Ақпанның 16-23 аралығы 1 «А» сынып ата-аналарына арналған бір апта ашық есік күні А. С. Койбагарова-сынып жетекшісі Өткізілетін іс-шаралар: Дүйсенбі: «21 ғасыр көшбасшысы»
Ақпанның 16-23 аралығы 1 «А» сынып ата-аналарына арналған бір апта ашық есік күні А.С. Койбагарова-сынып жетекшісі
Өткізілетін іс-шаралар:Дүйсенбі: «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын.Уақыты 12сағ.Сейсенбі: «Әкем, шешем және мен !» отбасылық сайыс Уақыты 12 сағ.Сәрсенбі: Математика пәнінен ашық сабақ.Тақырыбы:«10санынан азайту»Бейсенбі: «Жұмбақтар әлемі» сайыс. Уақыты 12сағ. Жұма: Ана тілі пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: «Тасымал. Ағайынбызбәріміз,».Уақыты 2-ші сабақ 9сағ.20 мин. Жұма: Ата-аналарға арналған жиналыс,тақырыбы «Баланың интеллектуалдық біліктілігінің қалыптасуындағы кітаптың алатын орны».Уақыты 17сағ.00 мин.
Дүйсенбі күні 1 «А» сынып оқушыларының арасында «21 ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын өткіздім. Сайыс өте тартымды ,қызықты болды. Сайыс 4 кезеңнен құрылған: « Бәйге, Тіл өнері, Қызықты пәндер ,Дода» .Сайыс соңында 3 оқушы алға шығып 1-орынды Адамова Жансая,2-орынды Қайролла Ақниет,3-орынды Сейтгалиева Гульназ иемденді.
Сейсенбі: «Әкем, шешем және мен !» отбасылық сайыс. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
Спорт - денсаулық кепілі десек, «Әке, шешем және мен» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сайыстың жеңімпаздары 1-орынды Абеновтар отбасы, 2-орынды Адамовтар отбасы, 3-орынды Садуовтар отбасы жеңіп алды. Жеңістеріңіз құттты болсын!
Сәрсенбі: математика пәнінен ашық сабақ ,тақырыбы «10 санынан азайту» Сабақтың мақсаты: оқушыларды 10 санынан азайту тәсілімен таныстыру, -қосу кестесі туралы білімдерін,есептерді шығару дағдыларын бекіту.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын-да еліміздің елордасы Астанаға саяхат сабақ. Берілген тапсырмаларды орындап болған соң «Асқақта, айбынды қалам-Астана!» атты видеоролик тамашалады .Сабақ соңында Өтебай Тұрманжановтың : «Туған өлкем» өлеңін жатқа оқып берді.
Бейсенбі күні: : «Жұмбақтар әлемі»сайысы өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды
І. Кезең “Сөзжұмбақ” , ІІ. Кезең “ Әріп жұмбақ” ,ІІІ. Кезең “ Кім тапқыр” ,ІV. Кезең “ Жұмбақ жасыр”, V. Кезең “ Сурет жұмбақ”.
Сайықа сынып оқушылары 2 топқа бөлініп «Білімділер», «Тапқырлар» болып жарысты. Сайыс соңында «Тапқырлар» тобы ұпай сандарымен алға шығып бірінші орынды жеңіп алса,екінші орынды «Білімділер» тобы жеңіп алды. Ата-аналардың ұсынысы бойынша әр топтан жақсы ойын көрсеткен екі оқушы жеке марапатталды. Олар Қайролла Ақниет,Садуов Ерболат.
Ата-аналарға ұйымдастырылған ашық есік күндері алда жалғасын табады. Бұл іс-шараның мақсаты ата-ана- оқушы-мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту, рухани-адамгершілік тәрбиені баулу,күнделікті өмірде,адамдармен достасып, оларды сүйе ж/е қуана білетін,барлық жағдайда бақытты бола білетін-адамның мінез-құлқына сай жаңа моделін қалыптастыру.