«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (бірінші кезең) орындалуы туралы 2014 жылға есеп



бет4/14
Дата18.02.2017
өлшемі2,54 Mb.
#9812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру (мың теңге)

ББ коды

Жоспар, мың теңге

Факт, мың теңге

тенге

Орындалуы туралы ақпарат

101.

ҚР ІІМ ведомстволық деректер беру және телефония желісін жаңғырту

пайдалануға беру актісі

ІІМ

2014 жылғы 4-тоқсан

1775575

051

1 775 575

1 775 575

Орындалды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, 2014 жылдың қыркүйегінде ІІМ орталық аппаратына және оның аумақтық бөлімшелеріне құрылғылар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізу жүзеге асырылды.

2014 жылдың қазанында облыстардың ІІД және көліктеріне серверлік және желілік құрылғыларды инсталляциялау бойынша жұмыстар жүргізілді.

2014 жылдың қарашасында орталық аппаратта бірыңғай пошта жүйесі, антивирустық қорғау жүйесі, дерекетрді сақтау жүйесі және басып кіруді болдырмау кіретін ІІМ ведомстволық желінің домналық құрылымы кеңейтілді.

2014 жылдың желтоқсанында жабдықтар мен қызмет көрсетуледі қабылдау-беру актілеріне қол қойылды.


103.

Жол қозғалысын бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу

орындалған жұмыстар актісі

ІІМ, ЖАО

2014 жылғы 4-тоқсан

505 125

051

505 125

499 396, 648

Орындалды.

2014 жылы желтоқсанда «Жол жүрісі ережелерін бұзуды тіркейтін функцияларды және ішкі істер органдары жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйелерін біріктіруді қоса атқаратын жол жүрісін бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу» 2013-2014 жылдаға арналған бюджеттік инвестициялық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстар аяқталды.

2013 жылы жоба шеңберінде республиканың жеті қаласында ЖЖБЗЖ 25 жинағы орнатылды (Астана және Өскемен – 5 жол қиылысында, Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Орал және Тараз – 3 жол қиылысында), соның арқасында 106 мыңнан астам ЖЖЕ бұзу анықталды, 421 млн. теңге мемлекеттің бюджетіне төленген, автокөлікті жалған нөмірлік белгілерімен басқарудың 994 фактісі анықталды. Алматы облысының ІІД ЖЖБЗЖ қолданған кезде 4 қылмыс ізі суытпай ашылды (оның ішінде жаяу жүргіншіні қағып кету, бұл ретте жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, тонау, бөтеннің мүлкін ұрлау және көлік құралын заңсыз иелену)

2014 жылы тағы жеті қалада ЖЖЕ бұзуды анықтау және криминалды көлікті іздеу режимінде жұмыс істейтін 25 қиылысты ЖЖБЗЖ-мен жарақтау жөніндегі жұмыс аяқталды (Қарағанды және Шымкент – 5 қиылыстан, Ақтау, Павлодар, Петровал, Қостанай, Қызылорда – 3 қиылыстан).

Бұл ретте 2014 жылы ЖЖБЗЖ енгізуге бөлінген сома оларды енгізу кезінде үнемделген қаражатты республикалық бюджетке қайтару есебінен 5,7 млн. теңгеге қысқартылды.

2013-2044 жылдары ЖЖБЗЖ енгізу нәтижелері бойынша тиісті актілер жасалды және қабылданды, олар ведомстволық бағыныстылығы және мүдделі ұйымдарға жолданды.



104.

«Бірыңғай ақпараттық талдамалық жүйе» ААЖ құру

пайдалануға беру актісі

БП (келісім бойынша)

2013 – 2014 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл -764 628

2014 жыл -764 480



007

764 480

764 479 ,3

Орындалды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының деректері бойынша, АИС "Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі" 2010 жылы тәжірибелі пайдаланымға жіберілді. Қазіргі уақытта ақпараттық қауіпсіздік аттестациясының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік пайдаланымға енгізу жоспарлануда.

Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құрудың негізгі мақсаты ведомствоның бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру болып табылады.

Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі прокуратура органдарының бақылау-қадағалау қызметі процесінде қалыптасатын және солардың негізінде талдау есептері құрылатын жинақтау, өңдеу, сақтау және деректер ұсыну процестерін автоматтандыруға жағдай жасады. Сонымен қатар белгілерген құзіретті салаларда Прокуратура органдарының бақылау-қадағалау қызметінің БД фактілерін енгізу қарастырылған.



105.

Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені дамыту

орындалған жұмыстар актісі

МҚІСҚА (келісім бойынша)

2013 – 2015 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл - 472 237

2014 жыл - 493 219

2015 жыл – 446 771


011

443940

355148,7

Орындауда (жыл сайын 2015 жылға дейін).

«Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер» дамыту жобасының мақсаты сыбайлас жемқорлық қылмыстарының анықталуының тиімділігін арттыру, сонымен қатар жаңа ақпараттық-талдау жүйелерін құру болып табылады.

БААТЖ дамыту қылмыстық пейілдегі көріністерден мемлекет пен қоғамның шығындарын азайту бойынша маңызды бағыт болып саналады.

2014 жылы БААТЖ дамыту шегінде келесі ақпараттық-талдау жүйелері әзірленіп, енгізілді:



  1. "SentinelVisualizer" – дерекетер базасын көзбен шолу арқылы талдау кезінде табу мүмкіндігі жоқ жағдайларды және тенденцияларды талдап, суреттеуге мүмкіндік беретін, яғни ақпаратты тез табуға мүмкіндік беретін деректер арасындағы қиын байланысты (тәуекелді субъектінің жеке, заңды тұлғалармен, жылжымайтын мүлікпен, мемлекеттік сатып алу конкурстарымен байланысты) қараудың талдау жүйесі.

  2. «Жағдайлық орталық» талдамалы жүйесі нақты уақытта сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау мақсатында субъектілерге тексеріс жүргізу туралы шешім қабылдау негізінде ақпараттың анықталуын қамтамасыз етеді. Жүйе автоматтандырылған өңдеуге қол жетімді барлық ауқымды деректерді жинауға, орталықтандырылған өңдеуге және құрылымданған түрде сақталуды қамтамасыз етеді. Осындай ақпараттардың маңызды көзінің бірі сәйкес мемлекеттік органдардың жауапкершілік зонасымен тікелей байланысты қызметтің ерекше түрі бойынша деректердің толық түрі бар мемлекеттік органдар деректерінің ақпараттық базаларының жергілікті көшірмелері болып табылады.

Бағдарламалық кешеннің негізгі ерекшелігі болып Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі агенттіктің және басқа да мемлекеттік органдардың қол жетімді ақпараттық және бағдарламалы-ақпараттық қорларды кең ауқымда қолдануға мүмкіндік беретін деректердің екі сұлбалы өңделуі болып табылады.

Қазіргі уақытта аумақтың келесі түрлері қол жетімді (мемлекеттік сатып алу, әлеуетті жалған кәсіпорындар кедендік база, КУЗР (жер қорлары), қазынашылық, жалған ақша жасаушылық).



  1. АДГСПК порталы.

Порталда келесі көздер мен сервистер бар:

  • СИО ПСО (сауалдар журналы, құжаттама, сұранымдар);

  • деректердің жергілікті базалары (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, жылжымайтын мүлік тіркелімі, туыстық байланыстар, тәуекелдер, қазынашылық, арнайы кісі құрамы);

  • жалған кәсіпорындар (жалған кәсіпорындар, қатысушылар, контрагенттер, қылмыстық істер, есептік-кассалық бөлімдер, ІР мекен жайлар, мөрлер бойынша іздеу);

  • мемлекеттік сатып алулар (хабарландырулар, мемлекеттік сатып алудың қатысушылары, лоттар, сұранымдар, жеткізушілерге рұқсат, ықылассыз қатысушылар, сатып алудың жоспарлары бойынша іздеу).

Мемлекеттік органдарды оңтайландыруға байланысты 2014 жылдың тамыз айында БАТЖ дамыту акценті экономикалық қылмысты анықтаудан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ауыстырылған.

БАТЖ алдыңғы кездегі дамуы қылмысты жағымсыз нәтижелерге жеткізбей уақтылы тоқтату мүмкіндігі анағұрлым көбейеді, жедел бөлімшелердің күштері мен қорларын тиімді қолдануға жағдай жасайды. Бұл сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен салдарымен күрес жұмыстарының бастапқылығын олардың алдын алу шаралары мен ескертумен ауыстыруға мүмкіндік туады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың деңгейңн түсіруге әсер етеді.

2014 жылға бекітілген жоспар 493219,00 мың теңге. Анықталған жоспар 443940,00 мың теңге.

Кассалық шығындар 355148,70 мың теңгедегі соманы құрады.

Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің таратылуына байланысты жабдықтаушылар алдында 88791,30 мың теңге сомасында несиегерлік қарыз пайда болды.


107.

Қазақстан Республикасы шағын қалаларының жедел басқару орталықтарын құру:

1. 2014 жылы – 4 қала

2. 2015 жылы – 4 қала

3. 2016 жылы – 4 қала

4. 2017 жылы – 4 қала


ІІМ: орындалған жұмыстар актісі; облыстардың әкімдіктері: ЖБО ғимараттарының дайындығын қамтамасыз ету

ІІМ, облыстардың әкімдіктері

2013 – 2017 жылғы 4-тоқсан

2013 жыл - 570 000

2014 жыл - 2 271 264

2015 жыл - 2 280 000

2016 жыл - 2 280 000

2017 жыл - 2 280 000


057

2271264

2271264

Орындауда (жыл сайын 2017 жылға дейін).

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2014 жылы жедел басқарма орталығының төрт мобилді кешені, қажетті құрылғылар, лицензиялы бағдарламалық қамтамасыз етулер алынды, бағдарламалық қамтамасыз етулер әзірленді.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 2014 жылы Семей, Рудный, Щучинск және Хромтау қалаларында ЖБО деректері тұрақты пайдаланымға қабылданды.


111.

Астана және Алматы қалаларының пилотты аймағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін құруға техникалық жоба әзірлеу

ИДМ-ге ақпарат

ІІМ

2014 жылғы 4-тоқсан

13 450

070

13 450

0

Орындауда.

Өткізілген конкурс қорытынды бойынша 2014 жылғы 12 мамырдағы №92-ОИ «Проектная фирма Аркхон» ЖШС компаниясымен (бұдан әрі – ЖШС) шарт жасалған. «112 БКДҚ» құруға техникалық жобаны әзірлеу бойынша орындау мерзімі 2014 жылғы 30 шілде болып белгіленген. Белгіленген мерзімге дейін ЖШС алынған міндеттерді орындалмаған, сондықтан 2014 жыл қыркүйектен бастап ЖШС-мен келісімшарттық қатынастарды бұзу бойынша соттық рәсімдер басталды.



113.

Ішкі істер органдарының төтенше қызметтері мен жедел басқару орталықтары жұмысшыларының компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыру

ИДМ-ге ақпарат

ІІМ

жыл сайын 4-тоқсан

Қаржыландыру талап етілмейді










Орындауда(жыл сайын).

Жедел басқару орталықтарының (бұдан әрі-ЖБО) қызметкерлерін оқыту үшін 2014 жылы ЖБО қызметкерлері ЖБО қызметінде пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру дағдысын жетілдіру бойынша жүйелі түрде сабақтар жүргізуде.

Жаңадан келген қызметкерлер тұрақты негізде ЖБО бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге оқытылады: оқиғаны өңдеу карточкасының нысанын толтыру, қаланың электрондық картасын пайдалану, полцияның және жедел-тергеу тобы кезекшісінің кешенді күшітері нарядтарын геоақпараттық жүйе арқалы бақылауды жүзеге асырады.

Техникалық қызметтің қызметкерлері және әзірлеуші фирмалар күштер мен құралдарды басқару тобының (бұдан әрі- КҚБТ) инспекторларымен ЖБО аппараттық-бағдарламалық кешенінің геоақпараттық жүйесімен жұмыс істеу дағдысын оқыту бойынша сабақ өткізеді.

«102» операторларымен хабарламаларды қабылдау карточкаларын толтыру дағдысы бойынша оқыту, ЖБО бейнебақылау инспекторларымен бейнежазбаларды архивтеу және т.б үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге оқыту бойынша сабақтар өткізілуде.

Тұрақты негізде сұрау салуларды Бас прокуратураның деректер базасында, ІІМ және облыстық ІІД АДБ-да өңдеу тәртібі бойынша, сондай-ақ ЖБО ақпараттық-бағдарламалық кешенімен жұмыс істеуді ұйымдастыру бойынша практикалық сабақтар жүргізу ұйымдастырылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі-СДТБТ) енгізу және қылмыстық-процестік заңнаманың жаңа модельіне өту шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕК және олардың аумақтық органдарының қызметкерлерімен, ІІО мүдделі қызметтерінің қызметкерлерімен, ЖБО кезекшілерімен СДТБТ Ақпараттық жүйесінде бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдысына оқыту бойынша сабақтар өткізілді, оның ішінде СДТБТ жүйелерін (2014 жылғы қараша-желтоқсан), тестілік апробациялау, оларды 2015 жылы 1 қаңтардан бастап табысты енгізу қамтамасыз етілді.

Құқық қорғау жүйелерін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2014 жылғы желтоқсанда Ақтөбе облысының Хромтау қаласында, Қостанай облысының Рудный қаласында, Ақмола облысының Щученск қаласында және Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында ЖБО пайдалануға қабылдау аяқталды, оларды салу және жарақтау бірінші кезең шеңберінде қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта уақтылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша көрсетілген ЖБО тұрақты пайдалануға енгізілді.

Бұл ретте, жаңадан енгізілген ЖБО-ның барлық қызметкерлері бастапқы дайындықтан (жаңадан қабылданғандар), сондай-ақ атқаратын лауазымдарына сәйкес бейіндік оқудан өткізілген.

Ішкі істер органдарының ЖБО жұмыскерлерінің компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру шеңберінде, 2014 жылы барлығы 1 109 қызметкерлер оқудан өткізілді.

Бұдан басқа, Министрлік халықтан және ұйымдардан ақпараттарды қабылдау, өңдеу процестерін автоматтандыруға және басқа ведомстволар мен ұйымдардың диспетчерлік және шұғыл қызметтерімен өзара ақпараттық іс-қимыл жасасауды ұйымдастыруға бағытталған «112 бірыңғай кезекшілік – диспетчерлік қызмет» (бұдан әрі – 112 БКДҚ) жобасын іске асыруда.



112 БКДҚ жобасын енгізуге шұғыл қызмет қызметкерлерін 112 бағдарламалық-аппараттық кешенімен жұмыс істеуге оқыту және компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыру кіреді. Осы көрсеткішке 112 БКДҚ жобасын іске асырғаннан кейін қол жеткізілетін болады.


2-БӨЛІМ. «АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»


Үй шаруашылықтары ақпараттық инфрақұрылымының қолжетімділігі

Мақсат: Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі

р\н

Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы


Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

2013 жылдың фактісі

2014 жылдың фактісі

2017 жылдың жоспары

года

Орындалуы туралы ақпарат

1.

Интернет желісіне қосылған үй шаруашылықтарының үлесі

%

ҰЭМ СК

ИДМ

86,7

86,9

65

Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы (коды 0522104, индекс Н-020, жылдық кезеңділік)

2.

Тіркелген телефон байланысы бар үй шаруашылықтарының үлесі

%

ҰЭМ СК

ИДМ

87,7

83,6

80

Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы (коды 0522104, индекс Н-020, жылдық кезеңділік)

3.

Ұялы телефондары бар үй шаруашылықтарының үлесі

%

ҰЭМ СК

ИДМ

96,8

98,4

80

Үй шаруашылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы бойынша зерттеу сауалнамасы (коды 0522104, индекс Н-020, жылдық кезеңділік)

р/н

Нысанды көрсеткіштер/ индикаторлар атауы


Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімдері

Қаржыландыру (мың теңге)

ББ коды

Жоспар, мың теңге

Факт, мың теңге

тенге


Орындалуы туралы ақпарат

115.

FTTH технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікті дамыту
2013 ж. - 290 000 абонент;

2014 ж. – 417 000 абонент; 2015 ж. – 452 000 абонент



ИДМ-ге ақпарат

«Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)

2013 – 2015 жылғы 4-тоқсан

«Қазақтелеком» АҚ-ның меншікті қаражаты









Орындауда (жыл сайын2015 жылға дейін).

Жоғары жылдамдық кең тілмелі қызмет көрсетудің қолжетімдігі және 2011 жылы ұсынылатын қызметтердің спектрын кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында «Қазақтелеком» АҚ-ы «Қазақтелеком АҚ-ның FTTН желілерін салу» жобасын жүзеге асыру шегінде FTTН (FibertotheHome) қолжетімдігінің әмбебап талшықты-оптикалық желіні салу жұмыстарын бастады.

2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша FTTН технологиясы бойынша Интернет желілерін КТҚК абоненттерінің саны 464 925 құрады.

2014 жылы FTTH кең жолақты қызмет көрсету желілерін салу бойынша жобаны жүзеге асыру аяқталды. Жобаны жүзеге асырудың қорытындысы бойынша 633 821 порты, сонымен қатар 2014 жылы 147 309 порты пайдаланымға беру қамтамасыз етілген. Оптикалық қолжетімді желілер Алматы, Астанада, барлық облыстық орталықтарда және облыс деңгейіндегі қалаларда: 22 600 көп пәтерлі үйлер мен 16 500 коттедждерді қамтыған Жаңаөзен, Семей, Ақсу, Екібастұз, Теміртау, Жезқазған, Қапшағай, Үшарал, Алматының маңы, Степногорскіде салынды.



116.

3G желілерін пайдалануға енгізу:
- халық саны 50 000 және одан артық елді мекендерде;
- халық саны 10 000 және одан артық елді мекендерде

ИДМ-ге ақпарат

«Кселл» АҚ (келісім бойынша), «КаР-Тел» ЖШС (келісім бойынша)

2013 – 2015 жылғы 4-тоқсан

Ұялы байланыс операторларының меншікті қаражаты









Орындалды.

2011 жылы жылдамдығы 7,2 Мбит/с болатын 3G стандартты үшінші буынды мобилдік байланыс енгізілді.

2014 жылдың аяғына қарай осы желілермен 10 000 адам тұратын барлық тұрғылықты жерлер қамтылды.


117.

4G желілерін пайдалануға енгізу:
-  республиканың барлық облыс орталықтарында;
- халық саны 50 000 және одан артық елді мекендерде;
- Қазақстан Республикасының барлық аудандық орталықтарында

ИДМ-ге ақпарат

«Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)

2013 – 2017 жылғы 4-тоқсан

Байланыс операторларының меншікті қаражаты









Орындауда(жыл сайын 2017 жылға дейін).

2012 жылы Астана және Алматыда қалаларында 4g (LTE) желісі іске қосылды.

2013 жылы республиканың барлық облыстық орталықтар жабдықталған:

1) келесі облыс орталықтары 4g (LTE) желілер коммерциялық пайдаланыға қосылды: Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау.

2) облыс орталықтарын қамтуды қамтамасыз ету үшін пилоттық-коммерциялық аумақтар қосылды: Тараз, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Орал, Көкшетау және Талдықорған.

2014 жылы 50 000 астам адам тұратын барлық 29 елдімекен 4g (LTE) желілерімен қамту қамтамасыз етілді.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша LTE абоненттерінің саны 465 351 құрады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында базалық станцияларын монтаждау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.


118.

«МобильныйPostman» жобасын іске асыру

ИДМ-ге ақпарат

«Қазпочта» АҚ (келісім бойынша)

2013 – 2014 жылғы 4-тоқсан

ЕДБ қарыздары










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет