Антисептикалыќ жјне дезинфекциялаушы заттар



бет3/6
Дата17.12.2023
өлшемі112,5 Kb.
#197412
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
262782(1)

Белокты ортада хлор препараттарының белсенділігі айтарлықтай төмендейді. Антибактериалды әсермен қатар хлор препараттары иісті жояды, ткандерді түссіздендіреді және зақымдайды, металлдардың коррозиясын шақырады, инсектицидтік әсер көрсетеді. Хлорамин Б қолданылуы: жұқпалы жараларды, науқасты күтуге арналған заттар мен науқастың бөлінділерін залалсыздандыру үшін және металл емес инструменттерді, бөлмелерді дезинфекциялау үшін. Стоматология практикасында антисептикалық зат ретінде бұл препаратты стоматитте шырышты қабаттарды, пародонтитте тіс-қызыл иек қалталарын өңдеу үшін және пульпит, пародонтитті емдеуде түбір каналдарын залалсыздандыру үшін кеңінен қолданады.

Хлорамин Б жанама әсерлері: тыныс алу жолдарын және жаққан жердің тітіркенуі. Йодтың спиртті ерітіндісі – құрамында белсенді йоды бар препарат. Фармакологиялық әсерлері: антисептикалық, қан тоқтатқыш, фунгицидтік (саңырауқұлаққа қарсы), иісті жоятын, тітіркендіргіш, алаңдатушы әсерлері бар. Антисептик ретінде операциялық аймақты, тері жарақаттарын өңдеуге, миозит, артрит кезінде алаңдатушы зат ретінде қолданылады. Йод препаратының күйдіргіш әсерін жарақат, травма кезінде қан кетулерді тоқтату үшін қолданады. Стоматологияда стоматитті емдеуге, ал самай-жақ буынының артритінде, периодонтитте ионофорез жасауға қолданылады.

Йодтың спиртті ерітіндісінің жанама әсерлері: препаратты ұзақ қолданғанда йодизм құбылысы байқалады. Тіндердің өткізгіштігі жоғарылап, келесі симптомдар: бездердің секрециясы жоғарылауы, мұрын қабыну, гайморит, фронтит, көзден жас ағу, жөтел, тіндердің ісінуі пайда болады.

Йодинол – құрамы 0,1% йодтан, 0,3% калий йодидінен, 0,9% поливинилді спирттен тұратын, 1% сулы ерітінді түрінде қолданылады. Йодинолдың антисептикалық әсері құрамындағы молекулярлы йодқа байланысты болады. Йодинолдың құрамындағы поливинилді спирт 1. Йодтың босап шығуын баяулатады 2. Оның дене тіндерімен әсерлесуін ұзартады 3. Йодтың тіндерді тітіркендіруін төмендетеді.

Йодинолдың қолданылуы:

  • Созылмалы тонзилит
  • Іріңді отит
  • Іріңді хирургиялық аурулар
  • Трофикалық және варикоздық жараларда
  • Термиялық және химиялық күйіктер
  • Стоматологияда – кариестің асқынған түрлері, пародонтоз, созылмалы периодонтит, ауыз қуысының шырышты қабатының жұқпалы – қабыну аурулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет