Реферат Тақырып: Мұрын маңы қойнауларының қабыну аурулары: жедел синуситтар. Клиникасы. Орындаған : Жүрсін Ж. М. Тобы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі172,73 Kb.
#96807
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат Жүрсін Ж
cross
Мұрын маңы қойнаулары – мұрын қуысымен байланысатын бас сүйегінің ауалы қуысы. Адамдарда синустардың локализациясына сәйкес аталған төрт тобы бар:

  • Үстіңгі жақ қуысы (Гайморова) – жұп, көлемі жағынан (10-нан 18см дейін) ең үлкені. Оның алдыңғы беттік қабырғасын ұрттың жұмсақ тканьдері жауып тұрады. Қабырғаның шұңқырлау жері анағұрлым жұқа. Оның астында артерия, вена және нерв өтетін көзасты тесігі бар. Төменгі қабырға немесе альвеола өскінінің екінші кіші азу тіс пен екі бірінші азу тіс орналасқан бөлігіне сәйкес келеді. Қуыс мұрынның ортаңғы жолына ашылады. Жаңа туған сәбиде маңдай қуысы болмайды, ол оның өмірге келген алғашқы жылынан бастап дамып, 25 жасқа дейін толық қалыптасып болады.







  • Торлы қуыс (торлы лабиринт) – жұп, маңдай және сына тәрізді қуыстар аралығында ораласқан. Ол 2 – 14 ауа жүретін клеткалардан құралған, формасы мен көлемі әртүрлі болып келеді. Торлы қуыстың үстіңгі қабырғасы бас сүйектің алдыңғы шұңқырымен шектеседі. Сыртқы қабырғасы көз ұясына жұқа қабырға арқылы бөлініп тұрады. Торлы қуыстың ішкі қабырғасы мұрын қуысының сыртқы қабырғасының бір бөлігі болып табылады.

  • Сына тәрізді қуыс (негізгі) – тақ, мұрын-жұтқыншақ күмбезі үстінде орналасқан. Қуыс перде арқылы көлемі бірдей емес екі жартыға бөлінген. Қуыс алдыңғы екі жұқа қабырға тесігі арқылы жоғарғы кеуілжірдің үстіңгі жағындағы мұрынның жоғарғы жолына жалғасады. Жаңа туған сәбиде сына тәрізді қуыс саңылау сияқты болып келеді, дамуы тек 20 жаста аяқталады. Мұрын қуысының көз ұясы және бас сүйек шұңқырымен жақын орналасуы – қабыну процесінің көз шарасы мен бас сүйек қуысына таралуына ықпал етеді.

  • Маңдайлық қойнау – маңдай сүйекте орналасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет