38.Ана сүтімен тамақтандырудың тәртібі, бақылауы және техникасы. Қосымша тамақтарды енгізу.
39.Пневмониясы бар балаларды амбулаторлы-емханалық деңгейде жүргізу.
40.Нәрестенің денсаулық жағдайы мен дамуын жиынтықты бағалау, негізгі шектері. Қауіп факторлары, қауіп бағыттары. Қауіп топтарындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы.
41.Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы. Теміржетіспеушілік анемия (ТЖА). АМСК деңгейінде ТЖА-сы бар балаларды жүргізу ерекшеліктері. 42.Аралас тамақтандыруға көрсеткіштер. Бейімделген сүт қоспалары. Тиімділігін бағалау. Жасанды тамақтандыруды жүргізу техникасы. Тәуліктік сүт көлемін есептеу.
43.Фондық патологиясы бар балалардың диспансеризациясы. Созылмалы тамақтандыру бұзылыстары: гипотрофия, паратрофия. Қауіп топтары, диспансеризация, алдын алуы, вакцинация тактикасы.
44.Белсенді иммунизация. Алдын ала егу бөлмесі: жұмысының ұйымдастырылуы, алдын ала егуді жоспарлау, вакциналарды сақтау.
45.ҚР-да профилактикалық екпенің Ұлттық күнтізбесі. Алдын ала егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер, жүргізу мерзімдері және баланы екпеге дайындау.
46.Вакцинациядан кейінгі ерекше реакциялар мен асқынулар: жіктелісі, клиникалық көріністері, туындау себептері, емі және алдын алуы.
47.Балалардағы профилактикалық екпеге болатын қарапайым, жалпы және жергілікті реакциялар. Бағалау әдістері. Қауіп тобы, жеке күнтізбемен егу. Вакцинацияның жеңілдетілген әдістері.
48.Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. Қауіп тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы.
49.Патронаждық бақылауды ұйымдастыру, қауіп бағытын анықтау. Нәрестелік кезеңде патронаждық бақылауды ұйымдастыру. Шала туған балалардың патронаждық бақылауының ерекшеліктері. Нәресте перзентханадан шығарылғаннан соң телефон арқылы перзентханадан мәліметтер емханаға беріледі, күнделікті емхананың нәрестелерді тіркеу журналына: Анасының Т.А.Ә, мекен-жайы және баланың туған күні,айы,жылы жазылады. Қалыптасқан ережеге сәйкес, сәби перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 1-3-ші (дұрысы алғашқы 1-2-ші күндері) күндері жаңа туылған нәрестені үйіне қатынап дәрігер-мейірбикелік (1-ші қатынау – патронаж) қарайды,егер нәрестенің қауіп-факторлары, туа біткен қауіп ауытқулары болса, шала туылған немесе мерзімінен аса туылғандар, сонымен қатар тұңғыш бала болса, перзентханадан шыққан күні 1 тәулік ішінде патронаж жүргізген дұрыс.
Балалардың денсаулық деңгейін бағалау, балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын кешенді бағалау критерийлері негізінде жүргізіледі:анамнездегі ауытқулардың болуы немесе болмауы(биологиялық ,генеологиялық ,әлеуметтік), физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділік дәрежесі,жүйке психикалық дамуы және үйлесімділік дәрежесі, ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайлары,ағзаның реактивтілігі, туа біткен даму ақауларының дамуын анықтау.
ЖТД-ң бірінші патронажда негізгі міндеті жаңа туған нәрестенің денсаулық жағдайын бағалау, ананың лактациялық мүмкіншілігі және нәрестенің тұратын орта жағдайы.
Шала туылған балаларды стационардан шығарғаннан кейін күтім жасау патологияны дамытқан қауіпті анықтағаннан кейін жеке реабилитациялық бағдарламаларға сай жүргізіледі. Шала туылған барлық балалар жоғары қауіп тобына жатады, денсаулықтың ІІ тобында бақыланады. Олар аймақтық дәрігердің ерекше назарын талап етеді: алғашқы патронаж оларға өздерінің күшінің жақсы дамымауына байланысты ерекше күтімге мұқтаж болғандықтан босану үйінен немесе стационардан шыққан күннің ертесіне жүргізіледі.
Реабилитациялық іс-шаралардың көлемін анықтау үшін анамнез жинау барысында мүмкіндігінше баланың шала туылуына алып келген этиологиялық факторларды анықтау керек. Дәрігерлік тағайындауларды қатаң түрде жүзеге асыру және отбасымен тығыз байланыс орнату керек. Әдетте шала туылғандарға ойлау тұрғысынан және тұлғалық деффектімен ерекшеленетін физикалық және жүйке-психикалық дамуынан қалыс қалу , мүгедектікке алып келетін неврологиялық аурулар (гидроцефалия, эпилепсия, саңыраулық, балалар сал ауруы) тән. Отбасының төмен әлуметтік – экономикалық статусында, балаға күтімнің жеткіліксіздігінен және тәрбиенің дұрыс болмауы ақырын жағымсыз етеді(мүгедектік пен өлім).
Объективті тексеру кезінде шала туылғандардың функционалдық ерекшеліктерін есте сақтау керек. Жүйке жүйесі жағынан жабырқаулық синдромы, айқайының әлсіз болуы, бұлшық ет тонусының әлсіз болуы, физиологиялық рефлекстерінің әлсіздігі, терморегуляцияның дұрыс реттелмеуі тән. Тыныс алу жүйесін бағалау кезінде тыныс алу жиілігінің тұрақтылығы(35-80 рет минутына), тыныс тереңдігінің біркелкі еместігі, апноэ ұстамалары, аускультацияды ателектаз аймғында әлсіреген тыныс анықталады. Жүрек соғу жиілігі де ауытқымалы, минутына 140-180 рет аралығында ауытқып отырады. Қан тамырлық дистония анықталады. Тыныс алу мен қан айналым мүшелерінің дамымауы бала организмінің оттегімен қамтамасыз етілуінің жетіспеуіне одан кейін жағдайының одан әрі нашарлауына әкеледі. Шала туылған балаларды күту өте күрделі мәселе болып табылады. Олардың тіршілік әрекетін сақтап қалу үшін қолайлы шарттар мен тамақтандыру қажет.Бөлме температурасы 24-26 С градус аралығы болу қажет(себебі шала туылған балалар денесі тез салқындайды) , алдын-ала жылытылған киімдерді тез кигізу керек.Егер шала туылған бала ұзақ уақыт суланып қалған киіммен жататын болса, денесі салқындап қалады. Суға шомылдырған соң, нерестені жылытылған орамалға орайды. Мұрын саалқындауы денесі салқындауы белгісі. Терморегуляция толық жетілмегендіктен шала туылған бала тез қызып кетуі де мүмкін. Ол жағдайда маңдайда және мұрын ұшында тері тамшылары пайда болады. ОЖЖ толық жетілмегеніне байланысты, шала туылған балаға қауіпсіздік ережесін қалыптастыру керек, яғни сыртқы күшті қоздырғыштардан сақтау қажет: қатты әуен, айқай, жарық сәуле. Шала туылған баламен көп әңгімелесіп, қолға алу керек, бұл оның психикалық дамуына септік тигізеді. Неврологиялық және физикалық дамуында сенсорлық стимуляцияның алар орны зор. Бірақ, Шала туылған баланың тез шаршайтынын ұмытпау керекпіз.
Нәрестені қолға асықпай алу керек, себебі нәресте дене қалпын өзгерткен кезде қан тамырлары дистония әсерінен тез арада мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуы мүмкін.
Өмірінің бірінші айында барлық шала туылған балалар неврологпен, отолорингологпен, окулистпен қаралады. Егерде ЖЖЖ-і,қимыл-тірек аппараты,есту, көру жағынан бұзылыстар көрінетін болса, Шала туылған балалар сәйкесінше маман қаралуында болады.
Шала туылған балаларды тамақтандыру аса қиындықты туғызады. Асқазан сиымдылығы кішкентай болғандықтан, мұндай балаларға аз-аздан жиі тамақтандыру кеңес беріледі. Шала туылған балаларды емізу өте маңызды, себебі, асқорыту ферменттері өздерінде жеткіліксіз. Емшекпен емізу шала туылғандарда төмен гуморальдық иммунитеттің орнын толтырады және бейспицификалық қорғаныш факторын қалыптастырады. Емшекпен емізу кезінде Шала туылғандарда анемияның даму қаупі төмендейді. Жасанды тамақтандыру ретінде бейімделген қоспалар қолданылады.
Тыныс алу ағзаларының ауруларының алдын алу мақсатында, шала туылғандарды керуеттегі дене қалпын жиі алмастырып тұру қажет, себебі оларда тыныс жүйесіндегі іркілу көріністеріне бейім болып келеді.