Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар факультеті



бет7/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,27 Mb.
#26193
1   2   3   4   5   6   7

Тапсырма. Прологта әке, ата жөнінде мынандай сұрақтарды дайындаңыз:

  1. Ахметтің әкесі кім?

  2. Айсұлудың баласы бар ма?

  3. Ахметтің әкесінің әкесі кім?


13-15 тақырып. Логикалық есептерді шешу.

Мақсаты: Логикалық есептерді прологтағы мәліметтер базасы ретінде шешу.

Көптеген логикалық есептер бірнеше ақырлы жиындарды (элементтерінің саны бірдей болатын) қарастырумен байланысты. Олардың арасында өзара –бірмәнді сәйкестік орнатылады. Пролог тілінде осы жиындарды мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады. Обьектілер арасындағы тәуелсіздіктер ережелер көмегімен қойылады.



Мысалы: Үш дос балалар әңгімелесіп отыр: Ақбасов, Сарыбасов және Қарабасов. Қарабасов Ақбасовқа былай деді: «Қызық екен, екеуіміздің біреуіміздің шашымыз - ақ, екіншіміздікі - қара. Ал үшіншіміздікі - сары. Бірақ та ешқайсымыздың шашымыздың түсі фамилиямызға сәйкес келмейді. Дос балалардың шаштарының түсі қандай.

Дәстүрлі тәсілде есеп кесте сызу арқылы шешіледі.



Фамилия


Шаш түсі

сары

ақ

Қара

Ақбасов

+

-

-

Қарабасов

-

+

-

Сарыбасов

-

-

+

Кестеде сәйкес әр фамилия мен түстің қиылысқан жеріне «-» белгісін қоямыз. Қарабасовтың шашы қара болмағандықтан, оныкі тек ақ болады. Сәйкесінше Қарабасов пен ақ шаштың қиылысқан жеріне «+» белгісі қойылады. Қалған фамилиялар мен шаш түстері келмегендіктен оларға да «+» қойылады.

Пролог тілінде программа құрылымы келесі түрде болады: алдымен берілгендер саналады – фамилиялар мен шаш түстері. Содан кейін осы екі жиынды байланыстыратын ережелер жазылады.

/* Фамилиялар деректер базасы */

Фамилия (Ақбасов)

Фамилия (Қарабасов)

Фамилия (Сарыбасов)

/* Шаш түстері деректер базасы */

Шаш түсі (сары)

Шаш түсі (қара)

Шаш түсі (ақ)
/* Деректер базалары арасында өзара-бірмәнді сәйкестік орнатамыз, Х – фамилия Д.Б элемент, У – шаш түсі Д.Б. элементі */

/* Ақбасов қара да ақ та емес */

Сәйкестік (Х,У): - фамилия (Х), шаш түсі (У)=Ақбасов,

емес (у =қара) , емес (у)

/* Ақбасов пен Қарабасовтың шаштарының түсі сәйкес келмейді*/

Сәйкестік (х,у):- фамилия (х) , шаш – түсі (у), х:= Қарабасов,

Емес (у =қара), емес (сәйкестік(Ақбасов(у))).

/* Үшеуінің түстері әртүрлі*/

сәйкестік (х,у):=фамилия(х), шаш түсі (у), х= Сарыбасов.

емес (у= сәйкестік (Қарабасов(у)).

Алынған деректер базасына әртүрлі сұраныстармен қатынасуға болады. Мысалы :

? – сәйкестік (А,В). Бұл сұраққа әр адамның фамилия мен шаш түсін қамтитын жауаптардың барлық нұсқалары алынады.



Логикалық есеп күрделенеді, егерде онда екі емес одан да көп жиындар болса. Сонымен қатар сәйкестілік өзара бірмәндә болмаса да есеп күрделенеді.

Тапсырма 1. Серік пен Беріктің фамилиялары Балғабаев және Орақбаев. Егер Серік Балғабаев пен әр түрлі үйде тұрса, олардың әрқайсысының фамилиясы қалай?

Тапсырма 2. Жүгіруден жарыста Әсет ,Алмас, Қайрат үш алдынғы орынды жеңіп алды. Егер Әсет екінші емес және үшінші емес , ал Қайрат үшінші емес орын алса, әрқайсысы нешінші орын алғанын анықтаңыз.

Тапсырма 3. Үш құрбы ақ, жасыл және көк көйлектер және туфлилермен көшеге шықты.Тек Айгүлдің көйлегі мен туфлиінің түсі сәйкес келетіні белгілі. Бақыттың туфлиі де , көйлегі де ақ емес . Назым жасыл туфлиде болды. Әр құрбының көйлегі және туфлилерінің түстерін анықтаңыз.

Тапсырма 4. Бөтелкеде , стаканда , құмырада және банкада сүт , лимонад , квас және су бар. Сүт пен судың бөтелкеде емес екені белгілі , лимонады бар ыдыс құмыра мен квас құйылған ыдыстың ортасында тұр.Банкіде – лимонад та емес , су да емес . Стакан банка мен сүт құйылған ыдыстың ортасында тұр.Осы сұйықтықтар ыдыстарға қалай құйылған ?

Тапсырма 5. Ильияста қызыл машина , Парасатта – қара емес , көк емес, көгілдір емес , Мейрамбекте – қара және көк , Айдарда жоғарыда көрсетілген түспен машиналардың кез -келгені бар , Берікте ақ және көк түсті . Егер барлық балалар әр түсті машиналарда болса , әрқайсысы қандай машина жүргізді .

Тапсырма 6. Шешем, әкем және мен орындықта отырдық . Біз орындықта қандай ретпен отырдық , егер келесілер белгілі болса:

  • Мен әкемнің сол жағында отырдым , ал шешем менің сол жағымда .

  • Әкем менің сол жағымда және шешемнің оң жағында отырды .

  • Шешем менің оң жағында , ал әкем шешемнің оң жағында отырды.

Тапсырма 7. Гүлнұр мен Лаураның бойлары бірдей. Лаураның бойы Озатгүлден биік , ал Талшын Гүлнұрдан биік .Кім биік: Талшын ба , әлде Озатгүл ма?

Тапсырма 8. Киноға билет алу үшін Жұлдыз , Мерхат , Бауыржан , Самат және Орынбек тұр.Келесілер белгілі:

  • Жұлдыз билетті Мерхаттан бұрын , бірақ Орынбектен кейін сатып алды.

  • Бауыржан мен Орынбек қатар тұрмады.

  • Самат Орынбектің де , Жұлдыздың да , Бауыржанның да қасында емес.

Кім кімнен кейін тұр?

4 Студенттердің өздік жұмыстары

4.1. Студенттің өздік жұмыстарының құрылымы:
СӨЖ №1. Семантикалық желілер.

Тапсырмалар:

  1. «Мектептен сабақ» жүйесі келесі элементтерден тұрадыдеп есептелетін оқушы , мұғалім , оқулық, дәптер, сынып журналы, сынып тақтасы, бор, карта, мүғалім үстелі, сынып бөлмесі. Төбелері аталған объектілер болатын, доғалары олардың арасындағы қатынастар болатын семантикалық желі құр.

  2. «Нан дүкен» жүйесі бойынша семантикалық желі құр. Ол келесі элементтерден тұрады: нан, сатушы, сатып алушы,автомобиль, жүргізуші, жүк түсіруші, ақша,чек.


СӨЖ №2. Сөйлемдердің мағыналық құрылымы.

Тапсырмалар: Келесі сөйлемдерге графтар құр.


  1. «Арман таңертең ерте тұрып орманға саңырауқұлақ теруге көлкпен кетті.»

  2. «Әсел математика пәнінен үй тапсырмасын құрбысы Айданамен бірге отырып шығарды.»

  3. «1С бухгалтерия программасы бухгалтерлік есептің барлық түрін толық жиында орындауды қамтамасыз етеді.»

  4. «Windows 2000 –толықтай 32 разрядты ОЖ артықжылықтары бар көп есепті, жадында сақтау жұмысының жақсартылған және әуел баста сенімділікті, қорғауды және бақаруды қамтамасыз ететін құралдармен жобаланған.»

5."Айдар туған күніне теледидар және көк пен ақ түсті жейделерді сыйлыққа алды".
СӨЖ №3. Математикалық өрнектердің мағынасы.

Тапсырмалар: келесі арифметикалық өрнектерге бұтақ құрыңыз:

    1. (100 - 54) / 2 + (18+25)*5.

    2. 500/2+4*12-(15-9).


СӨЖ №4. Екі үлесті графтардағы модельдер.

Тапсырмалар:

Айналатын қозғалыстың кинематикасы келесі шамалар және байланыстармен сипатталады:

 - бұрылу бұрышы,

t- қозғалу уақыты,

n- айналым саны,

-бұрыштық жылдамдық,

- айналу жиілігі,

- айналу периоды,

V- сызықты жылдамдық,

a- ортаны көздейтін жылдамдату,

r- айналу радиусы,

=/ t, =2n/t, T=1/, T=t/n, V=r, a=2r.

Айналатын қозғалыс жайлы білім моделін екі үлесті граф түрінде көрсетіңіз.

СӨЖ №5. Логикалық есептерді шешу.


  1. Есепті тұжырымдаңыз. Айгүл, Нұргүл, Асхат және Айдар саңырауқұлақ терді. Нұргүл бәрінен артық терді, Айгүл бәрінен кем емес. Қыздар ұлдардан артық терді деген ұғым дұрыс па?

  2. Есепті тұжырымдаңыз. Бір апта бойы көпірде жеті жолдас балалар кезекшілік атқарды. Алмас бірден Серіктен кейін кезекші болды. Болат екі күннен кейін кезекші болды, ол Мейрамбектен кезегінен бұрын болды. Қанат Жанаттан екі күн бұрын кезекші болды. Бейсенбі күні Ильяс кезекші болды, оның кезекші болған күні Жанат пен Серіктің күндерінің дәл ортасына келеді. Жолдас балалардың кезекшілік графигін анықтаңыз және түсіндіріңіз.

  3. А қаласынан В қаласына жүрген пошта тасушы поезд В, Г, Д, Е, Ж, З және К станцияларына тоқтады, оларда поштаны түсіреді және қабылдайды. Почта келесі кезектер бойынша көшірілді: ВЗ, ГД, ЕВ, ЖЕ, ЗК және КГ (бірінші әріп – жіберу пункті, екіншісі – қабылдау пункті). Пошталық поезд маршруты бойынша станциялардың орналасуын анықтаңыз.

  4. Мақпал, Ләззат, Жанар және Камила – шет тілдер факультетінің студенттері, оларды музыка қызықтырады және әрқайсысы қандай да бір аспаптарда ойнайды, тек біреуінде ғана: домбыра, гитара, скрипка және фортепиано. Әрқайсысы келесі бөлімдердің бірінде оқиды: ағылшын, француз, неміс және испан тілінде. Гитара ойнайтыны испан тілінде оқиды. Ләззат не домбырада, не скрипкада ойнамайды және ағылшын тілі бөлімінде оқымайды. Мақпал да не домбырада, не скрипкада ойнамайды және ағылшын тілі бөлімінде оқымайды. Неміс тілі бөлімінің студенті домбырада ойнамайды. Жанар француз тілі бөлімінде оқиды және скрипкада ойнамайды.

Студенттердің қайсысы қандай аспапта ойнайды және шет тілдер факультетінің қай бөлімінде оқиды?
СӨЖ №6. Логикалық есептерді шешу.

Тапсырмалар:

1. 9 күміс теңгелердің біреуі жалған жасанды теңгенің жеңіл екенін біле отырып екі ыдысты – гирлері жоқ таразының көмегімен екі рет өлшеу жүргізіп жалған күміс теңгені қалай табар едіңіз.

2. Сыйымдылығы 3 литр суды және 5 литр ыдыстардың көмегімен ағып тұрған судан 4 литр суды қалай алуға болады?

3. Арыстан қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жеп бітіре алады. Үшеуі қатар жесе, қанша уақытта жеп бітіре алады?

4. Ақмарал, Сара, Жадыра және Лаура – оқу озаттары. Олар мектепте өткізілген (математика пәні бойынша) олимпиадаға қатысып жүлделі 4 орынды өзара бөлісті. Олар қандай орынды жеңіп алды екен? – деген сұраққа осы кластың оқушылары былайша жорамалдап жауап берді.

1. Ақмарал II, Сара III

2. Ақмарал I, Жадыра II

3. Лаура II, Сара IV

Бұл жауаптардың біреуі дұрыс, екіншісі жалған болып шықты. Кім қандай орынды жеңіп алған?

5. Қайрат, Болат, Алмат, Самат төртеуі жарыста алғашқы төрт орынды жеңіп алды. Кім қандай орын алды деген сұраққа, олардың үшеуі былай жауап берді.

Қайрат 1-ші де, 4-ші де емес

Болат 2-ші

Алмат соңғы емес.

Сонда олар қандай орынды жеңіп алды?



4.2 Студенттік оқытушымен өздік жұмысытарының құрылымы:
СОӨЖ №1. Лого программасы.

Мақсаты: Лого программасының тарихы және құрылымымен танысу.


СОӨЖ №2. Lisp программалау тілі

Мақсаты: Lisp программалау тілінің тарихы және құрылымымен танысу.


СОӨЖ №3. Сарапшылық жүйе

Мақсаты: Сарапшылық жүйені құрудың кезеңдерімен танысу.


СОӨЖ №4. Сарапшылық жүйе құру

Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы сарапшылық жүйені құрып үйрену.


СОӨЖ №5. Графтар теориясы

Мақсаты: Граф ұғымымымен танысу. Оның жасанды интеллекте алатын орнын білу.


СОӨЖ №6. Пролог тілінде сандармен жұмыс.

Мақсаты: Пролог тілінде сандардың қалай қолданылатынын білу және есептер шығару.






Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет