Қанның жастық ерекшеліктері және жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуы



Дата25.04.2022
өлшемі0,8 Mb.
#140826
түріҚұрамы
Байланысты:
Қанның жастық ерекшеліктері және жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуы

Қанның жастық ерекшеліктері және жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуы

  • ОРЫНДАҒАНДАР:Бегулиев Азамат
  • Қабылдаған:Шарипов Болат

1
Қан- формалы элементтерден –эритроцит, лейкоцит, тромбоцит және плазмадан тұратын сұйық зат. Плазма құрамы тұздар, белоктар, зат алмасу өнімдерінен тұрады. Жаңа туған баланың организміндегі қан дене салмағының 14,75%, 15 жастағы- 8,25%, ересек 8,3% құрайды. Қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Адам организмінің клеткалары шағын өзгерістеріне өте сезімтал келеді. Ішкі ортаның тіршілік жағдайының тұрақты болуын қолдап отыруды –гомеостаз дейміз. Организмде қанның қысымы, дене температурасы, қан және ұлпа сұйықтығының осмос қысымы, сондай-ақ белоктар мен қанттың болуын, натрий, кальций, хлор т.б. заттардың тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
2
Эритроциттер- дискке ұқсас ядросыз клетка. Құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындыларынан тұрады.Гемоглобин- құрамында темір бар белок тектес зат. Ол эритроцит пен қанға қызыл түс береді.
Лейкоциттер- қанның иммунитеттік қызметі. Қанның белсенді қозғалатын ядросы бар, формасы үнемі өзгеріп тұратын клеткалар тобы.. Лейкоциттердің нормадан артып кетуі-лейкоцитоз, аз төмендеуі-лейкопения деп аталады.
Тромбоциттер немесе қан пластинкалары өте ұсақ, формасыз клеткалар. Тромбоцит 150мыңға азайса –тромбопения. Тромбоцит саны азайған адамдарда қан ұйымайды-гемофилия. Қанды қан ұйытқыш дәрі арқылы тоқтатады.
3
Қан қызметі- қан тамырлар бойымен қан тұрақты қозғалыста болып, организмде тасымалдау қызметін атқарады. Оттегі қанмен бірге өкпеден организмнің барлық ұлпаларына барып, ал көмірқышқыл газы ұлпалардан кері өкпеге келеді. Қанмен бірге ас қорыту органдарынан ұлпаларға әртүрлі қорек заттары тасымалданады: амин қышқылдары, глюкоза, майлар, минералдық зат, витаминдер. Бұлардың артығы қор ретінде жиналады. Сонымен қатар ыдырау өнімдерін ұлпалардан бөлу органдарына жеткізеді. Қан қорғаныш қызметін атқарады- улы заттар, микроорганизмдердің енуіне лейкоциттер кедергі жасап, әртүрлі аурулардан, уланудан сақтайды.
4
Қан ағзада қалыпты жағдайда сұйық күйінде болады.Ал қан тамырлары жарақаттанғанда, ол қоюлана түсіп, жарақаттанған жерді бітеп, қан ағуын тоқтатады. Бұл қанның ұюы деп аталады. Егер қан ұюы болмаса организм қансырап, тіршілік жойылған болар еді. Қан ұю процесі 3-4 минут ішінде байқалады. Қан ұюы ағзадағы қорғаныштық қызмет атқарады.Қан ұю процесі- қан плазмасы құрамында сұйық түрінде фибриноген белогінің, ерімейтін фибрин белогына айналуы. Фибрин жіңішке жіпшелер тәрізді болады. Фибрин жіпшелері тор тәрізденіп қоюлана түседі. Қан ұюына кальций, К витамині, тромбин ферменттері қатысады.
Қан аздық- қанда эритроциттер санының немесе гемоглобин мөлшерінің кем болуы. Бала жасы неғұрлым кіші болса, қан азаю соғұрлым анық байқалады.
5
Жүрек-көкірек қуысының сол жағында төмендеу орналасқан. Пішіні конус тәрізді, салмағы-250-300г. 4 бөлімнен тұрады: 2 жүрекше мен 2 қарынша. Оң мен сол жағы ортасынан пердемен бөлінген. Жүрек 3 қабаттан: ішкі- эндокард, ортаңғы- миокард, сыртқы-эпикардтан тұрады. Эпикард жүрек қабы перикардтың ішкі астары. Балаларда эпикард ересектерге қарағанда жұқа, мөлдір. Сондықтан астындағы қан тамырлары анық көрінеді. Эндокард- бұнда жүрек қақпақшалары орналасқан. Бала эндокарды іркілдек болады. Жүрек жақтаушыларының күшті қабаты миокард. Оның талшықтары балаларда өте жіңішке, нәзік.
6
Қан қысымы- қан тамырларында болатын қысымды айтамыз. Қан тамырларындағы қанды қысым, мөлшері өзгеріп отырады. Адамдарда артерия қысымы тәулік бойы өзгеріп тұрады. Ұйқтағанда төмендейді, жұмыс істегенде жоғары болады. Оның орташа көрсеткіші тұрақты 7-8жас сынап бағанасы бойынша 99/64мм, 12 жас 105/70мм, 13-15жас 107/73мм, 20-40жас 108/80.Қан айналымының бұзылуына байланысты ауралар кезінде, сұйық мөлшері артық қабылданғанда қан қысымы өзгереді. Жоғары болуы-гипертония, төмен болу- гипотония деп аталады.
7

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


8

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет