төртінші талап ондағы әрбір сөйле, сөз орамдары оқырманға дәл жеткізілуге тиіс, олар екі ұшты, екі түрлі мағына бермеуі керек. Сондықтан , екіұшты ойды білдіретін сөзді асқан жауапершілікпен қолданған дұрыс. Мәселен , «Шығармада алты басты кейіпкер бар» деген сөйлемді оқып көрелікші. Бұл жерде сөйлем дұрыс құрылмаған, екіұшты ұғым туғызып тұр. Сөз орамы дәл емес.
Жоғарыда әр сөзді тиісті орнына қоя білу керек дедік, яғни, сөздің құдіретін, күшін дұрыс пайдалана білген жөн. Бұл басты көңіл бөлетін нәрсе, сөз қалай болса солай тұрып үлкен әсер күшке ие бола алмайды. Сөз сапасы үшін күрескенде ғана, яғни мәнді-ойлы сөздерді орнын, кілтін тауып пайдалана білгенде ғана ол құдіретті. Осы арада ойға атом қазақтың «Орынды сөз ғана жүйесін табады» деген салиқалы ескертпесі есіңе туседі.
Сөйтіп, ой-пікірді дәл беру – әр сөздің мағынасын жақсы білу деген сөз екен. Себебі, ой түсініксіз болса, сөз де түсініксіз болып шығады. Ал, адам ой-санасының наты көрінісі – тіл екендігә белгілі. Олай болса, адамға тіл, ой-сана ойлау пайда болғаннан бастап біткен. Ой-сана қаншалықты ежелгі болса, оның тілі де сондай ежелгі болады.
Тіл дегеніміз – дыбыс: әр түрлі дыбыстардан құралатын жеке-жеке сөз, атау. Түрлі дыбыстардан сөз құралса, сөзден сөйлем болса, адам ой-санасының заттық жемісі екендігінде дау жоқ.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын