1.Щербаков жаңағы
болмашы көмегімен үлкен денесін ғана емес,
А. ұзаққа созылып барады.
2. Екеуінің шұрқырасуы
В. сырын сізден аз біледі екем.
3. Бұл менің туған жерім болса да
С. үлкен жүрегін де көрсетіп кетті.
.Мәтіндіоқып,кестенітолтырыңыз.
Сыр өңіріндегі белгілі азаматтар отандық өнімге қаншалықты қолдау көрсетіп келетінін бағамдау мақсатында «Сіз қандай отандық өнім пайдаланасыз?» деген сауалмен сауалнама жүргізген болатынбыз.
ОблыстықэкономикажәнебюджеттікжоспарлаубасқармасыныңбасшысыС.ҚҰЛЫМБЕТОВА: Мен тұтынатын азық-түліктің барлығы қазақстандық өнімдер. Дүкенге барған уақытта шетелдік өнімдер самсап тұрады, алайда олардың табиғи таза өнім екендігіне күмәнім бар. Себебі сырт елден келетін өнімдердің барлығының жарамдылық мерзімі тым ұзақ. Яғни олардың арасында химиялық қоспалар көп екені белгілі. Сондықтан біз отбасымызбен отандық өнімді тұтынамыз. Атап айтар болсам, «Дәмдінің» сүт өнімдерінің өзге өнімдерден айырмашылығы көп. Сонымен бірге «Айналайын» сүт өнімдерін де алып тұрамын. Сонымен қатар дастарқан үстінде әрдайым, «Рахаттың» кәмпиттері тұрады. Сондай-ақ «Маслодел» өсімдік майын, Қостанайдың ұнын және Арал, Қазалы аудандарынан әкелінген етті ғана аламын. Елімізде әзірге отандық киім өндіруші фабрикалар мен цехтар аз болғандықтан, өзімде отандық киім жоқ десем де болады. Есесіне балаларға тоқылған киімдер аламын. Жуырда ғана ұлыма Шымкенттік «Восход» тігін фабрикасынан шыққан костюм алып бердім.