Ақпарат қауіпсіздігі деп – оның оған түрлі қарсылық білдіруші әсері кезінде жүйенің иеленушілері мен қолданушыларына зиян келтіру әрекетіне қарсы әрекет жасау қабілетінен көрінетін қасиетін түсінеміз. Ақпарат қауіпсіздігіне оның өңдейтін ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етумен, сондай-ақ жүйенің компоненттері мен қорларының тұтастығы және рұқсат берілуімен қол жеткізеді. Ақпараттың құпиялылығы - бұл ақпараттың тек рұқсат етілген және тексеруден өткен жүйенің субъектілеріне белгілі бөлу қасиеті.