Дисксыз компьютерлар. Дисксыз компьютерларде иілгіш не қатты дисктар жоқ. Олар жискі бар компьютерлар орындайдын жұмыс тарды орындай алады, бірақ мәліметтреді иілгіш және қатты дисктарда сақтай алмайды. Сондықтан дисксіз компьютерлар қауіпсіздік жағынан мүлтіксіз: тұтынушылар тасушыда мәліметтерді сақтап оны алып кете алмайды. Дисксіз компьютерларға жүктеме дисктар керек емес. Олар сервермен байланыс орнатып, жүйелік адаптерде құрылған арнайы жүктеме ПЗУ көмегімен жүйеге кіреді. Дисксіз компьютерді қосқанда жүктеме ПЗУ компьютер бастама беретіні туралы серверге дабылдайды. Сервер дабылға жауап береді, ол жүктеме бағдараламлық қамсыздандыруды дисксіз компьютердің жедел жадына беріп, автоматты түрде қолданушыға жүйеге кіру туралы шақыру береді. Пайдаланушы жүйеге кірісімен компьютер оған қосылады.