№
|
Қадам
|
Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері
|
1.
|
Науқаспен байланыс орнатыңыз
|
Науқаспен алғашқы байланыс орнатты - амандасып, өзін таныстырды; науқастың атын сұрады; осы уақытта ол оңтайлы қашықтықты орната алды. Науқасқа тексерудің мәнін түсіндірді. Медициналық манипуляция жүргізуге ауызша келісім алды.
|
2.
|
Гигиеналық әдіспен қолды өңдеу
|
Қолын жуды, бір рет қолданылатын сүлгімен сүртті. Бір рет қолданылатын қолғап киді.
|
3.
|
Жүкті әйелді кушеткаға жатқызу
|
Жүкті әйелді кушеткаға арқасымен жатқызып, іш бұлшықеттерін босаңсыту үшін жамбас және тізе буындарын сәл бүгіп жатқызды. Науқастың оң жағына бетіне қарап тұрды.
Науқасқа жағдайын түсіндіріп айтты және түсінген-түсінбегенін сұрап кері байланыс орнатты.
|
4.
|
Эмоционалды басымдылықты төмендету
|
Науқасқа көңілі тыныш болу үшін, көңіл-күйін көтеретін қолдау сөздерін қолданды.
|
5
|
Іш айналасының өлшемін алу (ІА)
|
Іш айналасының өлшемін (ІАӨ) сантиметрлік таспамен өлшеді: таспаны - артқы жағына бел аймағының ортасынан, алдыңғы жағына - кіндік деңгейімен орналастырды.
|
6
|
Жатыр түбінің биіктігін өлшеу (ЖТБ)
|
Жатыр түбінің биіктігін өлшеді (ЖТБ): сантиметрлік таспаның бір ұшын симфиздің жоғарғы жиегіне орнатып, оң қолымен қысып, сол қолымен таспаны іштің алдыңғы бетіне, жатырдың түбіне созды.
|
7
|
Леопольд-Левицкийдің І әдісін көрсету
|
Леопольд-Левицкийдің І әдісін көрсетті - жатыр түбінің және жатырдың түбінде орналасқан ұрықтың үлкен бөлігінің тұру деңгейін анықтады. Қолдарын жатырдың түбіне қойып терең батырды, жатыр түбінің тұру деңгейін, сондай-ақ жатырдың түбінде орналасқан ұрықтың бір бөлігін анықтады.
|
8
|
Леопольд-Левицкийдің ІІ әдісін көрсеу
|
Леопольд-Левицкийдің ІІ әдісін көрсетті. Ұрықтың арқасы мен майда бөліктерін, позициясын, түрін анықтады.
|
9
|
Леопольд-Левицкийдің ІІІ әдісін көрсеу
|
Леопольд-Левицкийдің ІІІ әдісін көрсетті. Ұрықтың жатқан бөлігін анықтады
|
10.
|
Леопольд-Левицкийдің ІV әдісін көрсеу
|
Леопольд-Левицкийдің ІV әдісін көрсетті. Ұрықтың жатқан бөлігінің кіші жамбас астауына қатынасын анықтады.
Эмоциялық шиеленісті жою және ақпараттандыру дағдысын көрсетті.
|