Ақпараттандыру қоғам өмірінің барлық салаларына революциялық әсер жасай отырып, адамдардың өмір сүруі мен қызмет етуі жағдайларын, олардың мәдениетін, жүріс-тұрыс стереотипін, ойлау жүйесін түбегейлі өзгертуде.
«Ақпараттандыру» ұғымына анықтаманы А.П.Ершов берді: Ақпараттандыру– қоғамдағы адам қызметінің барлық түрлерінде шүбәсіз, түбегейлі және уақтылы білімді толық пайдалануды қаматамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.
ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ақпараттандыру – бар білім мен жаңа білімді қалыптастыруды жүйелеуді қаматамасыз ететін және оларды қоғамда ағымдық басқару мен оның дамуын жетілдіруде ақпаратты жинау, сақтау және тарату әдістері мен құралдарын кең көлемде қолдану.