Антигельминттік препараттар



Дата08.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#97983
Байланысты:
антигельминттік заттар

Антигельминттік препараттар

  • Антигельминттік заттар – жануарларды гельминттерден арылту үшін қолданылатын дәрілік заттар. Паразиттің биологиялық ерекшелігіне, құрылымына және тіршілік ететін жеріне байланысты әртүрлі дәрілік заттар қолданады
  • Дәрілік заттардың антигельминттік әсері әр түрлі деңгейде болады. Кейбір жағдайларда организм гельминттерден толық арылатын болса, ал ендібір жағдайларда жартылай арылады.
  • Антигельминттік заттар паразиттің анатомиялық биологиялық ерекшеліктеріне және қандай топқа жататынына байланысты әртүрлі әсер етеді. Мысалы, бір түрге жататын паразиттердің ішінде препараттың белсенділігі, паразиттің қандай даму сатысында екендігіне байланысты
  • Препараттарды ұнтақ, таблетка, суспензия, эмульсия, ерітінді түрінде қоректік заттарға қосып береді немесе зонды арқылы енгізеді. Кейде капсула түрінде де беруге болады. Егер, ауру қоздырғыштары тоқ ішекте шоғырланған болса, препаратты ректальды жолмен енгізеді, ал ұлпалардың гельминтозында бұлшық етке енгізеді.

Препараттары:

  • Төртхлорлы көміртек
  • Фенесол
  • Фенотиазин
  • Дефезил
  • Фасциолин
  • Алтыхлорлы этан
  • Төртхлорлы көміртек(Carbonei tetrachloridum) – хлорофорымды еске түсіретін мөлдір, түссіз, сұйық зат. Қайнау температурасы 73-77 С. Препарат өте төзімді, сол себепті оны бірнеше жылдар бойы сақтап беруге болады. «Б» тізімінде сақталады
  • Төртхлорлы көміртек нематод, трематод және анкилостоматидтерге өте уытты әсер етеді, ал аскаридалар үшін уыттылығы онша емес. Төртхлорлы көміртектің әлсіз концентрациясымен фасциолаларға әсер еткенде, олардың қозғалысы нашарлап, салдана бастайды. Салдану кезінде паразиттің кейбір органеллалары некрозданып, өліп қалады. Сол себепті төртхлорлы көміртектен кейін іш айдағыш заттарды қолданбай ақ қоюға болады. Қойларға 1мл төртхлорлы көміртекті қолданғаннан кейін, 6-8 сағаттан соң фосциолдардың 50% ал бір тәуліктен соң барлығы өледі. Қойлардың 90-95% гельминттерден толық арылады
  • Фасциолин – ароматты иісі бар, түссіз кристалдар. Суда ерімейді, майлар мен этил спиртінде ериді. Фасциолидті әсер етеді. Фасциолиннің суда еритіндігін ескере отырып, оны қарын мен ішектерде бір қалыпты таралатын пішінде қолданған жөн.
  • Фасциолиннің емдік дозаларынан жануарлардағы кейбір зат алмасу түрлері бұзылады, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлайды, қан қысымы төмендеп, оның құрамындағы эритроциттер мен лейкоциттердің мөлшері артады. Ас қорыту жүйесінің өзгеруі мен қан қысымының төмендеуі 2-3 күнге дейін созылады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет