ST сегментінің көтерілуімен жүретін ЖКС : бұл кеуде қуысында ауырсыну сезімі және басқа жағымсыз сезімдері, ST сегментінің тұрақты көтерілуімен немесе ЭКГ-да Гис шоғырының сол аяғының жаңа блокадасы бар науқастар. ST сегментінің тұрақты көтерілуі коранарлы артериялардың жіті толық окклюзиясына байланысты.
Жедел коронарлы синдром жіктелуі
Тұрақсыз стенокардия
Тұрақсыз стенокардия – ауырлығы мен ұзақтығы миокард некрозын туғызуға жеткіліксіз болатын миокардтың жіті ишемиялық процесі. Әдетте ЭКГ-да ST көтерілуі болмайды. Миокард некрозын көрсететін биомаркерлер мөлшері МИ инфарктын қоюға жеткіліксіз болады.
Тұрақсыз стенокардияның жіктелуі 1. Алғаш пайда болған 2. Үдемелі, 3. Инфарктан кейінгі стенокардия формалары, ол тұрақты стенокардияға ауысыды немесе ұзақ уақыт ремиссия болады немесе жедел миокард инфарктісі пайда болып кенеттен өліммен аяқталады.
Жедел коронарлы синдром ЖКС дамуына қауіп дәрежесі: Төменде көрсетілген бір фактор болуы шарт: ● ST сегментінің өзгерісі (1мм артық депрессия, Т тісшесі теріс, Т тісшесінің жалған қалыпқа келуі, 30 мин дейін Т тісшесінің 1 мм артық көтерілуі) ● Төс артына ауырсынудың қайталануы ●Ерте инфаркттен кейінгі стенокардия ● Арнайы ферменттердің элевациясы (Тропонин, КФК) ● Қантты диабет ● Гемодинамиканың тұрақсыз болуы ● Жүрек ритмінің ауыр бұзылысы(қарыншалар фибриляциясы)
Госпитализациялауға дейінгі этап: Алғашқы тексеріс әдістері:
- тропонин (Т немесе I)
- миоглобин
- лейкоциттер, тромбоциттер саны
- С – реактивті белок
Тропонин I — жиырылғыш белок, қалыпты жағдайда қан сарысуында анықталмайды, миокард некрозынан кейін қан сарысуында 3-6 сағаттан кейін анықталады; 7-10 күн аралығында оның концентрациясы жоғарғы қалыпта қалады.Тұрақсыз стенокардиямен науқастарда тропонин I оң болуы коронарлы асқынуларды (МИ) және өлімге қауіп жоғары екендігін көрсетеді..
Жедел жәрдем келгенше берілетін кеңестер
Науқасты басын көтеріп жатқызу;
Төсектік режим;
Науқасты тыныштандыру;
Тіластына нитроглицерин ,1-2 таблетка немесе 1-2 спрей дозасы,керек болса 5 минуттан кейін қайталау;