Анықтамасы


Босанудан кейінгі кезеңдегі сүт бездеріндегі физиологиялық өзгерістер. Босанған әйелдің жатырының инволюциясы. Маститтің алдын алу



бет17/41
Дата07.09.2022
өлшемі224 Kb.
#148929
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
воп экзамен сұрак
Химия. №1 дәріс, Туберкулез органов дыхания у взрослых
62.Босанудан кейінгі кезеңдегі сүт бездеріндегі физиологиялық өзгерістер. Босанған әйелдің жатырының инволюциясы. Маститтің алдын алу.
Сүт бездерінің функциясы босанғаннан кейін жоғарғы даму сатысына жетеді.Пролактин әсерінен сүт безі қанмен жақсы қамтамасыз етіледі.Күрделі рефлекторлық және гормональды жағдай әсерінен сүттің секрециясы жүреді.Нәрестені анасының кеудесіне алғаш рет бергенде лактация механизмі басталады.Лактацияның сақталуы емуге байланысты.Босанғаннан кейінгі 1ші тәулікте сүт бездерінен уыз бөлінеді.Ол нәрестенің АІШ жүйесін толыққанды сүтке дайындайды.Уыз-сарғыз сұйықтық, сілтілі реакция береді.Уыздың құрамы ақуыз (9%), минералдар(0,5%), көмірсу(4,5%),майлардан (3,5-4%) тұрады.
Жатыр инвалюциясы. Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты оның көлемі кішірейеді. Жатыр инвалюциясы қалыптасу үшін қуық және жатыр қуысы бос болуы керек.Жатырдың анық көлемін УДЗ жүргізу арқылы білуге болады.Алғашқы 3-4 кунде жатыр қуысы стерильды болады. Оған фагоцитоз бен жасушадан тыс протеолиз қатысады.
Лохия.Босанғаннан кейінгі бөлініс.6 апта көлемінде 500-1500 мл лохия бөлінеді. pH бейтарап және сілтілі.2-3 күндері лохиялар қызыл түсті.3-4 күндері қанды-серозды түрде болады.Толыққанды эндометрий 6аптадан кейін қалыпқа келеді.
Мастит профилактикасы. Мастит- сүт бездерінің қабынуы.Ауру жедел және созылмалы дамиды. Маститтің алдын алу ерте жүктілік кезінен басталғаны жөн. Болашақ аналардың денсаулығын мұқият тексеріп, эндогенді инфекция ошақтарын санациялау қажет.Әсіресе бірінші рет босанушы әйелдерде баланы емізу, омырауды күту, денешынықтыру ережелерімен таныстыру қажет.Жаңа туған нәрестелерді, аналарын іріңді хтрургиялық инфекциядан сақтауда перзентханада санитарлы-эпидемиологиялық тәртіп мұқият сақталуы керек. Мына жағдайды қатаң ұстау керек:
• қабыну және сызаттардың алдын алу үшін емшек ұшына қамқорлық жасау керк
• сүт безінің қатаюының алдын алу үшін жиі емізу және сауып отыру керек
• емізгенде балаға емшекті дұрыс беру
• емшекпен емізуді күрт узбеу, сәбиді емшектен біртінден айыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет