26. Әрекет-қылықтық эмоциялық реттелуі
Эмоция (көңіл шарпуы, сезім) – әрекет-қылықты бейберекет (импуль-
сив) реттеуші психикалық құбылыс. Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік
маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының
сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар адам іс-әрекеті мен мінез-
қылығында маңызды роль атқарып, төмендегі қызметтерді орындайды:
- эмоцияның қарайлас – бағалау (отражательно-оценочная) қызметі.
Әрқилы адамдар бір затқа өздерінің сезімдік тұрғысына қарай түрліше
көңіл аударып, қабылдайды.
Біреудің «жақсы» дегенін, екіншілер «жаман» деп таниды. Бір адамның
құндылық деп жинағанын және біреу қоқыс деп айналып өтеді.
53
- эмоцияның басқарушылық қызметі. Эмоция адам қылық-әрекетін
басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.
- эмоцияның қорғаныстық қызметі. Адамды шынайы не жорамал
қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.
Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс
барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты
анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін
қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы бо-
лар. «қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан
Момышұлы бекерге айтпаған.
- эмоцияның ынталандырушы қызметі – адамның өз бойындағы
табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға,
кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.
- эмоцияның толықтырушы қызметі. Қандай да проблема бойынша
шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша
толықтырулар беруде жәрдемге келеді.
- эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа
бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы
көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы
жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал
жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)
Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін,
яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе
қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және
құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму
барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты.
Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап,
қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.
Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары
бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану.
Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер
жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.
Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың
арқауы, өзегі. Түйсікте болмыстың материалдығы бейнеленсе, эмоцияда
- оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс
кейпіне енеді.
Түйсіктің эмоциялық кейпі – бұл біздің түйсік сапасына болған
қатынасымыз, нысанның қажеттілік қасиеттерінің психикалық бейне-
5
ленуі. Мысалы, біз гүлдің хош иісін, табиғаттың әсем көрінісін ұнатамыз,
жағымсыз иістен, шектен тыс шудан тыжырынамыз.
Эмоционалды үндестік – заттасқан ортадағы күнделікті болып
жататын өзгерістерге орай нақты эмоционалды жауап әрекет. Эмо-
ционалды үндестік адамның көңіл шарпуы күшіне, оның көңіл кейпіне
байланысты анықталады.
Көңіл-күй (настроение) – бұл жағдаймен шарттасқан тұрақты,
психикалық әрекетті қоздырушы не тежеуші эмоциялық қалып. Эмоция
не сезімнің әсерімен болатын психикалық белсенділіктің аса жоғары
деңгейі – шабыт (воодушевление) ал ең төменгі деңгейі – селқостық
(апатия) аталады.
Теріскей ықпалдардан туындайтын психикалық әрекеттің шамалы
қателігінен адам жабырқау (расстроенность) қалпына түседі.
Әрқилы эмоциялық ықпалдар жағдайындағы адамның көңіл-күй
тұрақтылығы оның әрекет-қылығының бір қалыптылығы мен мінез-
құлықтық ұстамдылығынан көрінеді.
Сезімдер – бұл әлеуметтік мәнді құбылыстар бейнесінің эмоциялық
формасы. Олар қандай да бір жағдайлардың нақты тұлғаның тіршілік
қалпына сәйкестігінен не үйлеспейтіндігінен пайда болады. Сезім
әрқашан тұлғаның өзімен, әлеуметтік мәнді құндылықтармен орайлас
келеді. Әр адамның өзіне тән, оның тұлғалық бағытын айқындаушы
жетекші сезімі болады. Сол сезім адамның болмыспен орнатқан өзара
ықпалдасты байланыстарын реттеп отырады.
Сезімдер тәжірибелік, іззеттілік, эстетикалық және танымдық
болып бөлінеді.
Тәжірибелік сезімдер – іс-әрекет үдерісінде пайда болатын
психикалық қалып.
Іззеттілік (нравственные) сезімдер - өзінің және өзгелердің әрекет-
қылығына деген эмоциялық, көңіл-күй қатынасы.
Эстетикалық сезімдер – қоршаған материалдың және әлеуметтік
дүниедегі әсемдікке болған сезімталдық, әрқандай сұлулық пен әсемдікті
құндылық ретінде тану.
27. Әрекет-қылықтық реттелуіндегі ерік маңызы
Ерік – әрекет-қылықтық саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не
мүмкіндік деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет-
қылық белсенділігін жұмылдыру.
55
Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі
– ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.
Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс
ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шартта-
ры, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша
ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоци-
ялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл
биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының
жүйесіне тәуелді.
Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік
мәнін құрайды.
28. Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:
-ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді
жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.
-тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедер-
гілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.
-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-
әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-
қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.
Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді.
Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін
ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен
табысқа жететінін білсе, пайдаланады.
Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту
қажет:
- мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс;
- мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;
- мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда
болуы;
- сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін
таңдау;
- мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау;
- қабылданған шешімді іске асыру;
- қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы
кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы
кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп бару.
56
Іс-әрекетті саналы реттеп бару үшін еріктің психикалық қалыптар
жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық,
мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б.
Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас
бірлікті қатынастарымен көрінеді.
Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен
қарастырайық:
- Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта
өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар
қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.
- Батылдық – бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын
тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның
шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі
белсенділігіне байланысты.
- Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын
білдіретін психикалық қалып.
- Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер
төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай.
Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін
мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық)
құбылысының туындауымен байланысты келеді.
- Сенімділік - бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-
әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін
беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні
ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.
- Табандылық психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп
шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда
көрінетін сана қасиеті.
- Ұстамдылық – біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды
тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз
эмоцияларды басуға жұмсалады.
29. Психикалық қалыптар: түрлері,
сипаттамалары және топтасуы
Психикалық қалып – тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және
жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына
орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі.
57
Психикалық қалыптар ситуативті және тұлғалық болып
бөлінеді.
Ситуативті қалып – оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған
психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар
тұлғаның жалпы әрекет-қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпы
қызметтік және іс-әрекет пен мінез-құлықтық күрделі жағдайларындағы
психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы, жанжалды
психикалық қалыптарға ажыралады.
Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей: ұтымды
және күйзелісті қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар,
ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы.
Жалпыланған негізгі психикалық қалып – бұл ой, сана сергектігі.
Сергектік қалып – бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалпы,
адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.
Шаршап –шалдығу қалпы – уақытша жұмыс қабілетінің кемуінен,
физиологиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және
жедел әрі ұзақ мерзімді іс-әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау
сезімдері тобындағы субъектив түйсінулерден пайда болатын ағза
қалпы.
Психикалық күштену (напряжение) қалпы – іс-әрекеттің
күрделенген жағдайларындағы интеллектуалды және эмоциялы – еріктік
құбылыстары.
Тұлғаның дағдарысты қалпы – адамның психикалы бұзылысқа кел-
тіруші жағдайларға жауап қатынасы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте,
өз ұстанымдарын қорғаныс бағытында қайта жасап, өзгерістерге
келтіре алады. Психикалық жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс,
жөнсіздік қайта түзеуге келген рет-тәртіптілікпен оң бағытқа түседі,
ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде орын алатын жалған тәртіптілік
(псевдоупорядоченность) тұлғаның әлеуметтік ортадан аласталып, мұңды
қиялға (грезы) батуына, ал кейде ішімдікке, нашақорлыққа берілуіне
себепші болады.
Жабығу (депрессиялық) қалыптары – сырқатты енжарлықпен бірге
көрінетін болымсыз эмоциялы- психикалық жағдай.
Аралық (пограничные) қалыптар – қоғамдық норма (талап, тәртіп)
және патология (организмдегі физиологиялық ауытқу) арасындағы сы-
байлас психологиялық құбылыстар: невроздар, психикалық ауытқулар,
психикалық даму тоқырауы (ақыл-ес кемістігі).
58
Психикалық норма сипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшелік-
теріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп-
салдарлылығы; тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай
тәртіптілікте көрінуі; мақсат, сеп-түрткі және әдістердің үйлесімділігі;
басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік
талаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.
Психикалық бұзылысқа түскен тұлғалар әрекеттеріне тән сипаттар:
жанжалды, берекетсіздік, аяқасты қызбалық, екінші сигналды
жүйедегі кемшіліктер, түсіне қабылдау тетіктерінің дұрыс іске
қосылмауы.
Психикалық ауытқулар уақытша (шыдамсыздық, күйбеңділік, невроз-
дар) және тұрақты (психопатия, ақыл-ес кемістігі) болып ажыралады.
Адамның психикалық қалпын келесідей негіздерде топтастыруға бола-
ды: ) психикалық қалып туындау жағдайларына байланысты – тұлғалық
және ситуативті; ) психикалық іс-әрекеттегі басымдылық танытқан
жетекші бірліктерге тәуелді – интеллектуалды, еріктік, эмоционалды
және т.б. 3) адам бойындағы психикалық қалыптың көріну дәрежесіне
сәйкес – терең не үстірт; ) өту мерзіміне қарай – қысқа мерзімді,
созылған, ұзақ мерзімді және т.б. 5) тұлғаға ықпал жасау сипатына
орай - ұнамды, болымсыз, күш-қуат арттырушы стеникалық және
кері - астеникалық; 6) саналылық деңгейіне орай - ойластырылған
не тосатты, жоспарланбаған қалыптар; 7) қалыпты туындатқан себеп-
терге орай; 8) қалыптың оны пайда еткен объектив жағдайларға сәйкес
болуына байланысты.
Көпшілік адамдарға тән типтік ұнамды не болымсыз қалыптарды бөле
қарастыруға болады: а) күнделікті, тұрмыстық (махаббат, бақыт, қайғы
және т.б.); б) кәсіби (іс-әрекетке, күтілмеген жағдайларға орайласқан).
Бұлар қатарына кәсіби жарамдылық, кәсіп мәнін тану, қызмет табы-
сынан қуаныш, ерік белсенділігі қалыптарын жатқызуға болады.
Еңбек әрекеттерінің тиімділігі үшін өте маңызды психикалық қалып
– бұл кәсіби қызығушылық. Бұл қалыпқа тән сипаттар: кәсіби іс-әрекеттің
маңыздылығын саналы сезіну; кәсіби қызмет бабында көбірек білуге
және сол салада белсенді қызмет жасауға ұмтылу; кәсіп саласына болған
жоғары зейінділік және сол кәсіптің тұлға санасын толығымен билеп
алуы.
Кәсіби іс-әрекеттің көптүрлілігі мен шығармашылық сипаты адамда
шығармашыл шабыт мүмкіндігін ашады. Мұндай шабыт ғалымдарға,
жазушыларға, суреткерлерге, актерларға, музыканттарға тән келеді.
Шабыт сипаттары: шығармашылық көтеріңкілік; қабылдау әсерлілігі;
59
бұрыннан көрген, білгендерді қайта жаңғырту қабілетінің жоғары
дәрежеде болуы; қиял қанаттылығы мен қуаттылығы; тосын әсерлер
бірігімдерін жасаудағы шеберлік және т.б. кәсіби іс-әрекет тиімділігін
арттыруға қажет және бір қалып – бұл таңдаған әрекетке және оның
элементтеріне психикалық тұрғыдан дайын болу.
Адамның тіршілік (іс-әрекет, қызмет, қарым-қатынас) үдерісінде
ұнамды (стеникалық) қалыптармен бір қатар болымсыз (астеникалық)
психикалық қалыптар пайда болуы мүмкін. Мысалы, батылсыздық
психикалық қалып ретінде адамның өзіне сенімсіздігінен не дербестігінің
болмауынан ғана емес, ол кезіккен шектен тыс жағдайлардың
жаңалығынан, тосындылығынан, түсініксіздігінен әрі шиеленіскендігінен
де болуы мүмкін. Мұндай шарттар тұлғаны психикалық күйзеліс немесе
психикалық күштену қалпына түсіреді.
Бұл орайда түбегейлі нақты іс-әрекеттік (операционная) күштенуге
ұшырау орындалып жатқан іс-әрекеттің күрделілігінен пайда болады:
сезімдік ажырату қиындығы; аса жоғары қырағылықтың қажеттігі;
көру-қозғалу әрекеттерін байланыстыру қиындығы; ойлау жүктемесінің
ауырлығы және т.б. сонымен бірге тосын эмоциялық жағдайлардан туын-
дайтын көңіл-күй шиеленісі.
30. Ашық сана қалпы. Ұйқы және түс көру
Дәстүрлі психология адамға тән екі ашық сана қалпын ажыратады: )
тынығу мезеті ретінде танылған ұйқы және ) сергектік немесе сананың
белсенділік қалпы. Сергектік жағдайында тұлғаның барша ағзасы ұтымды
қызметке дайын сырттай дүние сигналдарын қабылдауға және талдауға,
олардың қай бірін жадқа алуға немесе бұрынғы тәжірибе мен дағдыларға
орай оларға сәйкес не кері әрекет-қылықпен жауап қайтаруға қабілеті.
Сонымен, сергектік – адамның қоршаған орта ықпалдарына бейімділік
қалпын білдіретін психикалық құбылыс.
Адам ағзасы орташа 6 сағат сергектік және 8 сағат ұйқының алма-
са ауысуымен қызмет жасап барады. Ұзақ уақыт психология ғылымы
ұйқыны сергектік жағдайында жұмсалған күш-қуатты қайта тіктеуге
мүмкіндік беретін ағзаның толық тынығуы деген түсінікпен келген. Ұйқы
жетімсіздігі әрекет –қылыққа әсер етеді: ой және еңбек әрекеті шабан-
дайды не жойылады; кей адамдарды тіпті жол-жөнекей ұйқы қысады;
-3 күн ұйқысыздықтан адам галлюцинацияға тап болып, сандырақтай
бастайды. Қазірде белгілі болғаны - ұйқы ағзаны қайта қалпына келтіруші
60
ғана құбылыс емес, ол әрқилы психикалық сатыларды қамтып, түрлі
қызметтерді орындайды. Ми белсенділігіне байланысты «жай ұйқы»
және «шапшаң, әдеттен тыс, ұйқы» - ажыралады.
Хартман болжамынша, ұйқы мезетіндегі адамның сыртқы ортадан
ажыралуы күні бойы жинақталған ақпаратты өңдеу үшін қажет.
Ұйқы кезіндегі көретін түстеріміз біздің сеп-түрткілеріміз бен ни-
еттерімізді бейнелейді. Түс көру адамның орындалмаған тілектерінің
символдық іске асуын қамтамасыз етеді, бітпей қалған істен не қатерлі
ойлардан болған қозу ошақтарына басу береді.
Фрейд пікірінше, түс көру күні бойы жинақталған эмоционалдық
күйзеліс, күштенуді азайтып, психологиялық жайлылық (комфорт) бе-
реді, осыдан адам қанағаттану сезімін алып, бойын жеңілдетеді. Фаулкс
зерттеулері көрсеткендей, түс көру, ұйқы кезіндегі мидың жедел қызметі
адамға ұйқы мезетінде оның проблемаларын шешуге жәрдем беру немесе
адамды күйзелткен ниеттер мен толғаныстарды басу қасиетіне ие.
Френч және Фромм болжамдарына орай, түс көру адамның
психологиялық қалпын тұрақтандыру тетігі ролін атқарып, осыдан адам
өз проблемаларын шешу үшін қажет күш-қуатын көтереді. Түс арқылы
адам бейсаналық дүниеге ерекше бір «терезе» ашады. Сонымен бірге, түс
бейсана мен ашық сана арасында ақпарат алмасуға қажет «арна» қызметін
де атқарады. Осыдан ақпарат қоры басымдау бейсана рәміздік не айқын
формада ашық санаға керекті ақпарат жеткізеді (мысалы, болашақта
күтілген оқиғалар, болып қалар сырқаттар, ішкі жандүниелік сырқатты
нүктелер жөніндегі сәуегейлік болжамдар.
31. Тұлға түсінігі. Тұлға және қоғам
Психология көптеген жаратылыстану және қоғамтану ғылымдар
қатарында адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ олардың жеке өздеріне тән
ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.
Бұл орайда психология тұлға терминімен бір қатар адам, тек өкілі
(индивид) және «даралық» түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың
бәрі өзіндік өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара кіріге байланысқан. Аса
жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.
Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің
өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің ажыралмас бірлігін танытушы
тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам
өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек өкілі.
6
Тек өкілі – бұл homo sapiens (саналы адам) ретінде нақты адам,
дамудың адамдық алғы шарттарын (нышандарын) бойына сіңірген
жаратылыс туындысы.
Даралық – нақты адамның тұтастай болмысының, оның табиғи
және әлеуметтік меңгерілген қажеттерінің қайталанбас, ерекше
сипаты.
Даралық әр адамның меншікті тәжірибесінен, білімінен, пікірі-
нен, ұстаным – көзғарастарынан, мінезі мен темпераментіндегі
өзгешеліктерден көрінеді, адам өз даралығын дәлелдейді, бекітеді.
Адам даралығының негізгі көрсеткіштері – сеп-түрткілері (моти-
втері), темпераменті, қабілеттері, мінезі.
Сеп-түрткілер (мотивы) – іс-әрекетке ынталандырушы не
мәжбүрлеуші, белгілі қажеттердің қанағаттандырылуымен байла-
нысты, «не үшін іс-әрекет орындалып жатыр?» деген сұраққа жауап
беретін ниет, талаптар (побуждения). Тіршілік жағдайына, қажеттеріне
орай әрбір адам өзіне тән салыстырмалы тұрақты және қайталанбас сеп-
түрткілер жүйесін (мотивация) пайдаланады.
Темперамент – психикалық іс-әрекеттердің жүйке-динамикалық
ерекшеліктері тұрғысынан тек өкіліне берілетін сипаттама.
Қабілеттер – қандай да бір не бірнеше іс-әрекеттерді табысты
орындауға кепіл болар психикалық қасиеттер.
Мінез – тұлғаның құндылықты – бағыттаушы және әрекет-
қылықты сапаларының жиынтығы, адам әрекет-қылығының типі.
Тұлға түсінігіне байланысты біз ең алдымен адамның әлеуметтік
мәнді сапалары жүйесіне назар аударамыз. Қоғаммен байланыста ғана
адам қалыптасады және оның әлеуметтік мәні көрінеді.
Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз
бойынан өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарт-
тар жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай,
шарттар өткендегі әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік
– биологиялық қасиеттер мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың
ажыралмас бірлігінен құралады. Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар
тереңдей түседі, нәтижеде бір ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі
әсер жасауы мүмкін. Сонымен, тұлға қоғамдық қатынастар нысаны
және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас
және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъекті.
|