«Оқу мотивациясын анықтау» сауалкама нәтижесі
-
Деңгейі
|
Балалар саны
|
|
Жоғары
|
11
|
|
Орта
|
7
|
|
Төмен
|
4
|
|
Бұл тест бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың оқу мотивациясы үш деңгейдеде көрініс бергенін анықтады. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде – 10, орта деңгейде – 7, төмен деңгейде – 4 оқушының көрсеткіштері сай болды.
Оқушыларының мектеп мотивациясын тексеруге арналған әдістеменің екінші тапсырмасы оқушыларға “Мектепте маған не ұнайды?” деген тақырыпта сурет салу тапсырылады. Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:
1. Мотивациясы дамымаған, мектеп мотивациясы жоқ, бірақ та оқушының ойын және басқа мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;
2. Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты оқушының талаптану деңгейі жоғары және мектеп талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді;
3. Тапсырманы түсінбеу немесе дұрыс қабылдамау, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 баллмен бағаланады.
Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:
- Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі, оқу жағдайындағы мектеп мотивациясының жоғарылығын керсетеді, оны 30 балмен бағалайды.
- Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балмен бағаланады.
- Мектептегі ойын жағдайы мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.
“Мектепте маған не ұнайды?” суретті талдау нәтижесі
№
|
Баланың аты
|
Сурет мазмұны
|
1
|
Асылжан
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
2
|
Арман
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
3
|
Әсем
|
Мектеп өмірімен байланысты, спорт алаңында ойнап жүрген кез көрсетілген
|
4
|
Әсел
|
Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты
|
5
|
Бағлан
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
6
|
Баян
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
7
|
Бақберген
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
8
|
Қалығаш
|
Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнаумен байланысты
|
9
|
Құрмет
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
10
|
Мақсат
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
11
|
Мөлдір
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
12
|
Мұқит
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
13
|
Марина
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
14
|
Нағима
|
Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген
|
15
|
Нұрбота
|
Мектеп өмірімен байланысты, спорт алаңында ойнап жүрген кез көрсетілген
|
16
|
Оксана
|
Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты
|
17
|
Перизат
|
Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты
|
18
|
Полат
|
Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты
|
19
|
Разия
|
Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген
|
20
|
Феруза
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
21
|
Шынар
|
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған.
|
22
|
Эльмира
|
Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген
|
Осы тест бойынша жүргізілген зерттеу 5 балаланың мотивациясы оқумен байланысты емес, мектептік болғаны мен сабақтан тыс жүргізілетін мәселелермен байланыстылығы анықталды және мектепке қызығушылық сыныптастарымен ойнауға байланысты екені анық байқалатынын көрсетті. Сондықтан олармен коррекциялық ойындар ұйымдастыру қажет болды.
Зерттеу нәтижесінде балалардың шамадан артық эмоционалды зорлануына негіз болып отырған себептерді анықтадық. Олар келесі кестеде көрсетілген.
Шамадан артық эмоционалдық зорлану себептерінің қорытынды кестесі
№
|
Эмоционалдық зорлануға себеп болатын жағдай
|
Балалар саны
|
1
|
Сәтсіздікке ұшыраудан қорқу
|
7
|
2
|
Үлгермеушіліктен қорқу
|
8
|
3
|
Қақтығыс жағдайдан қорқу
|
5
|
4
|
Басқалар қолдамауынан қорқу
|
6
|
5
|
Мұғалімдерден қорқу
|
7
|
6
|
Беделді адамдардан қорқу
|
2
|
7
|
Жазаланудан қорқу
|
4
|
8
|
Өзі түсінбеген қорқыныш сезім
|
6
|
9
|
Невротикалық қорқыныш
|
4
|
10
|
Созылмалы ауруы барлар
|
3
|
Кестеде көрсетілгендей ең кең тараған себептер үлгермеушіліктен, оқу барысында сәтсіздікке ұшыраудан, мұғалімнен, өзі түсінбеген жағдайлардан және басқалар қолдамауынан қорқу болып отыр.
2.2. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың эмоционалдық
жағдайын коррекциялау
Психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуге негіз болатын психотехникалар мен ойын коррекциялары жүйеге келтірілген. Психолог оларды пайдалану жолдарын үйреніп, қажетті әдістемелерді нақты анықтап алуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шамадан артық эмоционалдық зорлану жағдайына ұшырататын себептерді анықтап алғаннан соң оларды осы жағдайдан шығарып, олардың басқалармен сыйысымды мінез-құлық көрсетуіне, ізгі ниеттілік қасиеттерін қалыптастыру бағытында жүргізілген сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарын қосып өткізген тренинг сағаттарының үлгі-жоспарларын ұсынамыз. Бұл жоспарларға сүйене отырып көптеген варианттарын, тақырыптарын анықтап алуға болады.
Шамадан артық эмоционалдық зорлану жағдайында жүрген балалармен жүргізілетін іс-шаралар бағдарламасы.
1. Балаларды мектепке қабылдау барысында оқуға даярлығын анықтау үшін психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу.
2. Балаларды мектепке қабылдау барысында оларды мектеп режиміне үйретуге бағытталған сауықтыру іс-шараларын жүргізу.
3. Балалардың мектепішілік қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге арналған коррекциялық ойындар ұйымдастыру.
4. Үлкен үзілістер кезінде сауықтыру ойындарын ұйымдастыру.ционалдық зорлану жағдайынан шығарып, олардың басқалармен сыйысымды мінез-құлық көрсетуіне, ізгі ниеттілікін
5. Балалардың жан саулығын сақтауға бағытталған отбасы мен мектептің бірлесіп жүргізетін жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес беру.
6. Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес беру пункті жұмысын ұйымдастыру.
7. Бастауыш сынып оқушыларын психодиагностикалық зерттеу нәтижелерімен таныстырып, оны талдау, балалардың ырзашылығымен оның кейбір көрсеткіштерін ата-аналармен талдау.
8. Психокоррекция жүргізу қажетттілігі орын алғанда балалармен арнайы түзету-дамыту және коррекциялық жұмыстар жүргізу.
9. Балалардың және олардың ата-аналарының психологиялық білімін жетілдіру үшін мини лекциялар мен приактикалық сабақтар ұйымдастыру.
10. Балалар мен олардың ата-аналары арасында түсінбеушіліктер орын алғанда одан шығу жолдарын іздеу туралы психологиялық кеңес беру.
11. Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек көрсету.
12. Талапкерлерге арналған өзіне-өзі психологиялық көмек көрсету мектебін ұйымдастыру.
13. Оқушылар көмегімен мектепте психологиялық білімді насихат жүргізу апталығын өткізу.
14. Сұраныс бойынша мінез-құлқында ауытқулары бар балаларға арналған топтық психокоррекция және тренингтер жүргізу.
Кәсіби іс-тәжірибе барысында зерттелінген сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен психологиялық білім беру және коррекциялық жұмыстар жүргізілді.
Балалар коррекциялық топтарын құрғанда психодиагностикалық зерттеу барысында анықталған жеке тұлғалық ерекшеліктері мен олар туралы ата-аналары мен мектеп қызметкерлерінен түскен шағымдары ескеріледі. Балалар туралы шағымдар келесі екі түрде болды. Біріншісі, баланың топтағы құрбыларымен қарым-қатынас жасамауы. Ата-аналар баланың оқшау жүретінін оның мінезінің тұйықтығымен, сол себептен баланың жеке ойнағанды, кітап оқығанды, сурет салғанды ұнататындығымен түсіндіреді. Кейбір балалар басқалармен қарым-қатынас жасай алмауымен байланысты, кейде құрбыларымен жақсы ойнап, ал кейде бұртыйып ашуланып, төбелесіп, шатақ мінез көрсетуімен байланысты өзгелер оны жақтырмайды.
Екінші мағнадағы шағымдар бала мінезінің шатақ болуымен байланысты оны көндіру, тіл алдыру мүмкін еместігі, олар үлкендерге өрескіл, дөрекі сөйлеп, бағынбаушылық көрсететінін айтады. Бұл шағымның астары ата-аналардың өз ұрпақтарымен ғана емес, өздері де бір-бірімен тіл табыса алмай жүргенімен де байланысты болады. Отбасы өте күрделі жүйе болғандықтан оның бір жерінде кездесетін қиындық барлық қатынастар жүйесіне теріс әсер етеді.
Психокоррекция жүргізу туралы шешім қабылдау үшін проблеманың түбірі неде екенін нақты анықтап алу қажет болды. Оқушылар әлі бастауыш сыныптарда оқитын, ойын баласы жасынан шықпаған болғандықтан олармен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру ойын коррекциясын жүргізу туралы шешім қабылдадық.
Психокоррекциялық ойындар жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму проблемаларымен байланысты жүргізілетін коррекцияның негізгі әдісі болып табылады. Жеке тұлғалық қасиеттерді өңдеу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған психокоррекциялық ойындар барысында әр адамның өз тәжірибесінде қалыптасқан, дағды болып қалған әлеуметтік ролдерін орындау стереотиптері қайта құрылады. Коррекция тобының жұмысын бастар алдында қатысушыларды мінез-құлық ережелерімен таныстыру арқылы алдында тұрған мәселені шешуге бағытталған іс-әрекет келесі ережелер бойынша жүргізілетініне даярлау керек.
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тренингтік топтары жұмысын келесі принциптерге сай жүргізу қажет.
Арнайы тренингтерде қосымша принциптер мен ережелер қолданылуына байланысты әлеутеттік-психологиялық тренинг ұйымдастыруға негіз болатын көптеген принциптерінің ішінен негізгілерін атап көрсетеміз.
1. Өзара диалогизация принципі. Бұл ұстаным бойынша топтағы қарым-қатынас тұлғааралық теңдік, қатысушылардың өзара сыйласуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады да, монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді.
2. Тұрақты кері байланыс принципі. Қатысушылардың өзі туралы берген деректері топтың барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелеріне жеткізіліп отыруы. Кері байланыс арқылы адам коррекция жасаудың келесі қадамдарына өтуіне, ұнамсыз қарым-қатынас тәсілдерін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік береді. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс балалардың оң қасиеттерін барынша дамытуға мүмкіндік береді.
3. Өзін-өзі диагностикалау принципі. Қатысушылардың өз-өзінің ерекшеліктерін ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсініп алуына көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтың әр мүшесінің белгілі бір шешім қабылдауына және оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербалды қарым-қатынас тәсілі мен қатар практикалық әрекеттерін ұйымдастыру үлкен көмек көрсетеді.
4. Дамытуды оңтайландыру принципі. Жүргізушіден нақты диагностика нәтижелеріне сүйене отырып әр қатысушы мен топтың белгілі бір психологиялық күйінің мінездемесі айқындалып, сонымен қатар әсер ету шарттарын оңтайландыру мақсатында жасалып жатқан істерге белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.
5. Интеллектуалдық және эмоциялық сфераларды гормонизациялау принципі. Тренинг жоғары эмоциялды жағдайда өтетін болғандықтан қатысушылар өз өмірінде болған жағдайды шынайы айқындау жағдайында өтеді. Бұл принцип қатысушыларды ашық-жарқындаққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал екінші жағынан, болған жағдайларды талқалау кезінде интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы — барлық тренинг бойы қолданылатын топтық ойындар мен дискуссия элементтері.
6. Тренингке әр адамның өз еркімен қатысуы принципі. Балалармен жүргізілген жұмыстарға олардың табиғи түрдегі ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезінде пайда болмайды, оны талап етіп те керегі жоқ.
7. Топтың тұрақты құрамы принципі. Тренинг тобы жабық, тұрақты құраммен жүргізілуі керек, тек сонда ғана топ мүшелерінің толық ашылуына әсер ететін ерекше жағдай орын алып, тренинг тобының жұмысы тиімді болады.
8. Ену принципі. Тренинг тобының жұмыс уақытың ұзақтығы жұмыс басында анықталуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымды эффектіге ие болу үшін жүргізу мазмұны блоктарға бөліп жұмыс істегенде ғана табысқа қол жеткізуге болады. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген тренингтер 1-1,5 сағат, ал кейде бұдан ұзақ кезең бойында жүргізіледі. Бұл қатысушыларды «ерітуге», олардың ұзақ үзілістен кейін топтық процесстерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Мектептегі тренинг топтар мектептің сабақ кестесімен сыйымды кездерде жүргізіледі. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн.
9. Бөлектену принципі. Бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видио таспалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат алуы керек.
10. Еркін кеңістік принципі. Бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4, 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Сондықтан тренингтер кең бөлмелерде жүргізіледі.
Тренингке дайындық кезеңде болашақ тренинг тобымен алғашқы кездесу барысында топтық жұмыс ережелері мен таныстырылып, ойын коррекциясының мақсаты, әр баланың алдында тұрған проблемасы нақтыланды. Бұл мәселе екі кездесу барысында шешілді. Біріншісінде — міндеттері, мерзімі, кездесу ұзақтығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі. Жұмыс барысында мотивтеранықталады /қызығушылық, білімге құштарлық, жаңа тәжірибе алуға ұмтылыс, өмірге дайындық, өз проблемаларын шешу. Бұл топқа кездейсоқ адамдар емес, саналы түрде белбуған адамдар қатысады.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг барысы.
І. «Бұдан да тағы жылдамырақ бола ма?».
Мақсаты: аз уақыт ішінде топ есімдерін есте сақтау.
1.Топ мүшелері көздерін жұмып ақырындап жүре бастайды /бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, итеріспей мұқият болуларын қадағалау/. Топ жақсы араласқан соң "тоқта!" дейсіз.
2.Бәрі көздерін жұмып тұрады. Сіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды. Ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа уақытты белгілеп қойғаныңызды, белгіленген уақыттан да бөлек жылдам ойнауын сұраңыз.
3.Ол үшін оиыншыларға мынадай кеңес беріңіз: Есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл-оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп оның барысында есімдер қайталана бермейді.
4.Ойынның әр кезкңінен кейін қорытынды жасаңыз. Осы кезеңге ойыншыларға қанша уақыт қажет болғанын айтыңыз, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырыңыз, рекордтық мерзімін айтыңыз.
Нұсқау. Ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай олар үшінші, төртінші және т.с.с. ойыншылар қосылады. Мұның артықшылығы есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың бәрі қол алысқаннан кейін ғана ойын бітеді.
Қарым-қатынас адамның өзін адам екенін сезіну үшін қажет.Сондықтан мен «сенімен қарым-қатынас жасау жағымды ма?» тақырыбында тренинг өткізіп, онда оқушыларға «қарым-қатынас жасай білесіңдер ме, оны өздеріңнің құрбыларың жақсы біледі, ендеше сендер қарым-қатынаста қандайсыңдар?" деген сауалдар қойылды. Оны тест ойыны арқылы анықтауға тырыстық.
Шарт. Тренингке қатысушылардың әрқайсысында қатысушы бала санына қарай парақ қағаз болуы керек. Кесте бойынша әр баламен қалай қарым-қатынас жасайсыз, бағалайсыз.
Кесте.
«+» - 2-сенімен қарым-қатынас жасау өте жағымды.
«+» - 1-сен қарым-қатынаста ашықсың.
«» - 0 - білмеймін, сенімен көп қарым-қатынас жасамаймын.
«-» - 1-сенімен қарым-қатынас жасау кейде жағымсыз.
«-» - 2-сенімен қарым-қатынас жасау өте қиын.
Қатысушы әр бала түгеліне дерлік бағалауы қажет. Әр қағаз бүктеліп, бағаланған адамның аты жазылып өзіне беріледі.
Әркім бағалап болған соң «+» тер мен «–« тер жеке саналып есептелінеді. Соңынан балалардың өз пікірлері тыңдалады.Соның нәтижесінде сынып ішіндегі қарым-қатынаста жағымды, жағымсыз балалар анықталады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас байланысы, қарым-қатынас мәдениеті, қарым-қатынас әдебі, қарым-қатынас тәрбиесі, қарым-қатынас жиілігі, қарым-қатынас өркениеттілігі тағы сол сияқты, әрбір адамға етене таныс сөздерді үйреншікті, қалыптасып қалған бар әдет ретінде күнделікті өмір ағымы барысында айтыпты, естіпте жүреміз. Алайда сөздердің мағынасына яғни олардың функционалдық мазмұнына мән бере бермеиміз.
Қарым-қатынас мәдениеті — адамдр арасындағы өзара тығыз байланыс-тылықты қамтамасыз етуге соның негізінде іс-әрекеттер жүйесін үйлестіріп, реттеуге, дұрыс бағыт түзеуге, ой-сананы дамытып әркімнің өмірден лайықты орнын табуға мүмкіндік туғызу.
Қарым-қатынас адам өмірінің барлық салаларына терең ендеп бара жатқан құбылыс. Оның мән-мазмұнының өте-мөте сан алуан екендігіне күмән жоқ. Қарым-қатынас тіршілік атаулының (оның ішінде адам өмірі ерекше). Қалыптылығын сақтауды қамтудан бастап, адамдардың мән-мазмұнды табиғатындағы толымды өмір сүру жолын жетілдіру, оның амалдарын табу, таңдау, өңдеу, оларды өмір салты құралдарына айналдыру мақсатындағы саналы байланысын, өткені мен бүгінгіні және болашақтық сабақтастылығын қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жеке көңіл күй әсерін жеткізуден бастап, ақпараттар тасымалдай алмау, жекеленген адамдардың, ықшам және әлеуметтік топтардың, халықтардың, ұрпақтардың мақсаты өзара ықпалдастығын орнатып,жүзеге асыратын негізгі құрал. Осы айтылған ой-пікірлердің өзі қарым-қатынасқа берілер сипаттар мен анықтамалар мүмкіндігінің толассыз болатындығын, оның әлі де беймәлім тұстары мен мәндері қарсыларының ашыла беретінін көрсетіп отыр. Біздің негізгі мақсатымыз осы қарым-қатынас туралы берілген сипаттамалар мен анықтамалар ішінен мәні жоғары деп саналатын яғни қалыпты жағдайда сондай көзқарас орныққан, атап айтқанда «қарым-қатынас» қызмет түрі деп санайтын мәселеге ерекше тоқталып, орнын ажырата көрсету болып отыр. Сонымен қарым-қатынас қызмет түрі. Өйткені ол да қызметтің басқа түрлері сияқты белгілі бір мақсатқа жүгініңкі, нормаға тәуелді. Ендеше оның берер нәтижесі бар. Белгілі бір жағдайда өзінің тиімділігін көрсетеді деген сөз. Қарым-қатынастың мақсаты әрбір жеке адамның немесе тұтас алып қарағанда қоғамның бірлескен қызметіне түзетулер ендіру мен жоспарлау жатады. Яғни қарым-қатынас басқа коммуникативті емес қызметтерді қамтиды. Олай болған жағдайда қарым-қатынас нақтылы өндірімді қызмет түріне жатады. Яғни қызметтің бұл түрі материалдық және рухани игілігі бар өзгешелігі болумен сипатталады.
Адамның жан-дүниесіне игі әсер жасау жағдайын адамның жеке басты рухани жетімділігі қалайды. Яғни әрбір адамның психологиялық кемелдігі басқа адамның ішкі жан сарайына деген нақты мейірімділік көзқараспен, оның потенциалын толықтай іске қосылуына адал ниетпен қарау жәен жәрдем беру әрекетімен көрінеді. Егерде қарым-қатынас мақсаты адамның ішкі жан-сарайына игі әсер жасауды міндетке алса, онда қарым-қатынастың іскерлік және өнегелілік нәтижелік жақтарына қойылатын талаптар тығыз байланыста болады. Адамның рухани өсуі үшін тек тілеулейік ниетпен шектелмей, оның мәселелерін көре білу, әрі шешімін тауып беруге жәрдем беру керек. Мысалды еске алайық.Шағынға адамның көңіл-күйіне досының формалары көзқарас танытуы байланысқа жеміс бермейді дедік.
Бірақ шын пейілдегі бірге қамығуда, қатынастың ойдағыдай қалуына жеткізе алмайды. Мұның себебі мынада: Айталық өзін жәбірленуші санаған адамның әрекетінде дұрыстық жоқ ісі теріс, ал ол өз қателігін мойындағысы келмейді. Ал «жәбірленушіні» қарсы алған досы, оның қөңілінен шығып, оның іс-әрекетін дұрысқа шығарса, досының көңіл-күйі көтеріліп жуасиды. Бір қарағанда байланыс мақсатына жеткендей көрінеді. Ал шын мәнінде жәбірленген адам үшін байланыс пайда әкелген жоқ. Мұндайда болған жағдайды асықпай байыптап, қателік кімнен болғанын ақылғы салып, дұрыс басу айтып, жіберген қателігіне досының көзін жеткізіп, алда осындай қателіктен сақтану жолына кеңес айтса онда байланыс жемісті өтті-деп есептеуге болады.
Алайда басу айтушының өзі тек шын көңілменен сәттілік тілейтін «тілеугөй», «тілеуқор» кісі ғана болмай, үлкен психологиялық білімдар адам болғаны абзал. Досының қателігін бетіне бірден басып айтып салу байланысқа теріс ықпал жасауы мүмкін. Яғни, дос жылатып айтады, дұшпан күліп айтадыға абай болуы керек. Байыпты талдау ғана нәтижеге жеткізеді. Кінәні дүрсе қоя бетке басу қарсы кісіге қорғануға итермелейді. Сөйтіп өз позициясынан қайтпай екі жақтыда сыңар көңіл-күй орнығады.
Бұл мәселені талдауда белгілі орыс оқымыстысы В.А.Яров үлкен жетістіктерге жеткен. Ғалым тұжырымы мінез-құлықты диспозициялық реттеу, яғни белгілі жерге орналастыру деп аталады. Осы концепсияға байланысты субьект мінез-құлығына психологиялық реттілік жасау жеке адамның диспозициялық-ұстаным жүйесі негізінде анықталынады. Диспозициялық құрылу сатылы жағдайда қалыптасады. Сатының төменгі деңгейінде элементарлы бағыт-бағдар көрсетілсе, екінші деңгейде әлеуметтік бағдар берілуі тиіс екен.
Үшінші деңгейде адам өмірі мақсатындағы құндылық бағдар жүйесі құрылады және осы мақсаттарға қол жеткізу құралы жасалады. Яғни қарым-қатынас процесін реттеу үш деңгейде өтілуі шарт.
1. Қарым-қатынас процесіне қандай көзқараспен қарауымыз керек.
Мұнда өмірдің талабына сай қойылған міндеттерді шешу мақсатында қарым-қатынас процестерін белсенді түрде пайдалану бағдарын ұстану ықтималдылығымен білінеді. Бұл жерде қойылған мақсатқа жеткізетін тиімді құрал ретінде қарым-қатынастың рөл атқара алатындығы туралы түсініктің орнығуы іске асады. Сондай ақ преспектикаға оң эмоционалды көзқарас танытудан айналадағы адамдармен байланысқа түсу; портнетмен өзара ықпалдастық процесін жақсы жолға қою үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайындық пен құштарлық таныту орын алады. Өйткені қарым-қатынас процесі қарым-қатынасқа түскен серіктестің жеке жол табуды, ситуация ерекшелігін ескеріп отыруды талаптайды. Өзіңнің тұлғалық әсер салуың қарым-қатынасқа түскендердің жанына әрбір кездесудің қалдырған ізі болып саналады.
2. Қарым-қатынасқа түскен серіктеске қатысты көзқарас.
Табысты қарым-қатынасты қалау үшін ең бастысы алдыңғы бөтен адамға көңіл бөлу аса қажеттілік. Ғылыми тілмен яғни А.А.Ухтомскийдің сөзімен айтқанда «Әңгімелеуші доминантқа дегенкөңіл бөлу өз алдына ерекше болуы керек». Барлық күш-қайрат, ынта-жігер, жан шуағы, көңіл-күйі, яғни барлық «мақсаттағы бет алыс», қарама-қарсаңында отарған адам мен өз арадағы тосқауылды, сезіктік, күдіктік пиғыл-ойды сейілтіп «сен» сенімділік әлеміне жол ашуға жұмсалуы керек. Бұлардың бәрінің де мүмкін болатындығын өз басын құрметтей алатындардың бәрі де біледі деуге болады.
Сөйтіп қарым-қатынасқа түскен партнерге қатысты ықтималды диспозиция-серігіңнің жеке басты жан-дүние байығы мен даралығын мойындауды, оның жеке бас проблемалары мен істеріне қол ұшын беруге даярлық көңіл-күйдің әрқашанда болуын талаптайды.
3. Өзіңе қатысты көзқарас.
Өзің туралы, өзіңнің кім, қандай екендігіңді елестете білу, өз бағаңды білу, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға өзара ықпалдастықта болуға елеулі әсерін жасайды. Өз-өзін білетін адам басқаның бойындағы бар асылды немесе керісінше кемшілікті реалистік-ақиқатты тұрғыда көре алады, басқа адам туралы ой-пікір тұжырымы ақиқат-шындық, дұрыстығында бере алатын қабілеті болады. Әдетте ондай адамдар басқа туралы тегінде дұрыс, жақсылық ойлап, тілек тілеуші көңіл білдіріп адам бағасын көтеріп тұрады.
Адамдағы өзіне қатысты көзқарас оның әлеуметтік мінез-құлқына да әсерін жасайды. Мәселен американ психологы М.Розенберктің мәліметі бойынша өз басын құрметтеу сезімі төмен адамдарда мынадай сипатты ерекшеліктер болады екен: тұрлаусыз және әлжуаз пайым жасау, сана-сезім өз әлсіздігі мен дәрменсіздігінің беті ашылып қалуынан сезіктеніп жүру. Осыдан келіп ортадан қашу, қосылмай беймәлім жүру немесе жасанды ролмен, бет пердемен көріну әрекеттерімен болу сияқты ерекшеліктер болады.
Мұндай адамдар сынға төзімсіз жеңіл жараланғыш, барлық нәрсеге қарайды және сезімге алғыш келеді. Өз басын қадірлей алмайтын адамдар жалғыздықтың құрбаны болады. Олардың әлеуметтік белсенділігі төмен, саясатқа, қоғамдық шараларға немқұрайлы қарайды және басқару қызметінде сирек кездеседі.
Сонымен адам баласының әлеуметтік тәртібінің дұрыс болуының шарты: өзіңді шынайы, біле-білу, өз мүмкіндігіңді, күшті жағыңдыда, әлсіз жағыңды да білу, өз басыңдағы жағымды жақтарды бағалай білу, басқаларға қандай жағымдылығыңмен қадірлісің соны білу өзіңнің озық әлеуметіңді дамытуға ұмтыла білу болып табылады.
ІІ. Стреске қарсы 10 амал мен ереже:
Ең қиын кездердің өзінде амалдармен араласуды тоқтатпаңыз. Өзін жалғыз сезінетін, өз қайғысымен жалғыздан-жалғыз қалдым деп ойлайтын адамға дос-жарандар өте қажет. Досыңызбен телефон арқылы аз ғана сөйлескеніңіздің өзі уыс-уыс дәрі ішкеннен әлдеқайда тиімді әсер етуі мүмкін.
Стрессті тудыратын нәрсені жоюға тырысыңыз. Мысалы, егер сіз әріптестеріңізбен жанжалдассаңыз немесе жұмыста қиындықтар болса, олармен арақатынасыңызды реттеп, ортақ жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға тырысыңыз.
Жақын адамдарыңызбен өз проблемаларыңызды талқылаудан қорықпаңыз. Ұрыс-керіс, дау-жанжалдың көбі үйде болатыны белгілі, өйткені адамдардың көбінің кешке қарай жүйкесі шаршайды да болмашы нәрсеге ренжігіш, ашуланғыш келеді.
Ол жөнінде өздеріңіз қателігіңізді болашақта қайталамас үшін ғана еске аларсыз. Өзгертуге болмайтын нәрсе туралы ойлап, өзіңізді кінәлау ештеңеге әкелмейді. Болар іс болды. Оны өзгерту мүмкін емес екенін, енді үнтаспа лентасы секілді кері айналдыра алмайтыныңызды ұмытпайсыз.
Тұратын, жұмыс істейтін жеріңіздегі мүліктер, жиһаздарға назар аударыңыз. Пәтеріңізді (мүмкін болса, жұмыс орыныңызды) көркейткенде қызыл және сары түстен аулақ болыңыз, өйткені қызыл түс адамды қоздырады, сары түс болса, алғашында жылы, жағымды әсер еткенімен, ақыр соңында адам психикасы басып-жаншиды. Сонымен қатар, қабырғалары тым ашық түске боялған жерлерде ересектер жиі ұрысып, балалар болса жиі төбелесетіні байқалған. Сондықтан жасыл-көгілдір гаммадағы жұмсақ, солғын түстерді таңдаңыз.
Егер стресс уақыттың жетіспеуінен туса,өз өмірімізді қалай тиімді ұйымдастыруға болатыны жөнінде ойланыңыз. Ең болмаса, таңертең әдеттегіден 15 минуттай ерте тұрып көріңіз. Осылай сіз асып-саспай жиналып жұмысыңызға кетіңіз.
Өмірдегі басты мақсаттарыңызды айқындап алыңыз, барлық күш-жігеріңізді соған жетуге бағыттаңыз. Алға қойған мақсатқа қарай апаратын жолдарға кішкентай жетістіктің өзі жан сезімді жақсартады.
Дене жаттығуларын жасауда ешқандай естен шығармаңыз. Олар жүйкенің тозуын жеңуге көмектеседі (өйткені, бұлшық етте стресс гормонының антогонисі – сүт қышқылы жиналады).
Музыка - өте маңызды психотерапевті элемент! Осыны ұмытпаңыз. Сондықтан музыканы, әсіресе, бұрын көңіліңізді көтерген әуендерді жиірек тыңдаңыз.
Және де ең бастысы – көңіл көтеру, күліп-ойнау өміріңізден берік орын алсын. Өйткені, күлкі сіздің психологиялық қорғаныш күшіңіздің негізін құрайды. Сондықтан тұрған бойда күлімдеп, тағы бір таңның сіз үшін атқанына қуаныңыз.
Уақытты босқа өткізбеңіз: жуынып жатып, айнадағы бейнеңізге қарап күліңіз! Бұны бірден жасай алмадыңыз ба? Бейнеңізге қарап бет-ауызыңызды тыржитып, оны келеке етіңіз – сіз міндетті түрде күлесіз! Ұялмаңыз, аздап есерленуден қорықпаңыз! Дәл осындай балалық қылық – жастықтың, жан, психика, жүйке саулығының белгісі ғой!
Осы даярлықтан соң тренинг ойындары кеңінен пайдаланды. Олардың біршамасын мысал ретінде келтіреміз.
Тренинг ойындары.
«Телеграф»
Шеңбер бойынша қатысушылардың барлығы бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрады да, ортаға жүргізуші шығып: «кімде кім Илястың досының жолдауын жариялайды»-дейді. Барлығы қолдарын жіберіп, алған аманатты тезірек адресатқа жеткізуге тырысады. Бұл уақытта жүргізуші барлығының әрекеттерін байқап тұрады. Егер «телеграф» жұмысында сымтетіктің бұзылып қалғанын көрсе басқа тапсырма беріледі. Жіберуші мен адресат та ауысып, олар шеңбердің екі ұшын құрады, ал шеңбер боймен телеграмма қайта жіберіледі.
«Мафия»
Топта 1-12 немесе одан да көп адам болуы мүмкін. Ойынның шарты: кеспе қағазы таратылып, таңбалалары бар (мұндағы М-мафия, (3 кеспе қағаз) К-полиция комиссары, бос кеспе қағаз-тұрғындар.
Ешкім көршісінің қағазында не жазылғанын көрмеуі керек, әркім тек өзінінің ролін ғана біледі. (бұл жиналмалы қағаз болуы мүмкін. Одан кейін кеспе қағазы жиналып немесе басқа қатысушылардан жасырын сақталады.
Жүргізуші: «барлығың кіші қала тұрғындарысыңдар. Іштеріңде мафия, комиссар, полиция және бейбіт тұрғындар бар. Ойынның мақсаты – тезірек мафиядан құтылу.
Барлығы көзін жұмады. Сөз жүргізушіде. Мафия көзін ашып, іс әрекет жоспарымен танысады. Оған 30 секунд уақыт беріледі, сонан соң ол көзін жұмады.
Комиссар көзін ашады. Комиссар сөзсіз «Сұрақ-жауап» жүргізушіден мафияның кім екендігін сұрайды. Оған жүргізуші ыммен осы немесе жоқ деп жауап береді.
Барлығы көзді ашып, кім мафия екендігін талқылайды.
«2«мафиозия» осы деп басым көпшілігі ұсынған кандидатурасын таңдайды.
Келесі дауыс беруші кім «мафиоза» екенін шешеді, ойынға қатысушылардың тағы біреуі көзін ашады, бірақ ойында кім болып қатысатындығын айтпайды.
«Мафия» алдында қатысушылар үрейленіп, ол қандай адам екендігін және ол кімге қуаіпті екендігін біле алмай үрейленеді.
Ойын жалғасады. Түн болады барлығы ұйықтағанада тек мафия сергек болып қалады, ол олай-бұлай жүреді де бейбіт тұрғындарды өлтіреді. (бұдан «мафия» бірдей уақытта саусағын жоғары көтеру керек)
Жүргізуші барлық қатысушыны шеңбер бойымен есептейді, егер ол сол кезде қатысушы аталған мафия қолын жоғары көтерсе, өлтіру үшін. Егер мафия келісімісіз бірдей уақытта дауысын бермесе онда барлығы қалады. Мафия бір мәрте дауыс беруге құқы бар.
9. Комиссар уақыты. Азан болып, барлығы оянады. Мафия түргі әрекеті барысында бейбіт тұрғындарды өлтіруге келісіледі немесе барлығын тірі қалдыру туралы келісімге келеді.
Қайтадан талқылау болады. Мафия кім екендігі бірақ тек бір адамды талқылайды. Екінші «қауіптенуші» ойынды аяқтайды. Ойынның 7 пункті қайталанады. Әлі мафия жеңілмеген. Олар келесі түнде бейбіт тұрғындарға қандай қастандық жасайтынын ойынды жүргізуші ашық түрде айтып жүргізуі керек, ойнаушыларды «отқа май құйғандай» қоздарып. Кейде қатысушыларды қорқыныш сезімі билеуі мүмкін. Сол эмоционалдық жағдайға терең бөленудің ішкі шамадан артық зорлануынан шығуына мүмкіндік береді.
«Соқыр» жән жетекшісі.
Бір «соқыр» (көзіне қара мата жабыстырамыз) басқасы оны алып жүріп жанында қоршаған заттармен таныстырады (стол, қабырға және т.б.) 5-минут. Бұл уақыт ішінде топтағылардың бірнешеуі соқырды жетелеп, оған кедергіден өтуіп шығуына көмектеседі. Жетекші бірнеше мәрте заттардың орындарын ауыстырады.
Орнына басқа «соқыр» келеді. Осындай орын алмасу бірнеше рет қайталанады. Ойынның аяғында барлығы үнсіз тұрады. Содан соң соқыр болған адам өзіне жетекші болған адамды табады. Ойыннан кейін өзінің сезімі жайлы әңгіме жазуға немесе сурет салуға болады. Бір-біріне ынтымақтастыққа үйретеді.
Ойын «Бос кресло»
Бір ойнаушы креслода отырады, басқа қатысушылар оның арқасында тұрады. Бір орын бос болады, бірақ орындық жетіспеген қатысшуылар саны екеу. Команда берілген кезде барлық қатысушылар орындарынан тұрып музыка ырғағымен билейді. Музыка тоқтаған кезде барлығы орындықтарға отыруы керек. Кімге орын жетпей қалса сол қатысушы ойыннан уақытша шығады. Келесі айналымда бір оырндақ алынып тасталады да қалған балаларға тағы бір орындық жетпейтіндей жағдайда ойын жалғатырылады (ойын өте көңілді өтеді). Бұл ойын ермек ойындарға жатады, дегенмен басқалармен емін-еркін қатынаста болуға үлкен әсерін тигізеді.
Келесі кезеңде «Ауа шарында ұшу», «Адам тұрмайтын құрлық», «Қара және қызыл», «Су астындағы қайық», «Бұлақ сияқты», «үшінші» ойындары ұйымдастырылады. Әрбір ойын алдында әртүрлі мақсат қойылады (топта жіктелу, дене құрысын босаңсыту, комплексті түрдегі жаттығулар, тынығуға арналған ойындар) беріледі.
Ойын тренингінен соң жүргізілген сауал жауап, ата-аналармен әңгімелесу нәтижесінде балалардың да, ата-аналарының да ойы бір жерден шыққанын көрсетті: олар жалпы эмоционалдық жағдайларының бұрынғыға қарағанда оң белгіге бет бұрғаны анық байқалатындығын атап өтті. Отбасында қақтығыс, түсінбеушілік, ұрыс-керіс жағдайлар сирегірек бола бастағаны айтылды. Зерттелінушілердің басым көпшілігі ұнамсыз нәрселердің әсерінен кейде өзін ұстай алмай қалатындық орын алғаны мен, бұрынғыға қарағанда ұсақ-түйек нәрселерге бола күйгелектенбейтін көрсеткішке ие болды. Ата-аналары мен балаларының көрсеткіштерін салыстырмалы талдау барысында олар бір-біріне өте жақын болып шықты. Негізгі өзгеріс – теріс эмоцияға бөлену және шамадан артық зорлану жағдайына ұшырау, мазасыздану және агрессивтілік көрсеткіштері төмендеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.
1. Адамдардың шамадан артық эмоционалды зорлануы туралы ой-пікірлер көптеген ғалымдар еңбектерінде кеңінен талданған. Өтейбойдақ Тлеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінде, Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерінде, Құбағұл Жарықбаевтың оқулықтарында эмоционалдық жағдайлар сыныптастырылып, оның түрлеріне сипаттама берілген. Г.Сельенің пікірі бойынша, қолайсыз ықпалыдың әсерінен алдыңғы гипофиз бен бүйрекүсті бездерінің сыртқы қабаты гормондарының артық түзіліп өндірілуі жатады. Сол себептен ол гормондарды Г.Селье адаптациялық (икемділік, бейімділік), гормондары деп атады.
Бүгінгі күнгі көз-қарас бойынша стресс жүйке жүйесі мен ішкі сөлденіс (секреті) бездерінің қатысуымен дамитын организмнің күрделі жүйкелік-гуморалдық серпілісі деп түсіндіріледі. Шын мәнінде көпшілік жағдайларда ұзаққа созылған және жиі қайталанатын қолайсыз ықпалдардан кейінде организм тіршілікке икемділігін жоғалтпай өмір сүре береді. Демек, организм ауыртпалықтарға икемделіп, бейімделе алады деп тұжырымдауға болдады.
2. Бұл проблема психологияда жаңа емес, сондықтан ол көп саладағы зерттеулерде орын алған. З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни, Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейг т.б. ғалымдар өз еңбектерінде агрессияның табиғатын зерттеу нәтижесінде оның табиғатына нешетүрлі көзқарастар қалыптасты. Г.А.Андеева, В.В.Знаков, Л.П.Колчина, А. Басс, А.Дарки, О.Ю.Михайлова, А.А.Реан, Т.Г.Румянцева, Я.Л.Коломинский т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде балалардың мінез ауытқуларының аныќтамасы мен сипаты, ауытқулардың пайда болу себептері мен шығу көздері талданған, стресс, онымен байланысты орын алатын агрессиялықты зерттеу және коррекциялау мәселелері орын алған.
3. Зерттеу барысында балалардың шамадан артық эмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері стресс, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, депривация түрлерінің орын алуы, мектептік адаптациясының төмен болуы, шатақ мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар деп анықтадық.
Шамадан артық эмоционалдық зорланудың табиғатына байланысты басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүреді. Әсіресе баланың агрессивті мінез көрсетуіне, мазасыздануға стресс негіз болады. Сонымен қатар шатақ мінез көрсету стереотиптері де стресстің нәтижесі болып келеді. Сондықтан балада көрініс берген шамадан артық эмоционалды зорлануын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның мазасыздануын, агрессиясын, шатақ мінезін (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігі мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан оқытушылар қойған бағаларды менсінбеушілік, соған байланысты ыза қысып, балалардың стресс жағдайында жүргені анықталды. Ал балалар стресс жағдайда агрессивті мінез көрсететіні дәлелденген.
4. Біз зерттеуге 4 сыныпты алғанымыздың себебі бұл жас кезеңіндегі балалардың ата-аналары мектептен қашып жүреді. Психокоррекциялық іс-шаралар барысында ата-аналар мектепті білім беретін, үйрететін орын екеніне көзі жетіп, шақырған кезде келетін болды. Осы көрсеткіш психологиялық қызметтің және коррекция жұмысының қажеттігінің дәлелі болды.
Шамадан артық эмоционалдық зорлануы байқалған балаларға психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.
Балалармен психокоррекция жұмысы оларды өздерін-өздері диагностикалап, алдыларында тұрған проблемаларды қанығырақ түсінуден бастау керек. Сондықтан балалармен «депрессия қаупі жоқ па?» деген тапсырманы орындаудан бастап, келесі кезеңде психокоррекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
Психокоррекцияға балалармен бірге олардың ата-аналарын қатыстырып жүргізілсе ол іс-шараның тиімділігі арта түседі. Психокоррекциялық жұмыс барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:
- Баланы әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету;
Дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру;
Адамға деген сенімділік, эмпатия тәрбиесін дамыту;
Баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру;
Ата-аналар мен олардың балаларына арналған психологиялық ақпараттарды тарату жағдайларын қарастыру (ата-аналар жиналыстарында, петагогикалық кеңестерде баяндамалар жасау, әр түрлі психологиялық білімін жетілдіру іс-шараларын ұйымдастыру).
Дипломдық жұмыс материалдарын шамадан артық зорлануы байқалған балалармен коррекция жүргізуге және олардың ата-аналарымен психологиялық білім беру жұмысын жүргізуге және студенттерді кәсіби қызметке даярлау барысында пайдалануға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халққа жолдаған «Қазақстан 2030» үндеуі, 1997.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, 1999.
Балалар құқығы туралы Конвенция, 1995.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.
Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы тіралы» Заңы, 2002.
Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. – Алматы: 2004.
Абрамова Г.С. Практическая психология. - М.: 2001.
Айғабылов Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – Алматы, 1972.
Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. - М.: 1981.
Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. - М.: 1984.
Афанасьева Т.М. Семья. Жоғары сынып оқушыларына арналған кітап. Алматы: Мектеп, 1985.
Айзенк Т.Дж. Проверьте свои способности – М., 1972.
Аткинсон Р. Человеческая память в процессе обучения – М.,1980.
Альманах психологических тестов – М., 1995.
Арнольд О. Бальзам на душу или как победить стресс. – М.: 2005.
Бодалев А.А. Личность и общение – М., 1995.
Божович Л.И. Проблемы формирования личности – Воронеж, 1995.
Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу. Этнопсихология және этнопедагогика конференциясы материалдарының тезистері. - Алматы: 2005.
Битянова М.Р. Практическая психология. - М.: 1997.
Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток: практ. Руководство для отчаявшмхся родителей. Пер. С англ. – М: Просвещение, 1991.
Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. - С-Пб.: 1998.
Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. - М.: 1991.
Веккер В.К. Психические процессы – Л., 1981.
Вилюнас В.К. Психологические механизмы мотивации человека – М., 1990.
Валлон А. Психологическое развитие ребенка. - М.:, 1967.
Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. - М.:, 1982.
Введение в психологию /Под ред. А.В. Петровского – М., 1995.
Голубева Э.А. Способности и индивидуальность – М., 1993.
Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию – М., 1996.
Годфруа Ж. Что такое психология – М., 1992.
Грановская Р.М. Элементы практической психологии. - М.:, 1997.
Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. - М.:, 1991.
Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. - Киев: 1989.
Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. - М.: 1996.
Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигене общения. - М.: 1987.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы: 2004.
Жарықбаев Қ., Калиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: 1995.
Жарықбаев К. Жантануға кіріспе. Хрестоматия - . Алматы: 2005.
Жарықбаев Қ. Психология.- Алматы: 1993.
Ениколапов С.Н. Некоторые результаты исследования агрессии. - М.: «Наука», 1979.
Иванников В.А. Психологические механизмы волевой регуляции – М., 1991.
Изард К.Е. Эмоции человека – М., 1980.
История зарубежной психологии. Тексты. /Под ред. П.Я. Гальперина, А.Н. Ждан – М., 1986.
Кроник А., Кроник Е. В главных ролях: вы, мы, он, ты, я – М., 1989.
Калиев С., Майғарапова Ш. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. – Алматы, Рауан: 1990.
Қоянбаев Ж. Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі.- Алматы, Рауан: 1990.
Квимен В. Прикладная психология. - С-Пб.: 2001.
Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая психология на каждый день. М., 1998.
Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. - Питер: 2001.
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.- М.: МГУ: 1981.
Лурия А.Р. Ощущение и восприятие – М., 1975.
Лурия А.Р. Речь и мышление – М., 1975.
Лучшие психологические тесты /Под. ред. А.Ф. Кудряшова – СПб., 1992.
Малашкина М.М. Популярная история психологии – М., 2000.
Матейчик З. Родители и дети. Книга для учителя. - М.: 1992.
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность – М., 1975.
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики – М., 1972.
Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық қызмет.- Алматы: 2004 – 122 б.
Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. – Алматы: 1994 – 230 б.
Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л., 1983.
Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.3. М., 1996.
Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. І т. – Шымкент: 2006.
Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология.ІІ т. – Шымкент: 2007.
Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. - М.: 1996.
Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. - М.: 2000.
Общая психология - Под. ред. А.В. Петровского – М., 1986.
Общая психология /Сост. Е.М. Рогов – М.,1995.
Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь.- М ., 1990.
Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.
Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления.- М: 1981.
Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.- Алматы: 1987.
Промова О.Н. Конфликтология Москва 2000ж.
Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық.. Алматы, 2006.
Прученков А.С. Тренинг личностного роста. – М.: 1999
Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: 1996.
Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология.- М. : 1990.
Римский С., Римская Р. Практическая психология. М., 1999.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. В 2 т. – М., 1989.
Словарь практического психолога /Под. ред. С.Ю. Головина. – Минск: изд. Харвест, 1997. – 660 с.
Столяренко Л.Д. Основы психологии – М., 1996.
Столяренко А.М. Психология и педагогика – М., 2001.
Столяренко Л.Д. Основы психологии. - . Ростов-на-Дону: 2002.
Селье Г. Стресс без дистресса. М.: 1988.
Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина.- М.: 1999.
Субботский Е.В. Ребенок открывает мир.- М:, 1991.
Тихомиров О.К. Психология мышления – М., 1957.
Табылдиев Ә. Әдеп әліппесі. – Алматы: Рауан, 1997.
Фрейд З. Введение в психоанализ – М., 1991.
Фресс П., Пиаже Ж. Экспериментальная психология – М., 1975.
Фромм Э. Душа человека – М., 1992.
Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. -. М.: 1989 – 248 б.
Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании.- М: 1995 – 542
Цзен Н., Похомов Ю. Психологические игры в спорте. – М., 1997.
Эльконин Д.Б. Детская психология.- М:, 1990 - 452 б.
Юнг К. Психологические типы (Психология индивидуальных различий) – М., 1982.
Достарыңызбен бөлісу: |