Антидот және антидотты қолдану туралы түсінік



Дата30.01.2023
өлшемі14,87 Mb.
#166830
Байланысты:
32.33 билет


Билет 32

1.
Антидот және антидотты қолдану туралы түсінік


Антидот , уға қарсы дәрі. Мәселен, қабынған тіс ұлпасын жансыздандыруға қолданып жүрген мышьяк пастасының күйік тәрізді зардабын емдеу үшін магний оксиді және йод тұнбасы, унитиол пайдаланылады.

Антидот (antidotum — у басқыш) дегеніміз — денедегі улы заттарды залалсыздандыру мақсатымен қолданьглатын әртүрлі химиялық қосылыстар: оларды профилактикалық, емдік мақсатта қолданады. Залалсыздандыру әсері антидотпен удың сіңу жолында немесе сіңген соң жануар ұлпалары мен органдарында бір-бірімен өзара әсерлесу арқылы өрбиді. Уды организмге сіңбей тұрып (ас қорыту жолдарында немесе тері бетінде) залалсыздандырудың мәні зор. Антидоттық әсер негізі әртүрлі әсер ету механизмдерінен түрады: бейтараптандыру, өзіне сіңіріп алу, ерімейтін күйге түсіру т.б. Өз уақытында іске асырылған залалсыздандыру шаралары уланудың алдын алуға немесе улануды айтарлықтай бәсеңдетуге мүмкіндік туғызады. Организмге сіңіп үлгерген уды залалсыздандыру сіңіп үлгермеген уды залалсыздандыруға қарағанда анағүрлым күрделірек. Мұндай жағдайларда уды залалсыздандыру немесе бейтараптандыру қарама-қарсы әсер ететін заттар (әсері басымырақ келетін) тағайындау арқылы жүзеге асырылады (бәсекелестік қатынас). Антидоттар есебіңце фенол, гидроксил, аминтоптары бархимиялық қосылыстардың маңызы зор. Мұндай қосылыстардың (унитиол дитиоглицерин жөне т.б.) әсері олардың тізбектік тотығу реакцияларын бүзуына байланысты болады. Фосфор органикалық қосылыстармен уланған кездерде холинэстеразаның активтілігін төмендететін заттар тағайындалынады. Этилендиаминтетрасірке қышқылының препараттары ауыр металдардың тұздарымен қосылыса отырып, бүйрек арқылы оңай бөлінетін қосылыстар түзеді. Натрий хлориді, қымыздық қышқылын залалсыздандырып, оны ерімейтін кальции оксалатына өзгертеді. Дәл осындай өдіспен натрий сульфаты барий түздарын ерімейтін қосылыстарға өзгертеді. Синил қышқылымен уланған кездерде амилнитрит гемаглобинінің біраз бөлігін метгемоглабинге ауыстырып, метгемоглабиннің бірнеше реакциялардан соң гемоглабиннің темір күрамдас ферменттерінің HCN-тен ажыратады да, оны улы өсері жоқ роданиттерге ауыстырады. Көптеген улы заттарды (сулема т.б.) ерімейтін қосылыстарға ауыстыру үшін «түрақтандырылған« күкірт сутекті суды пайдаланғалы 100 жылдай уақыт болды.


2.






















3.
Нитриттер мен нитраттарды анықтау


нитрат пен нитриттерді табу.

Пробиркаға 1 мл күкірт қышқылды 0,5% дифениламин ертіндісін құю керек. Асқорту трактысынын ішкі затынын фильтратынан 1 мл ертінде пипеткамен қабаттайды. Нитрит пен нитраттар болған жерде көк сақина пайда болады. Қорытынды жасайды.


2-тәжірибе: Индикаторлы қағаз индам арқылы өсімдік обьектілерінен нитрат пен нитрит жинағын анықтау. Анализ алынатын үлгіден шырын тамшысын алып индикатор табақшаға тамызады. 1 мин кейін егер нитрат пен нитрит болатын болса табақша боялады. Анализ жасалған үлгі атын графадан бағалау кестесінің шкаласы бойынша индикаторлы қағазбен тауып, боялған табақшанын сәйкес келетіндігін салыстырмыз. Көрсетілген сан 1кг азыкта қанша мг нитрит барын көрсетеді.


Билет 33

1.
Пестицидтер классификациясы және оларға жалпы сипаттама.
Қазіргі таңда ауылшаруашылығында тыңайтқыштар мен фитосанитарлы өнімдер (пестицидтер) қатал белгіленген мөлшерлерде көптеп қолданылады. Олар негізінен
Ауылшаруашылық дақылдарының дұрыс өсуін қамтамасыз ететін азоттың, фосфордың және калийдің қажетті деңгейін ұстап тұру үшін, және өсімдіктердің жәндіктерге ауруларға және зеңге қарсылығын күшейту үшін қолданылады.
Пестицидтер (лат. pesfo -жұқпалы ауру, cido-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына , арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне , жануарлар экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар. Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі. Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп); тұрақтылығы (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі.
акарецидтер - кенелермен күресу үшін;
альгицидтер - балдырлар мен басқа да су өсімдіктері құрту үшін;
антисептиктер - бейметалл материалдарды
микроорганизмдерден қорғау үшін;
бактерицидтер - өсімдіктердің бактериалды ауруларымен
және бактериялармен күресу үшін;
2000жылдан бастап Қазақстан Республикасындаөсімдіктерді қорғау мәселесі мен карантиніне көп көңіл бөлінуде. Аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осы мәселеге қатысты республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әртүрлі жолмен пайдаланылатын және қолданылатын 810-ға жуық пестицидтер (улы химикаттар) тіркелген. Жыл сайын тіркелген пестицидтер (улыхимикаттар) тізбесі пестицидтер токсикологиясы зертханасының базасында сынақтан өткен жаңа 15-20 препаратпен толықтырылып отырады.
Пестицидтерді қолдану жәнеқоршаған ортадағы объектілерде олардың қалдық құрамын бақылауды жүзеге асыру мәселесі, сондай-ақ полихлорлы бифенилдер мен диоксиндерге бақылау жасау мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген елдерде де өзекті мәселе болып табылады.

2


3.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет