Ақпарат тілі



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі132,63 Kb.
#94989
1   2   3   4   5
Байланысты:
Акпарат (тілі) (4)

жетінші талап кез-келген материалда даурығушылық, даңғазалық, көпірмешілікке барушылық болмауға тиіс. Автордың әрбір пікірі ұстамды салмақпен, жайдары үнмен, салқындылықпен берілуі керек. Сондықтан, мәдениетті айтыста, сында ерекше сабырлылық, салқынқандыдылық, сақталған жөн. Өйткені, айтыста ашулану, буырқану әлсіздіктің белгісі. Мәселен, кезінде Б.Майлинді көп сынаған, бірақ ол ешқашан оған сывн бермеген.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын сегізінші талап автордың әрбір пікірі сенімді, құлаққа жұмбақ болуға тиіс. Мұнда өтірікке жол берілмеу керек. Мәселен, аудандық газетте жарияланған «1200 бас қойды 12 жасар Сандуғаш 80 км жерге қасқырға тигізбей аман-есен айдап келді», - деген сөзге кім сене қояр дейсіз.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын тоғызыншы талап онда әрбір сөз, сөйлемге саяси мән берілуі керек. Саяси жағынан ұстамды, мәнді болғаны жөн. Әрбір сөз, сөйлем,үкіметінің ұстаған саясатын қолдап, қызмен етіп тұруға тиіс.
Баспасөздің тілі мен стиліне қойылатын соңғы оныншы талап әрбір сөз сөйлем мағынасына қарай сараланып қолданылуы керек. Сөзді саралап қолдану тіл мәдениетін өркендетудің маңызды бір буыны екенін ана тілін қадірлейтін әр азамат жаксы ұғынуы тиіс. Бұл жерде айтылатын ойды сауатты жеткізе білмеутек жазушының не журналистің жалпы мәдениетінің төмендігін білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар ол адамдардың бір-бірімен түнісісуін қиындатады. Сондықтан, мазмұнын дәл беретін тілдік құралдарды сұрыптап қолданудың маңызы қашан да зор болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет