Ақпараттық аутентификация



бет1/20
Дата18.02.2022
өлшемі205,5 Kb.
#132315
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Мәліметтер базасы




Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................3-4


1-бөлім. 1 Бөлім. Мәліметтер базасы туралы негізгі түсініктер.
1.1 Мәліметтер базасының құрылымдық элементтері. ................................5-9
1. 2. Деректер базасының концепциясы. .......................................................9-15
1.3 Деректер базасының классификациясы..................................................15-24
1.4 Мәліметтер базасы қауіпсіздігі. Ақпараттық аутентификация. ...........24-29

Қорытынды.......................................................................................................30


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................30
Кіріспе
Ақпаратты қорғау мәселесі адамзатты бөгде адамдардың оқуынан қорғау ерте кезден–ақ толғандырды. Криптографияның тарихы – адамзат тілінің тарихымен бірдей дамыған. Алғашқы жазулардың өзі криптографиялық жүйе болды, өйткені ол кезде жазулармен тек таңдаулы адамдар ғана қолданды. Ежелгі египеттегі, индиядағы қасиетті кітаптар мысал бола алады. Ақпаратты түрлендіру арқылы қорғау мәселесімен криптология (kryptos - құпия, logos - ғылым) айналысады. Криптология екі бағытқа бөлінеді – криптография және криптоанализ. Бұл бағыттардың мақсаттары қарамақарсы болып келеді. Криптографияда ақпаратты қорғау – ол арнайы шифрлеу әдісі, ақпаратты қайта құру немесе кодтау, нәтижесінде оның мазмұнын көру, кілттік криптопрограммасыз және қайта құру үшін қол жеткізе алмайды. Криптографиялық қорғау ең тиімді әдіс, өйткені ақпаратты қорғайды (мысалы, шифрленген ақпаратты қолданушыдан ұрлаған жағдайда файлды оқи алмайды). Бұл қорғау әдісі программа немесе программа пакеті ретінде жүзеге асырылады. Криптография ақпаратты түрлендіруде математикалық әдістерді іздеу және зерттеумен айналысады. Криптоанализдің айналысатын сфералар жүйесі –ақпараттың кілтін білмей шифрын анықтау. Қазіргі криптография өзіне 4 үлкен бөлімді қосады:
- Симметриялық криптожүйелер.
- Ашық кілтті криптожүйелер (ассиметриялық алгоритмдер)
- Электрондық қолтаңба жүйелері.
- Кілттерді басқару.
Криптографиялық әдістерді қолданудың негізгі мақсаты – байланыс каналдары арқылы жасырын ақпаратты тарату (мысалы, электрондық пошта), жіберілген хабарламалардың ақиқаттығы, шифрлі тұрде ақпаратты сақтау. Криптографиялық жүйелер қаншалықты қиын және сенімді болғанымен олардың практикалық қолданылуының әлсіз жағы – кілттерді үлестіру мәселесі. Ол үшін ақпараттық жүйелер екі субьекті арасында жасырын ақпарат алмасу мүмкін және кілт солардың біреуімен генерациялану керек, жасырын түрде әрі қарай басқасына жіберілуі керек. Яғни, кілтті тарату үшін криптожүйені қолдану керек. Бұл мәселені классикалық және қазіргі алгебрадан алынған нәтижелер негізінде шешу үшін ашық кілтті жүйелер ұсынылды. Олардың мәні ақпараттық жүйенің әр хабар алушысымен екі кілт генерацияланады, олар бірбірімен белгілі ережеге сәйкес байланысады. Бір кілт ашық, екіншісі жабық болып жарияланады. Ашық кілт жарияланады және кез-келген хабарлама жібергісі келетін адам үшін белгілі болады. Құпия кілт жарияланбайды. Курстық жұмыстың мақсаты: Ақпаратты қорғаудың криптографиялық жүйелері және ассиметриялық алгоритмдер туралы түсінік беру. Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мақсат: Мәліметтер базасы түсінігі және түрлерімен танысу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет