_________________________________________________________________________
(Білім беру ұйымының атауы)
КЕЛІСІЛДІ
______________________________
(Құжат келісілген орган)
|
БЕКІТЕМІН
|
______________________________________
(Басшы лауазымы)
|
_________________/_____________________
(Қолы) (Т. А. Ә.)
|
|
______________________
(Күні)
|
Қосымша білім беру педагогінің
(білім беру ұйымы жанындағы секциялар мен үйірмелер педагогінің) лауазымдық нұсқаулығы
Лауазымдық міндеттері:
-
Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
-
Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оқу мерзімі ішінде оларды сақтау шараларын қолданады.
-
Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтардың жоспарлары мен бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
-
Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді.
-
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, адамгершілік-рухани дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұрақты кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
-
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қызметін, оның ішінде зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады.
-
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды.
-
Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің тәжірибесін дамытуды, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды.
-
Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды.
-
Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар) қатысуын ұйымдастырады.
-
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады.
-
Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
-
Ата-аналары мен оларды алмастыратын тұлғаларға, және педагог қызметкерлерге кеңес беріп, көмектеседі.
-
Әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға, кәсіби қоғамдастықтарға қатысады.
-
Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктілігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |