Желілік қауіпсіздік сервистері есептеуіш жүйелерде және желілерде өңделетін ақпараттың қорғау механизмдерін береді.
Инженерлік-техникалық әдістер өзінің мақсаты ретінде техникалық арналар арқылы ақпараттың жайылып кетуінен ақпараттың қорғалуын қамтасыз етуді қарастырады.
Ақпаратты қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық әдістері нормалар үлгілерін жетілдіру үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі қызметтерді ұйымдастырады.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық әдістері өз кезегінде екі негізгі мәселені шешеді. Біріншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі процесстерді формализациялау.Осыдан екінші мәселе туындайды – ол, қорғалу деңгейін талдағанда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүйелер қызметінің қисындылығы мен адекваттығының қатаң негізделуі.
Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері.
Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп дегеніміз – бұл АЖ өңдейтін ақпараттың конфиденциалдығы, тұтастығы мен қатынау қолайлығының бұзылуына әкеліп соғатын әсерлердің жүзеге асырылуы және де АЖ құраушыларының жоғалуына, жойылуы мен қызмет етуін тоқтатуына келтіретін мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |