Мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы



Дата07.02.2022
өлшемі449,39 Kb.
#85382
Байланысты:
инклюзивті білім беру
Тәрбие жұмысы 5-сынып 2020 жыл

Мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы

Орындаған:Төлебек С. ИЗОК-81


Эмоциялық-еріктік аумақтың қалыптасуы бала тұлғасының қалыптасуындағы маңызды шарттардың бірі болып саналады. Эмоциялық аумақтың дамуына отбасы, мектеп, баланы қоршап тұратын және оған үнемі әсер ететін өмір жағдайлары ықпал етеді.
Эмоциялық –еріктік аумақ білім, білік, дағдыларды игеруде, сондай-ақ, айналадағылармен қарым-қатынас орнатуда, баланың мектепте және мектептен тыс жерлерде әлеуметтік бейімделуінде үлкен рөл ойнайды.
Ақыл-ойы кем балалардың дұрыс тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына көп көңіл бөлініп, олардың іс-әрекеттеріне және барлық қасиеттерінің ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізіліп, өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Сонымен қатар мұндай балалардың біліміне, іскерлігіне, қабілетіне, эмоциялық ерік жігеріне ден қойылып, арнайы мектептер, үйірмелер, бала бақшалар ашылды.
Өмірге келген әр кемтар баланың қыр-сырын білу үшін жан-жақты бақылаулар жүргізіледі.
Мінез-құлқы, эмоциясына байланысты бұл балаларды мектеп жасына жеткеннен ақ қоғамдық өмірмен, жаңа ортадағы өз міндеттерімен таныстырамыз. Осы кездерде кемтар балалардың өздерінің ішінен қабілетті, эмоциялық ахуалын қалыпты меңгере алатындарын көре аламыз.
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не
саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да оның өмірге деген
көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адам-
дармен де қарым-қатынас жасауын қиындатады. Дене
кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріндегі мінез-
құлқының ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс
балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға
қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы
бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын
адамдардың жан ашырлық сезімін оятып, оған деген
көзқарасты өзгертеді.
С.Л.Рубинштейін белгілегендей, ақылдың кешеуленуі терең деңгейде болса да, психика дамиды…Психика дамуы-бұл балалық шақтағы ағзаның кез-келген ең ауыр паталогиясынан өтіп шығатын өзгешелігі.
Ақылы кешеуленген балаларда өзгешелік (спецификалық) психикалардың дамуымен қатар, жас балалық шақта өзіндік эмоциялық ахуалдар да өтеді. Ақылы кешеуленген баланың эмоция және сезімінің пісіп жетілмеуі бірінші орында оның қажеттілігінің дамымауымен, мотивтер және ақылының дамуымен ерекшеленетіндігімен ескерілген.
Алғаш рет көмекші мектеп оқушыларының эмоционалды-ерік аймағының динамикасын М.С.Певзнер мен В.И.Лубовский (1963) зерттеген. Олигофрен балаларды алғашқы оқу жылынан бастап бітіргенге дейінгі уақытта кешенді түрде зерттеу арнайы түзете ықпал етудің әсерінен психикалық процестер, соның ішінде эмоционалды аймақ пен мінез-құлық қалай өзгеретіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудегі ерекше бағалы олигофрен-балалардың түрлі клиникалық нұсқасындағы тұлғасының даму динамикасы болып табылады. Егер де оқытудың алғашқы кезінде қозғыш олигофрендердің психологиялық ерекшеліктері психопотологиялыққа ұқсас болса, онда жоғарғы сыныпта олардың эмоционалды-ерік аймағында жағымды жылжу байқалады.
Баланың толық дамуы үшін оның ең алғашқы күнінен бастап анасымен жан-жақты байланыста болуды қажет ететіндігін зерттеулер көрсетіп отырғаны айқын. Мұндай байланыстың жоқ болуы баланың жүйкелік психикасын қолайсыздыққа ұшыратып қана қоймай, оны түзету үшін көп күш жұмсауды талап етеді. Баланың әрбір қобалжып, қиналуы оның дұрыс дамуына және көрсетілген көмек нәтижелерінің теріс болып шығуына жол ашады.

Эмоция патогенетикалық факторлардың ролін атқара алады. Қазіргі кезде осындай әсерлердің механизмдері жеткілікті тереңдетіліп зерттелуде.Сөйлеу функциясының негізгісі болып, қатынас құралы ретінде эмоцияның берілуі табылады.Сөйлеудің эмоционалды айқындылығы, оның толық тәрбиеленуінің маңызды факторы. Сондықтан да баланың сөйлеуінің бұзылысы кезінде, оның эмоционалды ахуалының дамуына дем берген дұрыс.

Эмоция патогенетикалық факторлардың ролін атқара алады. Қазіргі кезде осындай әсерлердің механизмдері жеткілікті тереңдетіліп зерттелуде.Сөйлеу функциясының негізгісі болып, қатынас құралы ретінде эмоцияның берілуі табылады.Сөйлеудің эмоционалды айқындылығы, оның толық тәрбиеленуінің маңызды факторы. Сондықтан да баланың сөйлеуінің бұзылысы кезінде, оның эмоционалды ахуалының дамуына дем берген дұрыс.

Дамуында ауытқушылығы бар балалардың көп бөлігі оларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатындағы ересектердің, қоғамның талпыныстарына қарамастан әлеуметтік-экономикалық өмірдегі интеграцияға дайын болмайды. Сонымен қатар дамуында кемістігі бар кез келген адам қажетті жағдайлар арқасында толық тұлға ретінде қалыптасып, рухани дамып, өзін-өзі материалды қамтамасыз етіп және қоғамға пайдасын тигізе алатынын зерттеу мен тәжірибе нәтижесі көрсетті.

Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі бала ерекше ықпал етуді қажет етеді. Оның тұлғасының қалыптасуын тиімді басқару үшін баланың барлық жас кезеңдеріндегі дамуының спецификасын, соның ішінде эмоционалды сферасын түсіндіретін психологиялық заңдылықтар туралы терең білім қажет.

Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі бала ерекше ықпал етуді қажет етеді. Оның тұлғасының қалыптасуын тиімді басқару үшін баланың барлық жас кезеңдеріндегі дамуының спецификасын, соның ішінде эмоционалды сферасын түсіндіретін психологиялық заңдылықтар туралы терең білім қажет.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет