Әскерикоммунизм саясаты «Әскери коммунизм» саясаты РКФСР-дағы нысанда, дәл сондай ауқымда жүргізілмегенмен, оның жекелеген элементтері Қазақстанда да іске асырылды. Қазақстанның революция орталығынан алыс жатқандығы, өлкенің едәуір аумағында жүріп жатқан әскери қимылдардан шаруашылықтың құлдырауы, жекелеген уездер мен облыстардағы шаруашылық-экономикалық дамудың өзіне тән ерекшелігі және басқа факторлар өлкеде азық-түлік салғыртын енгізуге мүмкіндік бермеді. Бұл саясатты толықтай жүзеге асыру негізгі астықты өңірлерді «ақтардан» азат еткеннен кейін, яғни 1920 жылдың басында ғана мүмкін болды.[2].
Бұл екі арада Азамат соғысы елде кеңінен қанат жая түсті. Қазақстанмен шектесетін аумақтарда бірқатар аймақтық кеңеске қарсы үкіметтер пайда болды.
Антанта елдері қолдаған чехословак корпусының көмегімен Самарада әсер-ақгвардияшылар үкіметі - Құрылтай жиналысы комитеті (Комуч), Омбыда адмирал Колчак баскарған Уақытша Сібір үкіметі құрылды. 1918 жылы 18 қаңтарда Орынбордан куылған атаман Дутов Кенестерге қарсы қайта шабуылға шықты, 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Кеңестік Түркістанды Орталық Ресейден бөліп тастады. Қазақстанның көптетен өңірлерінде Азамат соғысының етек жайып, Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Кеңестерге қарсы бірігіп күресу үшін Орынборда атаман Дутовпен одақ құрды. Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысы комитетімен (Комуч) тығыз байланыс орнатты, Кеңестерге қарсы бірлесе күрес жүргізу мақсатымен Орал, Сібір және Жетісу қазақтарымен байланысын нығайта түсті.
Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.
1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды.[3]. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды.[4].
1918 жылғы 24 маусымдағы заң актісімен «Алаш аумағында 1917 жылы 17 маусымда Уақытша үкіметтің қаулысымен енгізіліп, оны Кеңес өкіметі жойып жіберген земстволық мекемелер қайта қалпына келтірілді»