Басқарудың демократялық стилі – басшының бағынушыларына қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллеектуалды мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды қолайлы етуге тырысады.
Басқару кадрлары – басқаруға толық қатысатын және басқару аппаратын құрайтын кәсіби жұмысшылар.
Басқару объектісі — басқарылатын жүйе (кәсіпорын, бөлімшелер, адамдар тобы)
Басқару құрылымы – басқармадағы звенолардың жекелеген жұмыскерлер жиынтығын және олардың бағыныштылығы арасындағы тікелей және көлбеу байланыстар.
Бәсеке – (лат. Conkurentia - қақтығысу, жарысу) тауар өндірушілер арасында өз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын экономикалық бақталастық, тауарларды өндіру мен өткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым жоғары пайда алу.
Биржа – мемлекеттің бақылауымен тұрақты жұмыс істейтін рынок нысанындағы мемлекеттік немесе акционерлік мекеме; тауар-ақша және тауар-айырбас операцияларын еркін қалыптастырып реттеп отыратын негізгі рыноктың құрылым. Ол тауар, қор биржалары, валюта, еңбек биржалары түріне бөлінеді.
Бизнес - (кәсіпкерлік) – қоғамның тауарларға немеск қызметтер мен жұмыстарға деген тұтынушылық қажеттіліктерін өтеуге және пайда табуға бағытталған экономикалық қызмет.
Бизнес-план – кәсіпорынды белгілі-бір кезеңге дамыту мақсатында кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді, стратегиялық жоспар
Брокер (делдал)- мүдделі тараптар (жеткізуші-тапсырыскерлер, тапсырушылар мен сатып алушылар)посредник на бирже, действующий от имени клиентов. Брокеры в отличий от арасында мәміле жасасу кезінде делдалдық жасаушы жеке тұлғалар немесе, фирмалар.
Бақылау — іс-әрекет бағдарламасының жүзеге асқандығын тексеретін басқару функциясының бір түрі, әрі басқарудың логикалық схемасының негізі элементі бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |