Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Қаржы жұмыстары жөніндегі экономист (қаржы жөніндегі маман)



бет88/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126

Қаржы жұмыстары жөніндегі экономист (қаржы жөніндегі маман)



Лауазымдық міндеттері. Өндірістік жоспар тапсырмаларының қаржылық ресурстарын, ұйымның табысы мен жинақталуларын құру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған және олардың бюджет, салық органдары, банктер, жеткізушілер мен өзге де ұйымдар алдында барлық міндеттемелер бойынша, кеңейтілген өндіріс, әлеуметтік қамтамасыз ету мен жұмысшыларды материалдық ынталандыруға шығынды қаржыландыру бойынша ұйымның қаржылық қызметі жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарын орындайды. Өндірістік жоспардың техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қарай келешектегі және жылдық қаржылық жоспарлар жобаларын, ұйым шотына ақшалай қаражаттың түсуін болжауды әзірлейді. Пайда мен шығындар көлемін, қаражаттардың түсуі мен бөлінулерін, ұйымның бюджетпен, салық органымен, банктармен өзара қарым-қатынасын анықтайды, пайда мен шығындар балансын, кассалық жоспарлар мен несиелік өтінімдерді құрады. Өндіріс жоспарын дайындауға және өнімді, жұмысты (қызметті), күрделі салымдар мен басқа да жоспарларды іске асыруға қатысады, қажетті есеп айырысулар мен оларға негіздемелерді дайындайды, шикізаттың, материалдардың және тауарлық-материалдық құндылықтар түрлері мен бағалық көрсеткіштегі шығынға айналымдағы қаражаттың нормативтерін әзірлеуге қатысады, ұйым бөлімшелеріне бекітілген көрсеткіштерді жеткізеді. Жедел қаржыландыруды, есеп айырысушылық және төлем міндеттемелерін орындауды, болып жатқан өзгерістердің уақытында ұйымның төлемге қабілеттілігінде көрініс табуын қамтамасыз етеді, өзіндік қаражатының жағдайын зерттейді. Шығарылатын өнімді сатудан, негізгі қаражатты пайдаланудан, сонымен қатар негізгі қызметпен тікелей байланысты емес операцияларды жүргізуден (үй-жайларды жалға беруден, бағалы қағаздардан түскен кіріс және т.б.) түскен кіріс бойынша жоспарлар жобасын құрады. Кірісті бөлу, жоспарлы нормативтер жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысады. Ұйым міндеттемелері бойынша барлық төлем түрлеріне банкілік құжаттарды дайындайды. Жеткізушілердің (тапсырыс берушілердің) рекламациялық шоттары мен белгіленген мерзімде төленбеген шоттар бойынша хат алысуды жүргізеді. Ұйым бөлімшелерінің қаржылық көрсеткіштерін орындауды, кассалық тәртіптің сақталуын, жеткізушілердің (тапсырыс берушілердің) есеп айырысуларын, ұйымға тиесілі барлық ақшалай қаражаттың уақытында түсуін, экономия режимінің сақталуын қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады. Сметалардың орындалуына, қаржылық қызмет бойынша жедел және бухгалтерлік есептілікке талдау жүргізеді. Өндірістің пайда табуын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен енгізуге, өнімді сатуға, өзіндік айналымдағы қаражаттың, мемлекеттік бюджет қаражатының, қолданылуын жақсартуға, материалдық құндылықтардың артық қорларының түзілуі мен жойылуының алдын алуға, ұйым өнімінің бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз етуге қатысады. Ұйым қаражатының құрылуы мен қолданылуына қатысады, олардың құрылымы мен қозғалысына талдау жүргізеді. Еркін қаржылық қаражатты тиімді орналастыру мен ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында несиелік ресурстар мен бағалы қағаздар нарығындағы жағдайды зерттеу мен талдау жасау бойынша жұмыстарға қатысады. Заемды тарту мен өзіндік қаражатты қаржылық операцияларды (несие беру, қаржылық ресурстарды бағалы қағаздарға инвестициялау, ақшалай қаражатты банкілік депозиттерге орналастыру және т.б.) жүзеге асыру үшін қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, олардың жүзеге асырылуының дұрыстығын қамтамасыз етеді. Қаржылық қаражаттарды салуға депозиттік шарттарды дайындайды, салымды уақытында қайтару мен олар бойынша пайыз алуға бақылауды жүзеге асырады. Оларды инвестициялаудан алынған кірістер туралы мәліметті талдайды, жинақ есептілікті жасайды. Ұйымның қаржылық қызметін регламенттейтін нормативтік және методикалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады. Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сату, кірістер түсімін, банктегі шоттарда қаражаттың болуы, бюджет, жеткізушілер мен банктер бойынша несиелік берешекті өтеу бойынша жоспарды орындауды есепке алуды жүргізеді. Ұйымның қаржылық қызметінің нәтижелері туралы белгіленген есептілікті құрады. Өндіріс ішілік және сыртқы қаржылық ақпараттың деректер қорын құру, енгізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректер қорын өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгеріс енгізеді. Тапсырмаларды немесе олардың есептеуіш техниканың көмегімен шешілетін жекелеген кезеңдерін экономикалық қоюды тұжырымдауға қатысады, жылдық жобаларды, алгоритмдерді және жоспарлы ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін жасауға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама пакеттерін қолдану мүмкіндігін анықтайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, қаржы жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік материалдар; өндіріс экономикасы; қаржылық және кассалық, несиелік өтінімдер мен сметалық жоспарлар құру тәртібі; айналымдағы қаражаттың нормалануы; қаржылаудың, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеудің ережесі; заемдық қаражатты тарту және өзіндік қаражатты пайдаланудың тәртібі, бағалы қағаздарды шығару мен сатып алу, заңнамаға сәйкес төлемдер, жарналар есептеу мен төлеу тәртібі; қаржылық ресурстарды бөлу тәртібі; қаржылық ағындарды басқаруды қамтамасыз ететін қаржылық тәсілдер жүйесі; күрделі құрылысты, жөндеу мен техникалық қайта жарақтануды ұйымдастыруды қаржыландырудың тәртібі; бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі; қаржылық есеп айырысулардың тәртібі мен нысаны; ұйымның қаржылық қызметі туралы белгіленген есептілік, оны құрудың тәртібі мен мерзімі; өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару; еңбек және еңбекақы бойынша есеп айырысулар мен есебін жүзеге асыру үшін есептеуші техниканы қолданудың мүмкіндігі, оны пайдаланудың ережесі; шаруашылық құқығы; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негiздерi; еңбектi қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы қаржы жұмыстары жөніндегі экономист: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы қаржы жұмыстары жөніндегі экономист лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

ІІ санаттағы қаржы жұмыстары жөніндегі экономист: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз қаржы жұмыстары жөніндегі экономист лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс;

Қаржы жұмыстары жөніндегі экономист: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санаттағы техник лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет