Реферат Тақырып: Мұрын маңы қойнауларының қабыну аурулары: жедел синуситтар. Клиникасы. Орындаған : Жүрсін Ж. М. Тобы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі172,73 Kb.
#96807
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
реферат Жүрсін Ж


Қарағанды медицина университеті
Хирургиялық аурулар (отоларингология) кафедрасы


Реферат
Тақырып: Мұрын маңы қойнауларының қабыну аурулары: жедел синуситтар. Клиникасы.


Орындаған: Жүрсін Ж.М.
Тобы: 6008 топ

Қарағанды 2020



Мұрын маңы қойнауларының қабыну аурулары: жедел синуситтар

Реферат жоспары:



  1. Мұрын және мұрын маңы қойнауларының(ММҚ) клиникалық анатомиясы.

  2. ММҚ функциялары

  3. ММҚ аурулары(гайморит, фронтит, сфеноидит, этмоидит)

  4. Ауру классификациясы, клиникасы, диагностикасы, емі

  5. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Мұрын – жоғарғы тыныс алу жолына жататын иіс сезу мүшесі. Мұрын анатомиялық құрылысы жағынан сыртқы мұрынға және мұрын қуысына бөлінеді.


Сыртқы мұрын мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісінен тұрады. Мұрын сүйектері сырт жағынан жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен қосылып мұрынның бүйір бетін құрайды, ал мұрын сүйектерінің өзара орталық байланысы мұрын қабырғасын құрайды. Мұрынның шеміршек бөлігі қос үшкіл, үлкен және кіші қырлы қосымша шеміршектерден құралған. Сыртқы мұрын бет және көз артериясы арқылы қоректенеді. Сыртқы мұрын венасы мұрын қуысы венасымен жалғасып (анастомоз) бет венасына келіп құяды. Лимфа тамырлары лимфаны жақасты лимфа түйіндеріне әкеледі.
Мұрын қуысы жоғарғы жағынан алдыңғы бас сүйек ойығымен, төменгі жағынан ауыз қуысымен, ал сырт жағынан көз ұяларымен жалғасады және оны мұрынның қосалқы қуыстары қоршап тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет