Заңды күш бар ресми құжат.Актінің кіммен және басқарманың қандай деңгейінде шығарылғанын (қабылданғанын) және оның мазмұнына - мемлекеттік, ведомстволық, нормативтік, аймақтық және басқа актілер екенін айыруға болады.
Деректі тіркейтін хаттама. Айталық, тексеру актісі, тауардың жеткіліксіздігі туралы акті, қазына-мүлік беріліс туралы акт.
Лауазымды адамдардың, ұйымдардың азаматтардың - және құқықтықтың шамасының бұзушылығында соттайтын әрекеттер.
Хаттар
Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.
Қызметтік жеке хатттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын мәселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады.
Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.
Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді. Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.