Ақпараттандыру және байланыс саласында компьютерлік технологияларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстық ҚҰҚЫҚ БҰзушылықтар және киберқылмыс мәселесі



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі28,71 Kb.
#94180
  1   2
Байланысты:
Алиханулы219


АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС САЛАСЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ КИБЕРҚЫЛМЫС МӘСЕЛЕСІ
Д.Алиханұлы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң угиверситеті,
Семей қаласы
Ю-219 топ, мамандық «Құқықтану»


Көптеген төңкерістік технологиялар сияқты Internet ғаламдық желісі өрлеумен қоса қиянат етушілікке үлкен мүмкіндіктер туғызады. Желідегі шабуылдар, пластикалық төлем карточкаларымен алаяқтық, банктік шоттардан қаражат ұрлау, корпортативтік тыңшылық, балалық порнографияны тарату – бұл Internet желісінде жүрген қылмыстардың тек бірнешесі ғана. Мұндай құқықбұзушылық әрекеттер басқа көптеген әлем елдеріне ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекетке ұлттық қауіпсіздіктің жасаушысы – ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнгізетін маңызды қоғамдық қауіп-қатерлерді құрайды.Мемлекеттің ұлттық инфрақұрылымы бүгінде замандас компьютерлік технологияларды қолданумен тығыз байланыста. Энергетикалық және банктік жүйелердің, әуе көлігін басқарудың, көліктік жүйенің, тіпті жедел медициналық көмектің күнделікті қызметі автоматтандырылған электронды-есептеуіш жүйелердің сенімді және қауіпсіз жұмыс жасауына толығымен тәуелді.[1] Компьютерлік технологияларды қолдану сферасындағы қылмыс (киберқылмыс) – қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды енгізу және дамыту деңгейіне, оларды жалпы қолдану және оларға рұқсат беруге тікелей тәуелді деңгей болып табылатын халықаралық маңызды құбылыс. Осымен, Қазақстан Республикасында ақпараттандырудың екпінді дамуы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін белгілі шараларды, пайдақор және басқа түрткілерді қамтитын компьютерлік технологияларды потенциалды қолдануды құрайды.[2] Киберқылмыскердің негізгі мақсаты әртүрлі процесстерді басқаратын компьютерлік жүйе және онда таралатын ақпарат болып табылады. Шын өмірдегі қарапайым қылмыскерге қарағанда киберқылмыскер дәстүрлі – пышақ және пистолет секілді қаруды қолданбайды. Оның арсеналы – ақпараттық қару, желіге ену, бағдарламалық қамтамасыз етуді бұзу және модификациялау, ақпаратты рұқсатсыз алу және компьютерлік жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға қолданылатын барлық құралдар. Киберқылмыскердің қаруына келесілерді кіргізуге болады: компьютерлік вирустар, бағдарламалық белгілер, компьютерлік жүйелерге рұқсатсыз кіруге мүмкіндік туғызатын шабуылдың әр түрі. Қазіргі заманғы компьютерлік қылмыскерлерде тек дәстүрлі құралдар ғана емес, сонымен қатар қазіргі ақпараттық қарулар және құралдар бар; бұл мәселе баяғыдан бері мемлекеттің шекарасынан өтіп халықаралық мәнге ие болды.Қазақстан Республикасында қазіргі ақпараттық технологияларды келесі енгізумен қатар мемлекеттік компьютерлік жүйелермен бірге жеке кәсіпорындар және бөлек азаматтарға қатер үздіксіз өсуде. Киберқылмыс мәселесі қазіргі уақытта ерекше маңызды болып отыр. Басқа, ең алдымен жоғары дамыған елдердегі әлеуметтік сұраулар халық арасында үрей туғызатын киберқылмыс мәселесі маңыздылардың бірі болып табылатынын көрсетеді. Осыған орай, мамандардың міні бойынша бұл құбылыс қылмыскерлердің қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияларды қолдануына байланысты, сонымен қатар қазіргі индустриалды қоғамның өсуші осалдығы арқылы, 5 жыл бұрынмен салыстырғанда аса маңызды қауіпті құрайды. Киберқылмыскерлермен күресуге мемлекеттердің күш-жігеріне қарамастан, әлемде олардың саны азаймай қайта тым көбеюде.[3] Бірде бір мемлекет бұл жамандыққа өзінше қарсы тұра алмайды. Реттеудің халықаралық-құқықтық механизмін оңалту бөлімінде өзекті болатын халықаралық қарым-қатынасты активизациялау қажеттілігі шұғыл болып табылады. Осымен қатар, басқа да халықаралық маңыздағы қылмыстар секілді, киберқылмыспен күресу құралдарының маңызды бөлігі қазіргі жағдайда әрбір мемлекеттің өз құзыретіне кіретіндіктен жағымды тәжірибеге сүйене отырып, халықаралық құқық нормаларымен келістіру арқылы компьютерлік қылмыстармен күресуге бағытталған ұлттық заңнаманы паралелды дамыту қажет. Киберқылмыстармен күресудің тиімді тетіктерінің жоқтығы әрбір мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне тағы да бір қатер болып анықталады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасы демократиялық тәуелсіз мемлекет ретінде компьютерлік қылмысқа қарсы тұру мәселелерінен, сонымен қатар оның трансұлттық (трансшекаралық) формалары бөлігінде, шетте қалмауы тиіс. Компьютерлік қылмыстардың әдеттегі категорияларын және бүгінде қоғамның түйіскен келеңсіз оқиғаларын қарастырайық. Инсайдерлер (Insiders) – ішкі ақпаратқа рұқсаты бар адамдар. Жиі олар өз жұмыс берушілеріне қарсы наразылық туғызушылар. Инсайдер (қызметкер немесе жұмыстан босатылған компания қызметкері) әлеуметті қылмыскер болып табылады. Компанияның компьютерлік жүйесінің жұқалығымен таныс, ол компанияның меншігі болып табылатын ақпаратты заңсыз алу мақсатында немесе автоматтандырылған электронды-есептеуіш машиналардың, олардың жүйесі мен компьютерлік желілеріне заңсыз араласу мақсатында жүйеге шексіз рұқсаты бар болып табылады. Мысал ретінде, дәрілер, емдеу, аурулар туралы ақпарат алу үшін барлық әлемнен медицина саласында мыңдаған тәжірибе өтуші дәрігерлер мен мамандар жүгінетін Медициналық әдебиеттер ұлттық кітапханасы (National Library of Medicine - NLM) инсайдер жағынан шабуылға тап болды. Ол «жедел жәрдем» категориясында – аса маңызды және бағдарламалық қаматамасыз ету деректеріне жататын жүздеген файлдарды ақпаратты қорғаушы жүйеге рұқсатсыз кіру арқылы енгізіп, жүйенің үздіксіз жұмысын тоқтатты. Бұл бұзушылықтар жүйенің барлық жұмысына келеңсіз жағдай туғызып және 25 мың доллар көлемінде зардап шектірді. АҚШ ТФБ өткізген тергеу нәтижесі жұмыстан босатлыған соң компьютерлік жүйеге кіру рұқсаты компаниямен тоқтатылған бағдарламашыны - Монтгомери Джон Грей (Montgomery Johns Gray) анықтады. Ол өзі құраған бағдарламалық кодтағы «қара кіріс» арқылы бұзушылық жасаған. Қылмыскер ТФБ-мен қоғамға қауіп төндіруші ретінде қамауға алынды. Сонымен қатар хакерлер (Hackers) де үлкен қауіп туғызады. Кейде олар желілерді өткір сезім үшін немесе хакерлік ортада беделді жаулап алу үшін бұзады. Бірақ кейде бұл қаржылық мақсатта немесе басқа да жамандықтарға байланысты жасалады. Қағида ретінде хакерлер – бірегей мүмкіндіктері бар ақпараттық техниканың жақсы білгіштері, сондықтан оларға қашықтықтағы компьютерлік желілермен манипуляциялау айтарлықтай мәселе болып табылмайды: олар рұқсатсыз мәтіндерді және пайдаланушылардың компьютерінің сайттарына World Wide Web-тен хаттамаларды көшіреді. Қызмет көрсетуді тоқтату кезіндегі қылмыстар (DDOS - шабуыл), - Internet желісіндегі тиісті және жеңіл бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы экономикалық іріткі жасаудың толық мүмкіндігінің тағы да бір дәлелі. [4] Соңғы уақытта «хакерлік» қайталауды орындау қолданыстары арқылы электрондық поштаның серверлеріне және вебсайттарына саясаттық дәлелдеу шабуылдары жиілеп кетті. Мұндай жағдайда топ немесе бөлек субъектілер электрондық пошта серверлерін ауырлатады немесе саясаттық хабарламаны жіберуге арналған вебсайтты жояды. Дегенмен мұндай бұзушылықтың түрлері операциондық жүйенің немесе желінің бұзылуына әкелмейді, бірақ бағалы ақпарат орналасқан вебсайттардың абоненттеріне рұқсатты болдырмауға және үлкен қаражаттық шығыстарға әкеліп соқтыратын электрондық поштаның жұмысының тоқтауының себебі болып табылады. 1996 жылы АҚШ Әділет министрлігі вебсайтының компьютерлік жүйесіне рұқсатсыз кіру жасалды. Бұзушылар 200-ден астам жинақтардың құрамын жойып, Адольф Гитлердің суреттері бар беттерді, свастика, порнографиялық мінезді сценаларды және т.б. орналастырды. Компьютерлік қиянат жасау мүлдем әртүрлі: бұл Интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді жалған ұсыну, хакерлік шабуылдарды, электронды төлем карточкалары және электронды төлем жүйелерінің клиенттерінің шоттарымен афераларды ұйымдастыру бойынша қызметтер. Өткен жылы мұндай 450-ден астам қылмыстың көзі жойылды. Статистиканың көрсетуі бойынша 43% оқиғада компьютерлік қиянаткерлердің құрбандары онлайн аукциондардың қатысушылары болып табылады - алдын ала төлем арқылы, қандай да бір тауарды өте төмен бағамен сату ұсыныстарына пайдаланушы қызығушылық білдіргенде. Интернеттің қауіпсіздігі дара абыржытулықты танытады. Желіде қауіпсіздік мәселесіне аса назар аударудың қажеттілігі шын өмірдің виртуалды өмірмен баяғыда теңескенінен туындайды. Компьютер туғызатын келеңсіз жағдайлар, шын өмірдегі жағдайлар секілді: вирустар, ұрлық және тонау, дөрекілік және қуғындау, күштеп алушылық және қатер, этикалық емес және жабысқақ жарнама, терроризм мен экстремизм. Хакерлермен ұрланған ақша баяғыдан миллиардтармен есептеледі, және де кейбір вирустарға көптеген айлар мерзімінде қарсы тұру шаралары табылмайды. Барлық дәрежелер мен құйындардың «жындылары» өз кездесулерін Желі арқылы белгілейді, сонда «акциялар» туралы бұйрықтар беріп және олардың орындалуы туралы есептеледі (кезекті ұрылған «бөгде адамнан» жарылған үйге дейін). Осымен, ақпарат пен ойын-сауықтың мінсіз қайнары болып табылатын Ғаламдық желі әрқайсымызға мәселенің мінсіз қайнары болуы мүмкін. Статистиканың көрсетуі бойынша: Хакерлермен шабуылданатын компьютерлердің 86% – үйдегі; cпам әлемдегі электрондық поштаның бақыланатын трафигінің 54% , ал Ресейде – 82% трафикті құрайды;2012 жылдың маусымына фишингтік хаттамалардың саны (желілік қиянаткерлікпен байланысты) 81% құрады; зиянды вирустардың зарарсыздандыру түрлерінің 18% - жаңа;4,2 млн. сайттар – порнографиялық; блоггерлердің 55% өздерінің Интернет-күнделіктерін шын өмірдегі келеңсіз оқиғалардан қауіптеніп жалған атпен жазады. Ғаламдық тордан шығатын ақпараттық қоқымның ағыны балалардың осал жері болып табылады. Зерттеулер балалардың 90% Интернетте порнографиямен соқтығатынын, ал 65% оны мақсаттанып іздейтінін көрсетті. Мұндай «құлпынайға» қызығушылық кәмелетке толмаған пайдаланушылардың 44% Желіде бір рет болса да әңгі емінсектікке ұшырауына әкеліп соқтырды. Мұндай мәліметтер балалардың жартысы ата-аналары немесе мұғалімдерінің бақылауынсыз Интернетке шығатынына таңдандырмайды. Онымен қоса, сұраулар көбісіміздің Интернетте «виртуалды достарымызға» өзіміздің жеке мәліметтерімізді жайып салатынымызды көрсетеді (ата-аналарымыздың төлем карточкаларының пин-кодтарына дейін). [5] Компьютерлік қылмысқа қарсы тұру мәселесі – бұл кешендік мәселе. Бүгін заңдар технологиялар дамуының қазіргі заманғы деңгейіне сәйкес талаптарға сай болуы қажет. Осы мақсатпен телекоммуникациялық желілерде ақпаратты таратуды реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс өткізілуі тиіс. Құқыққорғаушы органдардың, арнайы қызметтердің, соттық жүйенің күштерінің өзара әрекеттесуін және шоғырландыруды, оларды қажетті материалды-техникалық базамен қамтамасыз ету алдыңғы қатарлы бағыттардың бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет