Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет87/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   126

Өткізу жөніндегі экономист



Лауазымдық міндеттері. Тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес өткізу қызметін жүзеге асырады, тұтынушыларға (тапсырыс берушілерге) белгіленген мерзімде және толық көлемде шығарылатын өнімді жеткізуді қамтамасыз етеді. Өткізу болжамын құру, өнімнің өндірісі мен іске асырылуының келешектегі және жылдық жобаларын дайындауға қатысу. Өнімді жеткізуге жасалған шарт және жеткізудің талаптарын келісу бойынша жұмыстарды орындайды. Тапсырыстар мен жеткізудің номенклатуралық жоспарларының өтінімдерін, жинақ тізімдемелерін құрады. Жылдық өнім қорларының нормативтерін әзірлейді және олардың көлемі мен номенклатура бойынша деңгейінің белгіленген нормативтерге сәйкестігін бақылайды. Тұтынушылармен (тапсырыс берушілермен) ұсынылатын нарядтарды, тапсырыстар мен санап терулерін қабылдайды және есебін жүргізеді, тапсырысы берілетін өнімнің көлемі мен номенклатурасының өндіріс жоспарларына, сонымен қатар шарттарға, қолданыстағы стандарттарға, техникалық талаптар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексереді. Дайын өнімді сақтау, өткізу және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі ұйымның стандарттарын, төлемнің жеңілдіктері, мерзімдері мен талаптары туралы нұсқаулықты, сонымен қатар экономия режимін сақтау, жылдық өнімнің нормативтен тыс қалдықтарын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен енгізуге қатысады. Өнімнің жекелеген түрлері, өткізу аудандары мен тұтынушылары бойынша өткізушілік шығындарды жоспарлайды, айналымдардың шығындарын талдайды, өткізудің әр каналы бойынша және негізсіз шығандарды анықтау мақсатында жоспар мен шығындар сметасының көрсеткіштерімен шығындарға қарай нақты өткізушілік шығындарды салғастырады, тауар қозғалысы үдерісінде туындайтын шығындарды жояды, өткізу көлемдерін ұлғайту бойынша жұмыстарды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысады. Ұйым бөлімшелерінің тапсырыстарды орындауын бақылауды, жеткізудің белгіленген мерзімдерін сақтауды, номенклатураны, жинақтылығын және шарт міндеттемелеріне сәйкес өнімді іске асырудың сапасын жүзеге асырады. Тұтынушылық нарықты зерттеуге, тұтынушылармен коммерциялық байланыстарды қалыптастыру мен кеңейтуге, сатып алушылық сұранысты, ұсынылатын бұйымдар бойынша тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын қанағаттандырудың нәтижесін, нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігі деңгейіне, халықтың сатып алушылық қабілетіне талдауды жүргізуге қатысады. Ұсынылатын өнімнің бағасын түзету, сату мөлшері, өткізу каналдарын таңдау және нарыққа шығу уақыты жөнінде ұсыныстар енгізеді. Өткізілген өнім үшін қаражаттың уақытында түсуін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар қабылдайды. Әртүрлі көлік құралдарына, механизмделген тиеу құрылғылары мен дайын өнімді уақытында тиеу үшін жұмыс күшінің қажеттілігін анықтайды. Көліктік, есеп айырысушылық және төлем құжаттарын ресімдеді. Тапсырыс берушімен шартты ресімдеуге, тұтынушылардан түскен наразылықтарға жауап дайындауға, сонымен қатар жеткізушілер жасалған шарттардың талаптарын бұзған кезде, оларға наразылықтарды дайындауға қажетті анықтамаларды, есеп айырысуларды, негіздемелерді дайындайды. Тұтынушыларға (тапсырыс берушілерге) жіберілетін дайын өнімді сақтау мен дайындаудың ережелерінің сақталуын бақылайды. Өткізу нарықтарын дамытуды ұйымдастыру мен оның келешегіне сұранысты зерттеу бойынша маркетингілік зерттеулерді жүргізуге қатысады. Өнімді түсірудің, шарттар мен тапсырыстарды орындаудың, сатылмаған өнімнің қалдықтарының жедел есебін жүргізеді, сату жоспарын орындау туралы есептілікті құрады. Өткізу жөніндегі өндіріс ішілік және сыртқы ақпараттың деректер қорын құру, енгізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректер қорын өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгеріс енгізеді. Тапсырмаларды немесе олардың есептеуіш техниканың көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерін экономикалық қоюды тұжырымдауға қатысады, жылдық жобаларды, алгоритмдерді және жоспарлы ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама пакеттерін қолдану мүмкіндігін анықтайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, дайын өнімді өткізу мен жеткізу жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар; өндірістің және өнімді сатудың келешектегі және жылдық жоспарларын әзірлеудің тәртібі; өткізу нарығының келешектегі дамуы; дайын өнімнің нормативтік қорының есеп айырысу тәсілдері, ұйым шығаратын өнімнің көтерме және бөлшек бағасы; жеткізудің жалпы көлемі, тасымалдау және тиеу құралдарына мұқтаждықты анықтау тәртібі; өнімді жеткізу, сақтау және тасымалдау талаптары; қойма шаруашылығы мен өнімді өткізуді ұйымдастыру; жеткізулер бойынша шарт жасау үшін материалдарды ресімдеудің тәртібі; наразылықтарға және тұтынушылар наразылықтарына жауап дайындаудың тәртібі; шығарылатын өнімнің стандарттары және техникалық талаптары; сату жоспарын орындау туралы есептілікті құрудың есебі мен тәртібінің тәсілдері; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; өндірістің технологиялық негізі; шаруашылықтандырудың нарықтық тәсілдері; есеп айырысуларды және өткізу операциялары есебін жүзеге асыру үшін есептеуші техниканы қолданудың мүмкіндігі, оны пайдаланудың ережесі; шаруашылық құқығы; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы өткізу жөніндегі экономист: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы өткізу жөніндегі экономист лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

ІІ санаттағы өткізу жөніндегі экономист: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз өткізу жөніндегі экономист лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Өткізу жөніндегі экономист: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санаттағы техник лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.



Еңбек жөніндегі экономист
Лауазымдық міндеттері. Еңбекті ұйымдастыруды, еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың нысаны мен жүйесін, материалдық және моральдық ынталандыруды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Ұйымның және оның бөлімшелерінің еңбек және еңбек ақы жөніндегі келешектегі және жылдық жоспарларының жобаларын әзірлейді. Еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді қолдануды, персонал санаттары мен біліктілік санаттары бойынша жұмысшылардың дұрыс қатынасын қамтамасыз етудің қажеттілігін есепке ала отырып, еңбек ақы қоры мен жұмысшылардың саны есептейді, жұмысшылар мен қызметшілердің қажеттілігін анықтауға, білікті кадрларды дайындауды жоспарлауға қатысады, жоспарлы көрсеткіштерді ұйымның бөлімшелеріне жеткізеді. Еңбекке ақы төлеудің қолданыстағы нысандары мен жүйелерінің, материалдық және моральдық көтермелеулердің қолдану тиімділігін зерттейді, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды. Өндіріс тиімділігі, өнімнің сапасын арттыру, өндіріс шығындарын қысқарту, сонымен қатар үй-жайлар мен мүлікті жалға берудің, ақшалай қаражатты бағалы қағаздарға орналастырудың нәтижесінде алынатын қосымша табысты бөлудің механизмін әзірлейді. Жабдықты пайдалануды жақсарту мен еңбек шығынын қысқарту мақсатында жұмысшыларды ынталандыру туралы ережені әзірлейді. Ұйым ұжымының әлеуметтік даму жоспарын құруға, еңбек тәртібін бекіту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға, кадрлардың тұрақсыздығын қысқартуға, жұмыс орнын пайдалану мен ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтауға қатысу. Бекітілген басқарма құрылымы мен белгіленген тәртіпке сәйкес штат кестесін құрады. Штаттық тәртіптің сақталуын, еңбек ақы қорының шығындалуын, кәсіптер мен лауазымдар атауларының белгіленуінің дұрыстығын, тарифтік мөлшерлемелер мен баға өлшемдерінің қолданылуын, лауазымдық жалақылар мен басқа да төлемдерді, еңбек және демалыс тәртіптерінің сақталуын, еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Ұжымдық шартты дайындауға қатысады және қабылданған міндеттемелердің орындалуын бақылайды. Еңбек және еңбек ақы бойынша көрсеткіштерді есепке алуды жүргізеді, белгіленген есептілікті талдайды және құрады. Еңбек және еңбек ақы бойынша құру, енгізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректер қорын өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгеріс енгізеді. Тапсырмаларды немесе олардың есептеуіш техниканың көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерін экономикалық қоюды тұжырымдауға қатысады, жылдық жобаларды, алгоритмдерді және жоспарлы ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама пакеттерін қолдану мүмкіндігін анықтайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, еңбекті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар; еңбек экономикасы; өндірістің экономикасы мен ұйымдастырылуы; еңбек және еңбекақы, еңбек өнімділігі, ұжымның әлеуметтік дамуы жөніндегі келешектегі және жылдық жоспарларды әзірлеудің тәртібі; еңбек ақысы мен материалдық ынталандыру нысаны мен жүйесі; жұмысшылар санын анықтаудың тәсілдері; жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстар анықтамалығының тарифтік-біліктілік анықтамалығы және қызметшілер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары; жұмыс пен жұмысшыларды тарифтеудің тәртібі және лауазымдық жалақылар (мөлшерлемелерді) белгілеу, еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес басқа да төлемдер; еңбек және еңбекақы бойынша көрсеткіштер есебі мен талдауы тәсілдері; өндіріс технологиясының негізі; еңбек және еңбекақы бойынша есеп айырысулар мен есебін жүзеге асыру үшін есептеуші техниканы қолданудың мүмкіндігі, оны пайдаланудың ережесі; шаруашылық құқығы; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы еңбек жөніндегі экономист: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы еңбек жөніндегі экономист лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

ІІ санаттағы еңбек жөніндегі экономист: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз еңбек жөніндегі экономист лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Еңбек жөніндегі экономист: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санаттағы техник лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет