Созылмалы панкреатиттің клиникалық көріністері:
Рецидив беретін ауырулық абдоминалды синдром (жиірек құрсақтың алдыңғы қабырғасында, арқаға берілумен, диеталық жүктемелермен, алкоголь қабылдаумен). Ойықжара тəрізді ауырулық синдром, моториканың бұзылуымен сол жақтық бүйректік шаншумен клиниканы еске түсіреді.
Дене салмағының төмендеуі (мальабсорбция синдромы).
Сыртқы секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (стеаторея, гипокальциемия, гиповитаминоз).
Ішкі секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қантты диабет).
Созылмалы фиброзды-индуративті панкреатит үшін аралық сарғыштану тəн.
симптом «красных капелек» - четко отграниченные ярко-красные пятна на коже живота, груди, иногда в области спины;
симптом Гротта - атрофия подкожно-жировой клетчатки в зоне, соответствующей проекции поджелудочной железы на переднюю брюшную стенку;
Созылмалы панкреатиттің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностика ж/е емі:
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Зəр, қан амилазасы.
2. Қанның жалпы анализі.
3. С-рективті ақуызды анықтау.
4. АЛТ мен АСТ анықтау.
5. Жалпы билирубин мен фракцияларын анықтау.
6. Сілтілік фосфатазаны анықтау.
7. ГГТП.
8. Қан липазасы.
9. Қан глюкозасы, қанттық қисық.
10. Копрограммаға нəжіс.
11. Ұйқы безі, өт қабын УДЗ.
12. Гастроэнтеролог консультациясы.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Зəрдің жалпы анализі.
2. Қан кальциі.
3. Коагулограмма.
4. Жүктемемен қант.
5. Жалпы белокпен фракцияларды анықтау.
6. Құрсақ қуысының шолулық рентген суреті (көрсетімдер бойынша).
7. Құрсақ қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы (көрсетімдер бойынша).
8. Ұйқы безінің биопсиясымен лапароскопия (көрсетімдер бойынша).
9. Эндокринолог, хирург консультациясы (көрсетімдер бойынша).
Лабораторлық зерттеулердегі өзгерістер
Ауыру ұстамасы кезінде – сарысу амилазасы деңгейінің артуы, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз.
Өт шығару жолдарының обструкциясы кезінде – сілтілі фосфатаза , АЛТ мен билирубин деңгейінің артуы.
Қан сарысуының С-реактивті ақуызының концентрациясы, панкреатит ауырлығының сенімді корсеткіштері болып табылады.
АЛТ мен АСТ айтарлықтай артуы (үшреттік) панкреатиттің билиарлы этиологиясының пайдасында.
Емдеу ұзақтығы: 14 күн.
Дəрі-дəрмексіз ем: Диета №5.
Дəрі-дəрмектік ем:
СП асқынуының ауыр дəрежесінде шұғыл жəрдемге кіреді:
1. Ұйқыбездің функционалды белсенділігінің минимумға дейін төмендеуі: аштық, мұрынасқазандық зонд арқылы асқазан ішіндегіні аспирациялау, Н2-блокаторлар (Ранитидин 150-300 мг немесе Фамотидин 40-80 мг/тəу венаіщіне) немесе протондыө помпа ингибиторлары (Омепразол 40-80 мг/тəулігіне, Пантопразол 80 мг/тəулігіне, Рабепразол 40 мг/тəулігіне).
2. Ферменттердің панкреаттық секрециясын басу (Н2-блокаторлар, протондық помпа ингибиторлары, холиноблокаторлар, глюкагон, кальцитонин, 5-фторурацил, соматостатин жəне оның аналогтары октреотид 100 мкг тəулігіне 3 рет).
3. Қан айналымнан қабыну медиаторларын алып тастау (тұзды ерітінділермен инфузиялық терапия).
4. Ауыру синдромын басу – анальгетиктер мен спазмолиттік препараттарды тағайындау.
5. Инфекциялық асқынулармен күресі үшін жəне олардың даму қауіпінде цефалоспорин қатарының антибиотиктерін немесе стандартты дозада синтетикалық пенициллиндерді тағайындау көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |