзге құнды белгілеуге бағытталған бағалау қызметін жүзеге асырады. Бағалау объектілерін бағалау жөніндегі қызметтерге қажеттілікті анықтайды, іскерлік байланыстарды жүзеге асырады, клиенттермен келіссөздер жүргізеді, тапсырыс берушілермен белгілеген нысанға сәйкес бағалау объектісін бағалауды жүргізу туралы шарттар жасайды және ресімдейді, жасалған шарттарда көзделген талаптардың сақталуын қадағалайды. Құқықтық сараптама жүргізу, объектінің бәсекеге қабілеттілігінің оның құнына әсер ететін параметрлерін белгілеу үшін бағалау объектісі туралы ақпаратты талдайды. Бағалау объектісінің дәл сипатын жасайды, бағалау стандарттарына сәйкес бағалау жүргізу әдістерін айқындайды, бағалау объектісінің құнына әсер ететін негізгі баға құрайтын факторларды белгілейді, нарықты және ұқсас объектілердің құнын зерделейді. Бағалау стандарттарын, оны жүргізу әдістерін, бағалау жүргізу кезінде қабылданған кемшіліктерді негіздейді, қажетті есептерді жүргізеді.Бағалау объектісі құнының жиынтық өлшемін, сондай-ақ алынған нәтижені қолдануды шектеуді және шектерін айқындайды. Бағалау объектісін бағалау кезінде нарықтық емес, өзге құн анықталған жағдайда, бағалау критерийлерін және бағалау объектісінің нарықтық құнын анықтауды қиындататын себептерді белгілейді. Бағалау объектісін бағалау туралы есепті оның нысанына және мазмұнына белгіленген талаптарға сәйкес уақтылы жасайды және тапсырыс берушіге өткізеді. Қазақстан Республикасына, ҚР субъектілеріне не муниципалдық құрылымдарға толық немесе ішінара тиесілі бағалау объектілері мәмілеге тартылған жағдайда бағалау объектілерін міндетті бағалауды жүргізеді.

Бағалау объектісін бағалауды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, соттың ұйғарымы негізінде, сондай-ақ уәкілетті органның шешімі бойынша қайтадан бағалауды жүргізеді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша бағалау қызметі туралы нормативтік және өзге құжаттарды, бағалаушының бағалау қызметі саласында кәсіби білім алғанын растайтын білім туралы құжаттарды, ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда сақтаудағы есептерді немесе ақпаратты, оның ішіне құқық қорғау, сот, өзге уәкілетті мемлекеттік органдарға не жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың заңды талап етуі бойынша ұсынады. ҚР заңнамасына сәйкес бағалаушылар қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін азаматтық жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асырады. Клиенттерге бағалау қызметін реттейтін қолданылып жүрген заңнама, сондай-ақ бағалау объектілерінің құнын айқындау кезінде басшылыққа алу қажетті болатын нормативтік құқықтық талаптар жөнінде кеңес береді.Өзге бағалаушыларды не басқа мамандарды жүргізілетін жұмысқа шарт негізінде тартады. Бағалау жүргізу барысында тапсырыс берушіден және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда тапсырыс берушіден алынған ақпараттың құпиялығын сақтайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативті құқықтық актілері, бағалау объектісін бағалау тәртібін регламенттейтін нұсқаулық және әдістемелік материалдар; бағалау объектісі құнының тиісті түрін айқындауға арналған бағалау стандарттары; бағалау объектілерін бағалауды жүргізу және мәміле бағасын белгілеу әдістері; бағалаушы және тапсырыс арасындағы келісімге қол қою тәртібі, салық салу жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілер; салық ережесі; іскерлік қатынастар этикасы; клиенттермен келіссөз жүргізу ережесі; статистика негіздері, бухгалтерлік есепті және шаруашылық қызметті талдауды ұйымдастыру; есептеу техникасын, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану ережесі; бағалау қызметі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибе; белгіленген есептілікті құрау тәртібі; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнаманың негізі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санатты бағалаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бағалау қызметі саласында қосымша даярлау, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс стажы.

ІІ санатты бағалаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бағалау қызметі саласында қосымша даярлау, мамандығы бойынша кемінде 2-3 жыл жұмыс стажы.

Бағалаушы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бағалау қызметі саласында қосымша даярлау, мамандығы бойынша жұмыс стажы талап етілмейді.

Зияткерлік меншікті бағалаушы


Лауазымдық міндеттері. Бағалау әрекетін іске асырады, өндірістік меншікті (өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, тауардың шыққан жерінің атауы, пайдалы модельдер) авторлық құқық пен сабақтас құқықтарын қорғау объектілерін, электронды-есептеуіш машиналарға арналған бағдарламаларды, деректер базасын, интегралды микросұлбалар топологиясын, техникалық, коммерциялық ақпаратқа құқықтарын, өндіріс құпияларын (ноу-хау) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғау қарастырылған басқа да объектілерді қамтитын қорғалатын зияткерлік меншік объектісінің нарықтық құндылығын орнату бойынша жұмыстарды жүргізеді. Зияткерлік меншіктің оларды жекешелендірген кезде, материалды емес активтердің бухгалтерлік есебінің мақсаттары үшін қолданғанда, коммерциялық қолдану кезінде құндылығын орнатады, сонымен қатар, зияткерлік меншік объектісін бағалау қажеттілігіне және мақсатына байланысты баланстық, жалға беру, жою, сақтандыру, қарыз және құндылықтың басқа түрлерін анықтайды. Зияткерлік меншік объектісіне иесінің құқықтарының затын, бағалау мақсатын және тиесілігін анықтау бойынша жұмыстарды орындайды. Құқықтық сараптама жүргізу үшін, құнына әсер ететін бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерін (ғылыми-техникалық, құқықтық, өндірістік сипаттамалары) анықтау үшін бағалау заты туралы ақпаратты талдайды, сонымен қатар, тауар нарығында қалыптасатын конъюктурасының талдауын және зияткерлік меншігінің ұқсас объектілерінің құнының зерттеуін жүргізеді. Бағалауды (шығын, нарықтық, кіріс) жүргізу формалары мен әдістерін және негізгі баға қалыптастыратын факторларды (тура мен жанама шығындар, меншік объектілерін коммерциялық пайдаланудан нақты және жоспарланатын кіріс) анықтайды. Бағалаудың формалары мен әдістерін негіздейді, күтілетін экономикалық пайданың, лицензиялар бағасының және т.б. қажетті есептерін жүргізеді. Маркетингтік зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып бағаланып отырған объектіні пайдалану негізінде шығарылатын өнімнің көлемін, бағасын және сатудың төлем шарттарын анықтайды. Зияткерлік меншік объектісін құрумен, алумен және шаруашылық айналымға кіргізумен байланысты нақты шығындарды анықтайды, оларды бағалауды өткізу күндегі амортизация мен индексін есепке алып түзетеді. Іс байланыстарды іске асырады, клиенттермен келіссөз жүргізеді, келісім шарттарды жасайды және орнатылған форма бойынша рәсімдейді, олардың орындалуын бақылайды. Зияткерлік меншік объектісінің құндылығын анықтаған кезде басшылыққа алу қажет республиканың қолданыстағы заңдары мен нормативті құқықтық актілері бойынша клиенттерге кеңес береді. Бағалау әрекетімен байланысты құжаттарды рәсімдейді және жүргізілген жұмыс туралы есептерді құрайды. Бағалау әрекетінің процесінде құқықтық қорғауға, зияткерлік меншік объектісін пайдалануға, сонымен қатар, жұмыс процесінде алынған ақпарат пен құжаттардың құпиялылығына қатысты Қазақстан Республикасының заңдар мен нормативті құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңдары, нормативтік құқықтық актілері, құқықтық қорғау және зияткерлік меншік объектісін бағалау саласындағы әдістемелік құжаттар; авторлық құқығы; антимонополиялық заңнамасы; зияткерлік меншік объектісінің құнын орнату бойынша жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастыру; зияткерлік меншік объектісінің бағалауын іске асыру тәртібін және олардың құнын анықтау әдістері; зияткерлік меншік объектісін пайдаланудың бәсекеге қалыптастыратын факторларын орнату тәртібі; кеден ережелері; зияткерлік меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарын жасау тәртібі және меншік құқығын қайта беруін тіркеу тәртібі; бухгалтерлік есеп пен ұйымның шаруашылық әрекетін талдау негіздері; зияткерлік меншік объектілерімен байланысты құқықтық мәселелерді реттейтін халықаралық шарттар мен келісімдер; іскер қатынасу этикасы; клиенттермен келіссөз өткізу ережелері; құқықтық қорғау мен зияткерлік меншікті пайдалану саласындағы озық отандық пен шетелдік тәжірибесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

Зияткерлік меншіктің I санатты бағалаушысы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және зияткерлік меншікті бағалау бойынша қосымша дайындық, зияткерлік меншіктің II санаттың бағалаушысы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Зияткерлік меншіктің II санаттың бағалаушысы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және зияткерлік меншікті бағалау бойынша қосымша дайындық, санатсыз зияткерлік меншіктің бағалаушысы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Зияткерлік меншіктің бағалаушысы: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және зияткерлік меншікті бағалау бойынша қосымша дайындық, жұмыс стажына талап қойылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет