Антикеңестік күштер



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,16 Kb.
#82855
1   2   3   4
Байланысты:
тарих практика

Кеңестерге қарсы күрес
Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда үкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады.
Алаш басшылығы үш ай бойы мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, ел қорғау, сот, жер мәселелері бойынша бұйрықтар шығарып, өз билігін орнықтыруға тырысты.[11]. Сібір үкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір үкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. Ол «Қырғыз (қазақ) автономиясы туралы мәселеге» деп аталды. Онда былай делінді: «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді.
Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді.[12].
Бұл жазбада не нәрсе өзіне назар аудартады?
Біріншісі - өзін танытуға тырысу, яғни Алашорда үкіметі келіссөз жүргізу барысында өз мемлекеттілігін көрсетуге ұмтылды. Екіншісі — Алашорда бірыңғай ресейлік биліктің күйреуі жағдайында дербес өмір сүру заңдылығын дәлелдеуге талпыныс жасады. Үшіншісі — Алашорда билігін қалыптастыруға тырысты. Төртіншісі — Қазақ автономиясын тану қажеттігін, жергілікті жерлерде автономияның қалыптасу үрдісі басталғанын дәлелдеуге ұмтылды: «Біздің Сібір үкіметімен ұзаққа созылған келіссөздеріміз Орал облысындағы Алаш автономиясын жойды. Мүмкін, большевиктерден азат етілген қырғыз облыстары Алаш автономиясын күтіп отырмастан, Түркістанмен жақындасудың бағыт-бағдарын іздер».[15]. Бесіншісі — Ресей Алаш автономиясын мойындамаған жағдайда Түркістаннан айырылады, ал Сібір Алаш сияқты одақтасын жоғалтады: «Автономияның құлау қаупі Алаш партиясына қалай болғанда да Алашорданы Сібірмен одақ болудан бас тартуға, Алаш автономиясын жариялауға және қырғыз халқының бірлігін сақтап қалуға тырысуға мәжбүр етеді.
Сібір үкіметінің Алаш автономиясын мойындауы Түркістанды Ресей аумағындағы федерациялық құрылым ретінде орнығуына мүмкіндік берер еді».[16].
«Комиссияға білікті, жөн білетін адам ретінде Алашорданың басшысы Ә. Бөкейханов тартылды.[17]. Төрт күн бойы — 29,30 шілде, 2,3 тамыз күндері комиссия Алашорда басшыларының ұсыныстарын қарап, Сібір үкіметі Алашордамен белгілі бір келісімге келуі қажет деген қорытындыға келді. Комиссия Алашорда мен қазақ автономиясының саяси статусы туралы мәселені айналып өтіп, хаттағы бірқатар ұсыныстар бойынша келісілген шешімдер қабылдады: Алашорда қазақ халқының билік органы деп танылды, оған киіз үй басы бойынша және арнайы салық жинауға рұқсат етілді. Бұдан басқа, Алашорда ұлттық сот жүйесін құруға мүмкіндік алды. Қарулы күштерге - ұлттық әскерге келетін болсақ, ол Сібірдің белгілі бір әскери ведомствосының принциптеріне негізделе отырып құрылатын және қару-жарақпен қамтамасыз етілетін болды. Ұлттық әскердің басшысын, бөлімшелердің командирлерін Алашорда үкіметінің келісімімен Сібір әскери үкіметі тағайындайтын болды.[18]. Сөйтіп, Алашорданы жартылай тану мәмілесіне қол жеткізілді, бірақ мұнымен бірге Сібір үкіметіне бұл келісімді қайта қарауға мүмкіндік берілді. Алашордаға белгілі бір жеңілдік бере отырып, Сібір үкіметі басты саяси мәселеде өктемдік танытты.
Алашорда Қазақстанның аумақтық тұтастығы проблемасын шешіп жатқан осы тұста мәселені түбірінен өзгерткен саяси оқиға өтіп жатты. Сібір әскерінің құрылуы мен нығаюы және әскері қатты женіліске ұшыраған Құрылтай жиналысы комитетінің күйреуімен байланысты Директорияның ішінде күштердін арасалмағы елеулі түрде өзгерді. Оның әсерлер партиясынан сайланған мүшелері беделден мүлде айырылды. Олардың нақты тірегі болмады. Директорияның Сібір үкіметін таратып жіберуге тырысқан әрекетінен ештене шықпады.
Алашорданы тарату туралы шешім Ә. Бөкейханов пен барлық Алаш қайраткерлеріне мүлде күтпеген жағдай болды.
Шын мәнінде Алашорда басшылығы 1918 жылы ұлттық қарулы күшті құрумен айналысқан еді. Алғашқы Алаш отряды, айтылып өткендей, 1918 жылы қаңтар-ақпанда Верныйда құрылған болатын, бірақ Жетісуда Кеңес өкіметі орнасымен (1918 жылғы наурыз) ол қарусыздандырылып, таратылды.
Алаш көсемдері Ә. Бөкейханов пен Ә. Ермеков әскери бөлімнің меңгерушісі X. Тоқтамышевпен бірге 1918 жылы шілде мен тамызда Самарадағы Құрылтай жиналысының комитеті және Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен Алашорда қарулы күштерін құруға көмек көрсету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшесінің басшылары Жанша мен Халел Досмұхамедовтер Самарадан Құрылтай жиналысынын комитеті арқылы 600 винтовка мен пулемет алды және жақын уақытта 2000 адамнан тұратын қазақ әскерін ұйымдастыруға уәде етті.
Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстармен бірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды. Сонымен қатар біраз уақытқа дейін еріктілік принципі де сақталып келді. 1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Қазақстанның аумағында Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінін құрылу базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының кеңестік уездері (Торғай мен Ырғыз) болды.
Ақ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар және басқалар да қатысты.
Азамат соғысында жеңіске жете бастаған большевиктер ақ гвардияшылардан және түрлі үкіметтерден қатты көңілі қалған алаштықтармен байланыс орната бастады. Өз кезегінде Ә. Бөкейхановтың айтуымен Алашорданың көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш азаматтары Кеңестік билікпен келісімге баруға мәжбүр болды.
1919 жылы наурызда тұтқынға алынғандардың ішінде кейбір Алаш белсенділері де болды, олар: азаматтық іс бойынша қазақ сотының төрағасы Ж. Ақбаев және «Сарыарқа» газетінің редакторы Имам Әлімбеков еді. Оларды большевизмге қатысы бар деп кінәлады. И. Әлімбековке бұған қосымша заңсыз қару сақтаған, әсерлер ұйымымен астыртын байланыс орнатқан және үкіметке қарсы листовка құрастыруға қатысқан деген айып тағылады. Петропавлда шығатын және өз оқырмандары арасында Алаш қозғалысының идеяларын насихаттайтын «Жас азамат» жастар газеті жабылады.[25].
Ақтар режимі Алашордаға сенімсіздік білдірді, кейде жаулық пиғыл танытып қауіп төндірді, сөйтіп одақтасының мүлде түңілуін тудырып қана қоймай, оған ұлттың өз тағдырын өзі анықтау проблемасын шешудің басқа әдіс-амалдарын іздеуге ұмтылдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет